Қарағандыда болашақ дәрігерлер мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті құралдар жасап жатыр. Медициналық университетте ашылған техникалық-шығармашылық зертханасындағы ынталы студенттер өз идеяларын жүзеге асыруда. Жоғары оқу орны оқушыларынан құрылған бұл топ кәсіпкерлік жобаларды қолға алмақ. Мына адымдайтын арбаны зертхананың шеберлері қимылсыз қалған адамдарға арнайы жасап шығарды. Олар мүгедек арбасына өзге адамның көмегінсіз мініп түсетін қондырғыны орнатты. Өнертапқыштардың айтуынша, бұл қондырғы болашақта қолданысқа енсе, мүгедектерге өте қолайлы болмақ. Қазір олар осыны мақсат етіп, өндіріс орындарымен қарым-қатынас орнату мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.
Дерек көзі: 24.kz