facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/d88/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/d880c69b9f65650d1eb7be4ef7badc3d.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
burabayda-y-demalys-zhayly-7-ona-y-men-ona-y-keshender
logo
Бурабайдағы демалыс: жайлы 7 қонақ үй мен қонақ үй кешендері

04.06.2022

Бурабайдағы демалыс: жайлы 7 қонақ үй мен қонақ үй кешендері

Kazakhstan International Tourism Organization туристік агенттігімен бірге саяхат кезінде тоқтауға болатын Бурабайдағы қонақ үйлер жайлы айтамыз.


Wyndham Garden Burabay, @wyndhamgardenburabay


Wyndham Garden Burabay.jpg

Wyndham — әлем бойынша ірі қонақ үйлер желісі. Бурабайдағы жаңа қонақ үй 2021 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс жасайды. Мұнда іскерлік кездесулерге арналған конференц-залдар, кішкентай келушілер үшін балалар алаңы, коктейль кештері өтетін караоке-клуб та бар. Жақын арада лаунж-бар ашуды жоспарлауда.

Қонақ үйдің тағы бір ерекшелігі — емдік-сауықтыру кешені. ЕСК-та басты назарды детоксқа аударады, организмді тазалауға арналған арнайы бағдарламалар, массаждық кабинеттер мен балшық ванналар бар. Финдық саунасымен SPA, түркиялық хамам мен бассейн де бар.


Terrassa Park, @terrassapark


Terrassa Park.jpg

Үлкен Шабақты көлінің жағасында орналасқан шипажай қонақ үйі. Атауына сай әдемі көрініс ашылатын террасасы бар, жанында серуендеуге арналған қайың тоғайы. Балалардың иелігінде Kids Park бөлмесі мен аумақта орналасқан ойын алаңы.

Кешен тұтас SPA-аумақпен ерекшеленеді, онда болуға тек екі сағат беріледі. Осы уақыт аралығында үш сауна, хамам, джакузи мен купль, бассейнді аралап үлгеру қажет. Екінші қабатта бет және дене терісінің күтіміне арналған массаж кабинеттері бар. Персоналдың қонақты жайлы күтуін атап өткен жөн.


Kokshebel


Кокшебель.jpg

Өз жағажайы бар қонақ үй кешені. Аумағында ағаш қонақ үйшіктері мен тұруға арналған коттедждер бар. Караоке мен бильярд залы да бар.

Ішінде финдық монша мен хамам, массаж кабинеттері, косметологиялық және емдік-сауықтыру процедуралары бар SPA-кешен қызмет көрсетеді. Кешенге барғаннан кейін ағылшын пабында демалуға немесе беседкада тамақтануға болады.


Бурабай GREEN Which, @borovoe.greenwhich_tourist


Бурабай GREEN Which.jpg

Қонақ үй 2017 жылдан бері жұмыс жасайды. Қонақ үй Бурабай көлінен 100 метр қашықтықта орналасқан. Кешен аумағында жазғы беседка мен мангалдар бар. Көп адамдар тобы үшін қонақ үйде тұруға мүмкіндік бар.

Велосипедті жалға алуға болады, балаларға үлкен батут орнатуда. Сондай-ақ қонақ үйде кішігірім сауна бар.


«Глория»


Глория.jpg

Қонақ үй 2005 жылдан бері туристерге өз қызметтерін ұсынып келеді. Қонақ үйдің орналасуы шипажайдың барлық мүмкіндіктерін туристерге пайдалануға жағдай жасайды. Қабырғаларда үлкен бөлігі итальян, француз, ағылшын және неміс тілдерінде жазылған алғыс сөздер мен ұсыныстар ілінген.

Қонақ үйде SPA бар. Қонақтарға фин саунасы, гидромассажды бассейн мен автоматты түрде толатын қауға шелек ұсынады.


Konfort Hotel Burabay


Konfor Hotel Burabay.jpg

Қонақ үй Бурабайдың орталығында орналасқан. Қонақ үйде бардың үш түрі бар, атауы Caprice: биге лаунж-бар, музыкальдық кештерге караоке-бар және тікелей эфирлер мен матчтар көруге арналған спорт-бар.

Қонақ үйдің ерекшелігі аумағында ағаш монша болуы. Сонымен қатар кішігірім бассейн мен демалыс бөлмесі бар.


«Нұрсат»


Нурсат отель.jpg

Қонақ үй «Береке-Бурабай» қонақ үйлер желісіне кіреді, «Береке» шипажайы, «Әлем» мен «Әлем Плюс» қонақ үйі де жатады.

Қонақ үй көлге жақын жерде орналасқан. Қасында жағажай, орталық базар мен зоопарк та бар. Қонақтардың иелігінде аквапарк пен үлкен қыздырылған жабық бассейн.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.