facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
biznes-keys-aza-standa-o-t-st-k-koreyada-t-rkiyada-zh-ne-ba--de-zh-mys-steyt-n-kompaniyany-alay-ru-a-bolady
logo
Бизнес-кейс. Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Түркияда және БАӘ-де жұмыс істейтін компанияны қалай құруға болады

25.07.2023

Бизнес-кейс. Қазақстанда, Оңтүстік Кореяда, Түркияда және БАӘ-де жұмыс істейтін компанияны қалай құруға болады

CodiPlay стартапы Қазақстан мен Оңтүстік Кореяда жұмыс істейді, сондай-ақ Түркия мен БАӘ-де сынақ сатылымдары бар. Жобаның негізін қалаушы жаңа нарықтарға шығудың негізгі кезеңдері туралы айтып, ақыл-кеңесімен бөлісті.

Жанадил Талдыбаев, 27 жаста, қаласы — Алматы, CodiPlay негізін қалаушы және бас директоры, CEO Kazmedikor, @zhanadilt


1683825868_2ceae1.jpg


Барлығы қалай басталды


Кәсіби деңгейдегі кәсіпкерлік қызметімді 2015 жылы бастадым. Мен бірінші жобамды Оңтүстік Кореяда студент кезімде құрған едім. Медициналық туризмнен үлкен мүмкіндіктерді көрдім. Сол уақытта жақындарыма осы елде емделу керек болды. Бұл кейінірек бизнес идеяға әкелді. Біздің команда IT-технологияларды медицина саласында қолдануға баса назар аударды.

Кәсіпкерлік даму кезеңінде біз кадр тапшылығын сезіндік. Сондықтан мамандарды ерте бастан тәрбиелеу идеясы туды. Балаларға ұялы қосымша арқылы бағдарламалауды үйренуге көмектесетін CodiPlay жобасы осылай дүниеге келді.

Жоба жайында


CodiPlay жобасының идеясы — IT-білімді барлығына қолжетімді ету. Смартфонның көмегімен ойынға негізделген балалар бағдарламалауды үйреніп, алған білімдерін іс жүзінде қолдана алады. Олар сонымен қатар әртүрлі IoT жобалар жасайды. Бұл олардың техникалық саладағы құзыреттілігін арттырып, болашақта кәсіби маман болуға мүмкіндік береді.

Өнімнің мақсатты аудиториясы — сегіз жастан асқан балалар, дегенмен олар алты жастан бастап-ақ қосымшаны түсіне алады. Біз 3-11 сынып оқушылары үшін бағдарлама жасадық. Балалар ойындардан өтіп, пәндерді меңгере алады.

Сондай-ақ мұғалімдерге арналған web-ресурс бар. Оның мақсаты — дағдыларды жетілдіру және оқу процесін бақылау. Мұғалім нақты уақыт режимінде оқушының үлгеріміне онлайн қол жеткізе алады. Егер бұрын балалар үйде компьютер болмағандықтан үй тапсырмасын алмаса, қазір бұл мәселені ұялы телефондар шешеді.

Қазіргі уақытта платформаға 19 мектеп қосылған. Оның 16-сы — Қазақстанда, тағы 3-уі — Оңтүстік Кореяда. Қазірдің өзінде Алматыдағы 125-тен астам мектептен алдын ала тапсырыстар және Дубай мен Анталияда сынақ сатылымдарына сұраныстар бар.

Стартапта 15-тен астам қызметкер бар. Команда құрамында білім беру мазмұнын әзірлейтін IT мамандары, өнім менеджері, жоба менеджері, PR маманы, маркетолог және информатика мұғалімдері бар. Ай сайынғы кіріс шамамен 25 000 долларды құрайды.

Халықаралық нарыққа қалай шығуға болады


Егер жоба қандай да бір мәселені шешсе және бұл шешімді географиялық орналасуына қарамастан масштабтауға болатын болса, халықаралық нарықтарға шығуға болады. Ол үшін кіру шарттарын біліп, мақсатты аудиторияны таңдау керек. Сондай-ақ жергіліктендіру де қажет.


Бірінші кезеңде ​​аудиторияны және пайдаланушыларды анықтап алуыңыз керек


Бізге нетворкинг көмектесті. Бұл үлкен мүмкіндіктер береді. Өніміңіз қаншалықты керемет болса да, кімнен сұрау керектігін білмесеңіз, құндылықты жеткізе алмайсыз. Ал бұл халықаралық нарыққа шыққандағы ең маңыздысы. Адамдар ұсынысыңызды мұқият тыңдап, маңыздылығын түсінуі қажет. Бұл ұсыныстарды қажет етеді. Сондықтан нарыққа шыққанда шешім қабылдайтындарды анықтау керек. Олар сізге көмектесе алады.

1683825856_d38735.jpg


Алғашқы Kazmedikor компаниясының жақсы нәтижелерінің арқасында біз Оңтүстік Кореяда ұсыныстар жинап, байланыс орнаттық. Бұл осы елдің оқу орындарында CodiPlay әзірлеуін енгізуге көмектесті және жобаны жүзеге асыру процесін жылдамдатты.

Бірінші кезеңде ​​аудиторияны және пайдаланушыларды анықтап алуыңыз керек. Екінші кезең — оларға өз өніміңізді қалай көрсету керектігін түсіну. Біздің жағдайда бұл B2G сатылымдары және жергілікті реттеушілер болды. B2C-де аудиторияға негізгі хабарламаларды жеткізу үшін маркетингіге көбірек көңіл бөлу керек.

Үшінші кезең — өнімді жергілікті нарыққа бейімдеуді үйрену. Пайдаланушылардың ортақтығына қарамастан, олардың қабылдауы әртүрлі болуы мүмкін. Мұнда мәдени, лингвистикалық және басқа да ерекшеліктер рөл атқарады. Сондықтан «үй тапсырмасын» орындап, әлеуетті тұтынушыларды егжей-тегжейлі зерделеуіңіз керек.

Нәтижелер туралы


CodiPlay 10 000 000 долларға бағаланады. Үш жылдан кейін 100 000 000 долларға жетуді жоспарлап отырмыз. Негізгі стратегиялық мақсат — «Кербезмүйізге» айналу.


Жоспарлары туралы


Біз мемлекеттер IT-білімді дамытуға үлкен көңіл бөлетін MENA елдеріне бағытталдық. Бізді қызықтыратын екінші әлеуетті нарық — ТМД елдері, себебі бұл елдерде білім беру жүйесі Қазақстандағыдай. Жергілікті компаниялар танысып, пікір білдіру үшін Өзбекстанға үлгілерін жібердік.

Біз ең аз қарсылық жолын ұстанамыз. Өзіміз білетін нарықтарға шығамыз. Жабық есікті қағуға тырыспаймыз, тек олар ашық тұрған жақтарға барамыз. Өйткені кез келген стартапты құрудың ерекшелігі — жылдамдық пен икемділік.

Оңтүстік Кореяда бәрі жақсы әрі тез өтті, өйткені кәрістер біздің өнімге қызығушылық танытады. Өзбекстан, БАӘ және Түркияда да осындай жағдай. Бұл елдердегі мектепт ер өз мекемелерінде CodiPlay іске қосуды бастап кетті.

Ақыл-кеңес


Нарықты анықтаңыз және оған не үшін кіргіңіз келетінін түсініңіз. Әлеуетті пайдаланушыларды және оларға жету жолдарын зерттеңіз.

Нарыққа шығу үшін қажетті ресурстарды бөліңіз. Жобаны іске қоспас бұрын, өз күшіңізді жан-жақты бағалаңыз.

Дұрыс байланыстарды табыңыз. Себебі сіз жаңа нарықта бейтаныс компаниясыз. Сізді шындап қабылдамауы ықтимал. Өніміңізді жергілікті қауымдастыққа таныстыратын жергілікті серіктестер іздеңіз. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген, сондықтан мен шетелдік нарыққа жалғыз шықпаңыздар дер едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.