facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-g-mes-gakku-k-zembaeva-almatyly-tardy-elorda-y-adamdardy-m-deniet-n-zgertet-n-zhayynda
logo
«Басқа жақтан келгендердің әңгімесі». Гакку Күзембаева алматылықтардың елордағы адамдардың мәдениетін өзгертетіні жайында

15.05.2019

«Басқа жақтан келгендердің әңгімесі». Гакку Күзембаева алматылықтардың елордағы адамдардың мәдениетін өзгертетіні жайында

Гакку Кузембаева, 28 лет, туған қаласы — Алматы, дизайнер, @gakku_kuzembaeva

4.jpg


Алматы — Астана


Мен алматылықпын — Алматы қаласында туып өстім, мектепті де сол жерде бітірдім.

Мектепті бітіргесін, университетке түсу кезінде алдымда таңдау тұрды және мен Астанаға көшіп кеттім. Астана – гүлденіп жатқан жас қала деп ойладым және өз күшімді елордада байқап көруді қаладым.

Осылайша, 10 жыл бұрын оқу үшін Астанаға көшіп келдім, осында ешқандай таныстарым болған жоқ.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Көшіп келгеннен кейін, бастапқы уақытта дұрыс таңдау жасағаныма күмәнмен қарадым. Себебі Астана мен Алматының арасында үлкен айырмашылық болды.

Мысалы, Алматыдан кейін елорда тыныш қала болып көрінді. 10 жыл бұрын оның іші мүлдем бос болды. Мен Бейбітшілік және Келісім сарайының ауданында тұрдым және осында адамдар да, көліктер де аз болды. Мен тіпті жолда такси тоқтата алмадым, себебі олар мүлдем болған жоқ.

3.jpg

Астанада достарым да, таныстарым да, туыстарым да болған жоқ – бұл ең басты қиындық еді. Мен енді мектепті бітірдім және жалғыз өзім бейтаныс қалаға көшіп келдім. Мен үшін барлығы жаңадан болды.


Астана жайында


Қазіргі кезде, 10 жыл өткен соң, Астана мен үшін үлкен орын алады.

Осы уақыт аралығында қала қатты өзгерді. Енді Астана – бұл мегаполис. Бұл әлемдік оқиғалардың орталығы, осында әрдайым бірдеңе ашылып, пайда болады, құрылыстар жүргізіледі. Бұл жаңа ашылымдарға арналған жақсы алаң болып табылады.

Бұл әлемдік оқиғалардың орталығы, осында әрдайым бірдеңе ашылып, пайда болады, құрылыстар жүргізіледі


Бұрын көліктер болмаса, қазірде қалада үлкен кептелістер орын алады. Көшелерде көп адамдар жүреді. Қалада халықтың саны екі есе өсті дегенді білдіреді.

Адамдардың мінезі қаланың географиялық орнына, оның климатына, аймақтағы ауа-райына байланысты қалыптасады деп айтады. Астаналықтар туралы солай айтуға болады. 10 жыл бұрын адамдар біраз қаталдау, суық болды, көп сөйлемейтін. Бірақ қазірде осында еліміздің әртүрлі аймақтарынан келгендер көп. Астанаға көп алматылықтар көшіп келді, қала өзгерді және адамдары да өзгерді – әлдеқайда жылы шырайлы, ақжарқын бола бастады.

2.jpg


Жұмыс жайында


Мен мамандығым бойынша дипломатпын, халықаралық қатынастар факультетін бітірдім. Бұл салада біраз уақыт жұмыс істедім, бірақ шығармашылыққа жақынырақ екенімді түсіндім, өзіндігінен жұмыс істеуді қладым. Сол себепті 26 жасымда жұмысымды тастап, кәсіпкерлік бағытқа кетіп қалдым.

Қазірде мен дизайнермін. Қолдан бұйымдар жасаймын, киімдер тігемін. Мен үшін бұл қызмет саласы әрқашан қызықты болатын. Ол мені рахатқа бөлейді.

Мен студенттік кезімнен, 2013 жылдан бері шығармашылықпен айналыса бастадым. Бұл салаға оқыған жоқпын, бірақ менің отбасым шығармашылыққа жақын, көбісі қолөнермен айналысады. Басында тапсырыстарды үйімде қабылдадым. Қазірде Астанада жұмыстарымды көрсете алатын шеберханам бар. Сонымен қатар Алматыда серіктестеріміз бар. Жақында Ақтау қаласында филиалымызды аштық.

5.jpg

Бұйымдарымның құны 10 000 теңгеден басталады. Бүгінде мен әртүрлі топтамаларды шығарып үлгердім, ай сайын жаңа нәрселерді жасап шығаруға тырысамын.


Қаланың ықпалы


Қала маған оң жағынан ықпал етті. Мен осында өз ісімді таптым.

Осындағы адамдар әбігерлікке салынбайды және бұл қызметіңе көбірек көңіл бөлуге көмектеседі


Қол жұмысымен айналысқан кезде, әртүрлі нәрселер жайында көп ойланып, толғанасың. Бұл мінезге ықпал етеді – сен әлдеқайда байыпты бола бастайсың және бұл тұрғыдан Астанада өмір сүру ыңғайлы. Осындағы адамдар әбігерлікке салынбайды және бұл қызметіңе көбірек көңіл бөлуге көмектеседі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.