Аязбек Советбеков, 26 жаста, туған жері — Семей
Мен 2016-2017 жылдары Ұлыбританияда Лестер қаласында Лестер университетінде «Маркетинг» мамандығы бойынша магистратурада оқыдым. Мен маған тағы қосымша білім керектігін сездім, өйткені бірінші мамандығым — қаржы. Бірақ барлық мансабымда маркетинг салаында жұмыс істедім, теориялық білімімнің аздығын сездім. Жаңа жылдан кейін, 2016 жылдың қаңтарында «Болашақ» сайтында талаптар мен мүмкіндіктерді қарап шықтым. Сол жылда 3 ағым болатынын білдім. 2016 жылы кетіп қалу үшін, бірінші ағымға түсу керектігін түсіндім. Бірнеше категориялар болды, маған ең тиімдісі «өз бетімен түскендер» болды. Ол үшін оқуға түсіп, «Болашак» бағдарламасының тізімінде бар университетердің біреуінен шақырту болу керек. Мен бірнеше мықты университеттерді тандап, құжаттарымды тапсырдым. Бастысы IELTS нәтижесі болды, жақсы университетке түсу үшін кемінде 6,5 балл алу шарт. Сонымен қатар, мотивациялық эссе жазып, университеттен немесе жұмыстан мінездеме алып, сауалнама толтырып, жауап күту керек болды. Мен төрт университеттен жауап алдым, оның ішінен сабақтары жағынан ұнаған және болашақта керек білімімді беретін университетті таңдадым.
Қазір жұмыс іздеудемін, халықаралық компанияда жұмыс істеймін деп шештім.
Ең қиыны «Болашак» бағдарламасының іріктеу тәртібі болды. Ол кезде бірнеше кезең болды. Бірінші — сауалнама тапсыру, екінші — ағылшын тілін тапсыру, үшінші — мемлекеттік тілді бүлу деңгейін анықтайтын емтихан, одан кемінде 50% алу керек. Келесі кезең — IQ, ең соңғысы — сараптама комиссиясымен сұхбаттасу. Бұл сұхбатта 50% үміткерлер ғана өтеді, өйткені өзінің мотивацияларын, өз елдеріне қандай пайда әкелетінің түсіндіре алмайды. Оны дәлелдеп шығу керек. Қосымша Қазақстан Конституция және тарихы бойынша сұрақтар қояды. Мен қаңтардың ортасында дайындықты бастадым, ал мамырда сұхбат болды. Нәтижелері маусым айында белгілі болды. Мен барлығынан сәтті өттім.
Қазақстанға 2017 жылдың тамыз айында оралдым. Келгенне кейін, жеке шаруаларыммен айналыстым, үйлену тойыма дайындалдым. Қазір жұмыс іздеудемін, халықаралық компанияда жұмыс істеймін деп шештім. Шетелде алған білімім көмектесуде, өте көп компаниялар сұхбатқа шақыртып жатыр. Мен көптеген сұхбаттарға барып, емтихандар тапсырдым. Халықаралық компаниялар жұмыс тәжірибиене сүйенеді, ал білімін — ол қосымша бонус ретінде ғана.
Сонымен қатар, мен «Болашак» бағдарламасына мынандай компанияда жұмыс істегім келеді деп айтсам, олар сол компанияға ұсыныс хатын жібере алады. Апта сайын «Болашак» бағдарламасы поштамызға қандай да бір компаниялардың бос орындары жайлы ақпарат жібереді.
«Болашақ» стипендиянты Қазақстанда мамандығы бойынша бес жыл жұмыс істеуі тиіс. Халықаралық компанияларда, олар Қазақстанда тіркелген жағдайда жұмыс істей алады.
Жамиля Әзілқиясова, 37 жаста, Туған жері Семей, Нью-Йорктегі Logic Planing Group аккредиттелген тәуелсіз қаржылық кеңесшісі, Simba school тілдер мектебінің меңгерушісі
«Болашақ» стипендиясына мақсатты түрде келдім. Мен өз-өзіме жұмыс істейтін болғаннан кейін біліктілігімді арттыруды жөн көрдім. 3 рет түсіп көрдім: бірінші ретте күйеуіммен, бірақ өтпедік, түскенше дейін тапсыра беремін деп шештім. 2013 жылы маған стипендия тағайындады, бірақ бала туғандықтан бара алмадым. Академиялық демалыс алып, 2015 жылы кеттім. Мен Николай II атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Кәсіпкерлік және коммерциялық құқық» мамандығы бойынша магистратураны 2017 жылы бітірдім. Мен отбасылы адаммын, Мәскеуді, үйіме жақын болғандықтан таңдадым.
Осылайша, оқуымның бірінші жылынан кейін Астанада жастардың қаржылық сауатын дамыту мақсатында тілдер мектебін аштым.
Түсу шарттары барлығына бірдей. Бірақ, 3 жыл бұрын стипендия тағайындау реформасы өзгерді, ауыл жастары мен мемлекеттік қызметкерлерге квоталар бөлінді.
Академиялық оқуда болғанымда, МГИМО бизнес-клубтарына қатысып, стартаптарды қарастырып жүрдім. Сонымен қатар, «Сколково» Мәскеу қаржы мектебінің белсенді қатысушысы болдым. Ол жерде кәсіпкерлерді 14 жастан дайындайды. Мен мұны Қазақстанға әкелгім келді. Осылайша, оқуымның бірінші жылынан кейін Астанада жастардың қаржылық сауатын дамыту мақсатында тілдер мектебін аштым. Ол кезде, дәл қазіргідей мен «Сбербанкте» жұмыс істейтінмін.
«Болашақ» менің көзіме құнды, өйткені материалдық және техникалық жағынан қамтамасыз етілесің, жақсы стипендия бар, еш уайымсыз ғылыммен айналыса аласыз. Степендия оқитын елдегі орташа жалақыға тең. Мен жатақханада тұрдым. Өте қызықты болатын, өйткені, мен шетелдіктердің жатақханасында болдым. Ол жерде Қазақстан, Монғолия, Гвинеи, Оңтүстік Африка, Қытай, Вьетнамнан келген адамдар да болды.
Аслан Мухаметкалиев, 24 жаста, туған жері — Алматы қаласы
Мен 2016 жылы «өз бетімен түскендер» категориясы бойынша түстім. Application өзім толтырдым, содан кейін университет мақұлдап, мені қабылдады. Осыдан кейін «Болашақ» бағдарламасына грант берілерін сұрап, құжаттарымды тапсырдым. Екі университетке тапсырған болатынмын, екеуінен де жауап келді. Бірақ, Ұлыбританиядағы Лестер университетін тандадым.
«Болашақ» бағдарламасына түскен кезде ең алдымен сіздің сәйкес келетініңізді тексеру үшін құжаттар тапсыру керек, егер қабылдаса екі емтихан тапсырып, сұхбаттасасыз. Мен үшін ең қиыны тәуелсіз тексерушілер болды. Бұл кезеңде барлығы сасқалақтайды, мен сұхбаттан «өтпедім» деген оймен шықтым. Бірақ, нәтижелерді көргенімде өткеніме қатты қуандым. Содан кейін, «Болашақпен» келісімшарт жасалады, оған сәйкес жылжымайтын мүлікті кепілге қалдыру керек. Мүлік сізге тиесілі ме, жоқ па, маңызды емес. Егер сіз Қазақстанға оралмасаңыз және белгіленген мерзімде жұмыс істемесеңіз, сізге ақшаны қайтару керек боласыз.
Грантқа университетте оқу құны кіреді, ай сайын $ 1,900 стипендия беріледі.
Грантқа университетте оқу құны кіреді, ай сайын $ 1,900 стипендия беріледі. Оған қосымша Әрбір жарты жылда — әр семестрдің басында оқу материалдары үшін 450 доллар береді.
Мен 2017 жылы «Бизнес Аналитика» және «Қаржы» мамандығы бойынша магистратураны бітіріп, 16 қыркүйекте Қазақстанға келдім. Мен жұмыс іздеуге асықпадым, аздап демалып, туыстарыммен кездесіп, Қазақстанға экскурсия жасағым келді. Бұдан кейін мен Астанаға келіп, осында жұмыс іздеуді шештім.
«Болашаққа» дейін өндірістік компанияда жұмыс істедім. Бірақ, теорияны туралы көбірек білгім келді. Болашақта бизнес жүргізуді жоспарлап отырмын.
Жақында «Болашақ» компаниясы ұйымдастырған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі болды. Мен оған қатысып, бірнеше компанияға түйіндеме бердім. Біреуіне тесттен тапсырдым, бірақ өтпедім. Негізгі мәселе - бұл салада тәжірибем жоқ.
Сапаров Қайрат, 29 жаста, туған жері - Орал, Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің сыртқы байланыстар жөніндегі директордың орынбасары
«Болашақ» стипендиясы бойынша 2014 жылы оқуға түстім. 2014 жылдың мамыр айында мен әйеліммен бірге Иллинойс штатында тіл курстарын оқыдым. Ал, кейін Аризонада 2 жыл магистратураға оқуға түстім. Біз осы жылдың мамыр айында қайтып келдік.
Мүлікті кепілге қалдыру қажет болғандықтан, ипотека ретінде неге шығуға болатыны туралы сұрақ туындады, өйткені сол кезде баспанам ипотекада болған еді. Сол кезде мен Ақмола облысында Ақкөл ауданы, Еңбек ауылында «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жүрдім.Ол жерде көптеген жеке үйлерде газ жылыту болмағандықтан, үйлер арзан. Үш жыл бойы тұрақты мектепте мұғалім болып жұмыс істегенім қатты көмектесті. Мен 100 000 теңге тұратын үйді тауып, оны сатып алып, өз атыма тіркедім. Осы үйді кепілге қалдырдым.
Мен оқыған мамандық — Masters in Education, ал бағдарлама — Educational leadership деп аталатын.
«Болашақ» - бұл армандаған еліне бару мүмкіндігі
«Болашақ» - бұл армандаған еліне бару мүмкіндігі. 2009 жылы мен «Болашақ» бағдарламасы бойынша өтпедім, Шотландиядан басқа категория және шақыру алдым. Содан кейін, мен Штаттарға барғым келетінін шештім. 2009 жылы оқуға түспей, 1 жылға емес, 3 жылға оқуға барғаныма ризамын. Бұл әлемді, елді көрудің керемет мүмкіндігі. Сіз мақсаттарыңызды түсіне бастайсыз.
Шетелде дипломмен, Қазақстанда ешкімді таңқалдыра алмайсын. Бірақ, бұл сізге артықшылық береді, өйткені сіз басқалардан гөрі биік болып тұрасыз. Сол себепті, мен сонда жұмыс істеп, шетелдік диплом алсам, жұмыс берушілер маған басқаша қарайтын деп ойлаймын.