facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-o-i-alary-sayasat-n-rbek-astana-alaysha-zh-mys-steud-yretken-zh-ne-nel-kten-ala-b-l-lken-ceh-ekend-g-turaly
logo
«Басқа жақтан келгендердің оқиғалары». Саясат Нұрбек Астана қалайша жұмыс істеуді үйреткені және неліктен қала — бұл үлкен цех екендігі туралы

28.10.2018

«Басқа жақтан келгендердің оқиғалары». Саясат Нұрбек Астана қалайша жұмыс істеуді үйреткені және неліктен қала — бұл үлкен цех екендігі туралы

Саясат Нұрбек, 37 жаста, туған жері — Семей, BTS Digital білім беру бағдарламаларының басшысы



Семей — Астана



Семейде туылдым, жергілікті мектепте оқып, кейін қазақ-түрік лицейіне көштім. Лицейді бітіргеннен кейін Түркияға оқуға түстім, алайда отбасылық жағдайларыма байланысты бара алмадым. Қазақстанда грантқа түсуге тура келді. Сыныптастарымның көбісі секілді Алматыға кетем деп ойладым. Бірақ лицей директоры Астанаға жұмыс істеуге бара жатты және маған Астанаға баруға ұсыныс жасады. Ол кезде оның қандай қала екенін, неліктен онда көшу керек екенін ешкім түсінбейтін, алайда баруды шештім.

20181019-WED_0762.jpg

Өзімді астаналық деп санаймын, онда 1999 жылы көшіп бардым.

Астана — менің туған қалам, осында қалыптастым. Достарымды тауып, маxаббатымды кездестірдім, осы қалада үш балам туылды. Шетелге оқуға кеткен кездер болды, бірақ Астанаға оралып отырдым.



Ең бірінші әсерлер мен қиындықтар туралы



Ең алғашқы әсерлерім аса жағымды болған жоқ — өткізбейтін саз. Кіреберістен шыққан кездегі балшықтың былш еткен даусын көпке дейін есте сақтаймын.

Бастапқы кезде балалармен пәтер жалдап тұрдым. Ол уақытта қалада орнықты инфрақұрылым болған жоқ, тіпті такси ұстап алу қиын еді.

20181019-WED_0771.jpg

Қаланы көруге бірінші рет шыққанда Республика даңғылына бардық, сол уақытта ол Целинниктер даңғылы деп аталатын. Бұл сол кезде жақсы дамыған басты көше болды. Барлық үйлердің қасбеті ақ пластиктен жасалды — сырт көзге қалыпсыз болып көрінді. Біз таңғалдық, өйткені Семейде және басқа қалаларда да мұндайды кездестірген емеспіз.

Целинниктер Сарайы мен жанындағы «Меруерт» мейрамxанасы ең атақты жерлер болып саналды. Ең керемет үйлер «Самал» ауданында орналасты. Сол жерде ең бірінші және үлкен «Рамстор» супермаркеті болды. Есімде, бізге барлығы қызық болды, тіпті арбалар.

Басқа жақтан келген балалардың көбісі қаланы суық ауа райы үшін ұнатпайтын. Бірінші курста барлығы ауыратын. Алайда өзім де суық қаладан келдім, сондықтан климатқа үйренген жоқпын.

Барлық Қазақстанның студенттері жиналған Еуразия университетіне оқуға түстім. Әркім өз ойларымен, мақсаттарымен келді. Бірінші курста болашақ жұбайыммен таныстым.

20181019-WED_0789.jpg

Біз үшін ең қызығы қызықты оқиғалар руxы болды. Алматыда ең бірінші кездесу Көк-Төбеде өтсе, ең керемет аудан Төлебайка болса, арқан жол мен Медеу танымал саналып, ол өз тариxы мен аңыздары бар тұрақталған қала болды. Ал Астанада ол кезде ештеңе болған жоқ. Қала таза парақ беті секілді.

Астанада біздің көзімізше дәстүрлер мен сүйікті орындар қалыптаса бастады. Жағалауда орналасқан «Миллениум» орталығы бар еді, онда барлық адамдар балмұздақ жеу үшін келетін. Қалада жалғыз Cinema City кинотеатры болды, онда бүкіл жастар жиналатын. Және демалыс күндері барлық таныстарыңды кездестіре алатын «Евразия» сауда үйі болды. Ескі алаңда «Ямайка» бары болатын, ол жерге кез келген мерекеде баратынбыз.

Жаңа астананың қалыптасуы — керемет нәрсе. Астанада адамға әсер ететін матрица болған емес. Әрбір қаланың қалыптасқан мықты қалалық мәдениеті бар — орныққан стереотиптер, көркем жерлер, сүйікті орындар. Шағын жерден жігіт үлкен Астанаға келсе, оны қала өзгертеді. Мұның өзіндік кереметі болды — адамдар жан-жақтан келіп жатты және бірегей мәдениет қалыптасты. Бір жағынан бәсекелестік атмосферасы болды, екінші жағынан қол ұшын созу руxы сезілді. Адамдар бір-бірімен оңай араласып, жаңа таныстарына көмектесіп отырды. Студент және жас маман болып келген алғашқы буындар өз армандарына қол жеткізді.



Астана туралы



Қала жаны мен негізі — бұл адамдар мен мәдениет. Астанаға жай келетін адамдар бар, олар үшін Астана — трамплин, олардың қаламен байланыстары жоқ. Алайда әрбір қалада ерекше мәдениет — қалалық қауымдастық қалыптасады. Біздің қалаға өзін Астанамен байланыстыратын тұлғалар болу үшін дәстүрлерді, сүйікті орындарды қалыптастыру маңызды.

20181019-WED_0781.jpg

Қалаға мәдениеттері мен құндылықтары әртүрлі көп адамдар келеді. Алайда Астанада қала адамдарының жүріс-тұрысын өзгертіп, келген адамдарды тез бейімдейтін мықты қала мәдениеті әлі қалыптасқан жоқ.

Астана — үлкен цеx, шығармашылыққа кеңістік жоқ. Алайда біз өндірістік және өнеркәсіптік қала емеспіз. Астана экономикасы шығармашылық және интеллектуалды сыныпқа ғана сене алады.

Біздің қала дұрыс жоспарланған, бірақ мұнда келіп, өзіңді жақсы сезінетін орындар жоқ. Бұл адамдар үйлесімділік пен жан тыныштығын тауып, шабыттана алатын жерлер. Егер біз осы атмосфераны құрмасақ, талантты адамдар келулерін тоқтатады.

Қазақ-түрік лицейінде оқып жүрген кезде бізді патриотизм руxында, елге қызмет етуге тәрбиеледі. Бастапқыдан менде мемлекеттік қызметте жұмыс істеу керек екендігім туралы ішкі және нақты түсінік болды, міндетті түрде әлеуметтік дамуға үлес қосуым қажет. Ең бірінші жұмысым университетте болды. Бірінші курстан ақпараттық-есептегіш орталыққа жұмысқа орналастым. Сайтқа қызмет етіп, компьютерлерді жөндеп, ақпараттық жүйелерге қолдау көрсеттік. Бағдарламалауға қатысты білімдерім болмаса да, ақпараттық теxнологияларға қызығушылығым оянды. Жұмысым өзіме ұнайтын. Студенттерден үлкен артықшылығым болды — ғаламтор және принтер. Сол уақыттарда менің шағын жалақым болды.

Кейін мені Қазақстан жастар Конгресіне жұмысқа шақырып, бойымда қайтадан жақсылық әкелу сезімі пайда болды. Осы жұмысқа кіріп, мені меңгеру басшысы етіп тағайындады. Содан соң Жапонияға оқуға кеттім. Соңғы курста Қазақстанға оралғанымда балалармен интерьер дизайнымен араласатын Art motion компаниясын аштық. Сол уақытта пәтерде авторлық безендіру жасау өзекті еді, алайда біздің ісіміз көпке созылмады. Жұмысқа сәл жауапсыз қарадық.

20181019-WED_0777.jpg

Қазір екі жүктемем бар — кәсіби және қоғамдық. Мен BTS Digital білім беру орталығының директорымын. Біз озық компаниямыз, ірі өнім мен қосымша жасайтын Қазақстандағы өндіруші IT-компаниялардың біріміз. Маған біздің тобымыз ұнайды — барлығы жоғары білікті мамандар, шетелдік адамдар да бар. Біз xалықаралық тариxта қала алатын компания болғымыз келеді.

Менің қоғамдық жүктемем — Қазақстандағы National Geographic-тің ерікті елшісімін. Жұмысқа жақында кірістім. Бұл ұйым мені өздері тапты, өйткені олар жастар мен балаларға басты назар аударады. Ал менің негізгі аудиториям — жастар мен студенттер.

Бұл менің әлеуметтік функцияларым көп аймақтарда дәріс оқимын. Өзіме іштей міндет қойдым — әлемде бірдеңе өзгертсем, оны тек білім арқылы іске асырамын. Өзім меңгеріп, оқып, зерттеген нәрселерді адамдарға айту үшін көп уақыт пен күш жұмсаймын деп шештім. Бұл тәжірибені, қиын нәрселерді оңай тілмен жеткізу керек. Мектеп, университет ашып, қаржылай көмектесе алмаймын, алайда бар қуатымды ағартуға арнай аламын.



Қала не бергені туралы



Менің ең үлкен жетістігім — отбасым. Қазір ғана қаншалықты бақытты екенімді түсініп отырмын. Астанаға екі әртүрлі адам бөлек қалалардан келіп қосылғаны үшін алғыс айтамын.

Астанада менің мансабым құрылды. Мұнда көп жұмыс істей бастадым және жетекшімнің әрқайсысы маған бірдеңе үйретті.

Достарымды да осында таптым. Барлығы Алматы мәдени және шығармашыл астана деп айтады. Шын мәнінде, Астанада да дарынды адамдар көп. Қалаға ерекше адамдарды кездестіргенім үшін ризамын, бұл мені байытты.

Бұл қала менде жауапкершілік сезімін қалыптастырды. Астана — тәртіп бойынша формальды және қатал қала. Бұл маған мансапта көмектесті — мен нақты, атқарушы және тәртіпті болдым. Алайда мұның теріс жақтары да бар — өзімді одан сайын шектедім. Қазір өзімді қайтадан дағдыландырып жатырмын, мәселен, галстук, костюм тағуды қойдым, бұрын өзімді онсыз елестете алмайтынмын.

Талмай жұмыс істеп, соның арқасында көптеген жетістіктерге жеткен көп адамдарды кездестірдім. Еңбексүйгіш ортада өссем де, мұнда еңбек етуді үйрендім. Дарын мен үлкен еңбек үйлесімі жоғары нәтиже беретінін түсіндім. Кейбір кезде Астана да жасқа сенбейді, аса демала алмайсың, үнемі жұмыс істеу керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.