ҚХР Елшілігі жанындағы визалық орталық
Визалық орталықтың маманы
Қала: Нұр-Сұлтан
Жалақысы: 200 $ — 1000 $
Жұмыс тәжірибесі: 1 — 3 жыл
Міндеттері:
— визалық сұрақтар бойынша кеңес беру
— рұқсатнаманы рәсімдеу үшін құжаттарды қабылдау
— рұқсатнама сауалнамаларын өңдеу және басу
— елшіліктен/ке құжаттарды жіберу және алу
— елшілікпен байланысу және рұқсатнама процесіне қатысты елшіліктің талаптарын сақтау
Талаптары:
— рұқсатнаманы рәсімдеу үшін құжаттармен жұмыс істеу тәжірибесі
— визалық қолдау саласы бойынша тәжірибелі білімге ие болу
— жоғары білім
— жауапкершіліктің жоғары деңгейі, зейінділік және жұмысқа жүйелі түрде қарау, атқарлған жұмыстың нәтижелерін талдай білу, құжаттамаларды жүргізуде ұқыпты болу, байланысқа бейімділік, құпиялылық және нақтылық.
Шарттары:
— толық жұмыс күні, 5/2
— 200 $ бен 1000 $ аралығындағы жалақы.
Байланыс телефоны: 8 701 877 00 77
Толық ақпарат.
КОТРА, Корея Республикасы Елшілігінің коммерциялық бөлімі
Сату жөніндегі менеджер
Қала: Алматы
Жалақысы: сұхбаттың нәтижесі бойынша анықталады
Жұмыс тәжірибесі: 1 — 3 жыл
Міндеттері:
— корей компаниясының экспортын толық циклді қадағалау
— өнімді және нарықты маркетинг тұрғыдан зерттеу
— корей компанияларының маркетингтік стратегиясы мен әдістерін әзірлеу
— корей компанияларының потенциалды клиенттерін іздеу
— казақстандық және корей компаниялары арасындағы келіссөздерді ұйымдастыру
— жүйелі түрде жергілікті сатып алушылармен кері байланысты орнату және корей компанияларына алдағы әрекеттердің алгоритмін жіберу
— корей компаниялардың ескі клиенттерін ұстап, жаңаларын тарту.
Талаптары:
— жоғары білім, MBA дәрежесі құпталады
— ағылшын тілінің advanced деңгейіндегі білімі
— базалық кәріс тілін білу — 2 және одан жоғары деңгейдегі TOPIC сертификаттарының болуы құпталады
— EQ дамыған деңгейі, корей іскерлік менталитетінің, сонымен қатар коммуникациялар мәдениетінің қағидаларын ұғыну
— коммуникация дағдыларының жоғары деңгейде болуы
— алуан түрлі жобалардағы бизнес-процестерді жүйелі түрде елестеу
— ДК тәжірибелі пайдаланушысы
— ppt, Prezi және басқа бағдарламалардағы презентациялар мен инфографикаларды дайындай білу
— тәжірибелік маркетинг және сату салаларында 2 жылдан астам жұмыс тәжірибесінің болуы
— ТМД елдеріне және Корей Республикасына іссапарларына дайын болу.
Шарттары:
— жұмыспен толық қамылу
— жұмыстың басы: тамыз айының ортасы
— құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі: 13 тамыз сағат 17:00
— сынақ мерзімі — үш ай.
Баланыс телефоны: 223 232
АҚШ елшілігі
Америка түкпірлерінің үйлестірушісі
Қала: Нұр-Сұлтан
Жалақысы: жылына 19 379 $
Жұмыс тәжірибесі: 3 жыл
Міндеттері:
— Қазақстан бойынша америкалық түкпірлерді және орындарды қадағалап, жетекшілік ету
— қызметтерін үйлестіру
— түкпірлердегі үйлестірушілерді оқыту
— келушілердің статистикасын жүргізу, есептерді дайындау.
Талаптары:
— үш жылдан астам жетекшілік тәжірибенің және білім беретін, мәдени мекемелерде жұмыс істеу тәжірибесінің болуы
— гуманитарлық ғылымдар, білім беру, әлеуметтік ғылымдар, халықаралық байланыстар, информатика, американдық зерттеулер, ағылшын тілі, шетел тілі, іскерлік әкімшілік, басқару, кітапхана ісі немесе тарих салаларында магистр дәрежесінің болуы
— ағылшын, қазақ және орыс тілдерін білу.
Шарттары:
— толық күн, аптасына 40 сағат
— ұзарту/тоқтату мүмкіндігі бар 6 айлық жұмыс
— бос орын 15 тамызға дейін ашық.
Байланыс телефоны: 702 323, AstanaHR@state.gov
Толық ақпарат.
Motor Pool Clerk
Қала: Нұр-Сұлтан
Жалақысы: жылына 10 815 $
Жұмыс тәжірибесі: 2 жыл
Міндеттері:
— автомобиль паркі инспекторының бақылауымен әкімшілік және кеңсе функцияларын орындау
— DriveCam бағдарламасын басқару
— барлық қызмет автомобильдерінің жөндеу жұмыстарын және сақтық шараларын басқару
— барлық қызмет автомобильдерінің қажетті құжаттарының жағдайын тексеріп отыру.
Талаптары:
— материалды-техникалық қамтамасыз ету саласында екі жылдық әкімшілік тәжірибенің болуы
— B дәрежесіндегі жүргізуші куәлігінің болуы
— орта білім
— ағылшын тілінің білімі және орыс тілінде еркін сөйлеу.
Шарттары:
— толық күн, аптасына 40 сағат
— ұзарту/тоқтату мүмкіндігі бар 11 айлық жұмыс
— бос орын 8 тамызға дейін ашық.
Баланыс телефоны: 702 323, AstanaHR@state.gov
CN Program Advisor
Қала: Нұр-Сұлтан
Жалақысы: жылына 25 183 $
Жұмыс тәжірибесі: 2 жыл
Міндеттері:
— Counternarcotics бағдарламасының кеңесшісі қызметтерін атқару, HQ CENTRAL COMMAND міндеттерін нәтижелі түрде орындау
— есірткінің заңсыз айналымына, халықаралық террористік ұйымдар мен есірткі саудасымен байланысты басқа да қауіпті ұйымдарға қарсы операцияларды өткізу / қолдау
— серіктестер арасындағы байланысты қолдау және жетекшілік ету
— есірткімен күресті басқару бойынша сарапшы қызметін атқару
— Counternarcotics бағдарламасының директоры болмаған кезде, міндеттерін өз мойнына алып, бюджетті басқару.
Талаптары:
— құқық қорғау органдарында есірткіге қарсы жұмыс бойынша үш жылдан артық жұмыс тәжірибесінің болуы
— жүргізуші куәлігі
— ғылымдар бакалавры дәрежесінің болуы
— ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде еркін сөйлеу
Шарттары:
— толық күн, аптасына 40 сағат
— ұзарту/тоқтату мүмкіндігі бар 9 айлық жұмыс
— бос орын 8 тамызға дейін ашық.
Байланыс телефоны: 702 323, AstanaHR@state.gov
Толық ақпарат.
Суреттің дереккөзі: visahelp.kz, Indonesian.Embassy.ASTANA