facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-g-meler-ashat-soltanov-astanaly-anday-n-rselerge-ab-lett-boluy-ti-s-zh-ne-ala-yr-a-y-zhayynda
logo
«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері»: Асхат Солтанов астаналық қандай нәрселерге қабілетті болуы тиіс және қала ырғағы жайында

27.12.2018

«Басқа жақтан келгендердің әңгімелері»: Асхат Солтанов астаналық қандай нәрселерге қабілетті болуы тиіс және қала ырғағы жайында

Асхат Солтанов, 34 жаста, туған қаласы — Қарағанды, Happy Cake кондитерлік дүкендер желісінің иесі

20181128-WED_9705.jpg

Карағанды — Астана


Мен Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының тумасымын. Мектепті Қарағандыда бітіріп, 2001 жылы Астанаға келдім де, Еуразия Ұлттық университетіне түстім. Астана Қарағандыдан алыс емес, бірақ бұл мүлдем басқа қала болатын. Ал университет ең заманауи, ірі және жаңа болып саналған. Осы оқу орнына үлкен үміт артылған еді.

17 жыл бұрынғы уақыттың өзінде Астана біз, студенттер үшін барлық жерлер мен ғимараттары қызықты болған заманауи қала еді. Бұндай қалалар Қазақстанда болған емес. Егер қазір Еуразиялық университетке қарасақ, ол ерекше болып көрінбейді. Бірақ сол кезде басты корпус, іші ашық әрі әдемі биік ғимарат жарқын эмоцияларға бөлейтін.

Көшіп келу мен үшін дербестік пен еркіндікке ие болумен байланысты еді. Маған барлығы қызықты болды



Қиындықтар жайында


20181128-WED_9708.jpg

Қиындықтар басқа жақтан келген барлық студенттердікіндей болды. Алғашқы бірнеше ай бойы жатақханаға орналасу қиынға соғатын, сол себепті тұратын жер іздеу керек болды. Ата-аналар өздерінің мүмкіндіктеріне орай көмектесетін. Қарағандыда мүлдем басқа өмір болатын, елордағы шығындар сол кезде ерекшеленетін.



Астанадағы жұмыс туралы


Екінші курс студенті болған кезімде мен әртүрлі жерлерде жұмыс істей бастадым. Төртінші курста мен құрылыста аудармашы болып жұмыс істедім. Ол Астанада АҚШ елшілігінің құрылысы еді. Сол жерде жақсы еңбекақы беретін. Сол себепті университетті бітіргесін, басқа жаққа кету туралы ой болған жоқ.

Осында менің немен айналысуды қалайтыным әрқашан түсінікті болды


Өзімді іздеу кезеңдері де болды, бірақ біраз кейінгі уақытта. Осы тәжірибені бастан кешіру, ойларға шомып, әрі қарай әрекет ету қажет болды.

Елордаға дейін осы жерде нарығы мен сұранысы өзіне сай шағын қала болатын.
Ешкім аса көрнекті әрекеттерге талпынбай, жоғары дәрежедегі қызмет көрсетумен қамтамасыз ету қажеті болған жоқ. Ол қарапайым кеңес заманы кезіндегі қала еді. Бірақ азғантай уақыт аралығында шағын қала елорда болып қалыптасты, халқы бірнеше есе өсіп, сұранысы да өсті. Адам капиталы офистердің соңынан көшіп келген жоғары қызметтегі адамдармен қалыптасты. Олар мемлекеттік органдар, жекеменшік құрылымдардың қызметкерлері еді. Жаңа сұраныс пайда болды, Астана оған дайын емес еді. Сол себепті ұсыныстар көп болған жоқ. Осы ағында өз ісіңді бастау мен сапалы қызмет көрсетуді ұсыну қиынға соқпайды.

Біз өз кәсібімізді 2013 жылы бастадық. Бұл толқын әлі күнге дейін бар. Іскерлік таушалардың көбісі алынбаған. Бизнеске бағытталған дұрыс тәсілдеменің арқасында Астанада жетістікке жетуге болады. Қала күн сайын өсіп келеді. Бірнеше жыл бұрын тамақ ішу үшін, шетелдік қонақтарды шақыру үшін қайда барарымызды білмесек, қазірде жақсы жерлер көп. Бүгінде Қазақстан бойынша кондитерлік желілеріміз бар, ал барлығы үй тағамынан бастау алған.

Біз халықаралық деңгейге шығудамыз, Happy Cake Global компаниясын тіркедік. Өзіміздің франшизамызды іске асыруды қолға алдық, облыс орталықтары мен басқа қалаларға шыққымыз келеді.

Франшиза сатып алған адамдар оқытуды Астанада өтеді. Біз өз құндылықтарымызды жеткізіп, стандартты нәрселерді үйретеміз.


Біз Астананы кәсібіміздің орталығы мен үйіміз ретінде қабылдаймыз


Осында біз өндіріспен айналысамыз – торттарды пісіріп, сатамыз. Жұмыс мәселелері бойынша Алматы мен Дубайға сапарлар жиілеп кетті, бірақ мен әрқашан Астанаға үйіме оралғандай келемін.



Астана жайында


20181128-WED_9696.jpg

Бұл студенттік шағымның қаласы, осы жерде мен тұлға ретінде қалыптастым. Өз отбасымды құрдым, әке, күйеу және кәсіпкер ретінде қалыптастым.


Мен өз өмірімді басқа жағдайларда, басқа қалада елестете алмаймын


Мен үшін Астанада ешқандай кемшіліктер жоқ. Егер жастық шағың осында өтсе, Астананы оң көзқараспен қабылдайсың. Маған ауа райы да, жел де ұнайды, үлкен кептелістер жоқ. Қаладағы барлық нәрселер жаныма жақын болып кетті. Тек жазда үлкен құрылыстардың салдарынан шаң басуы мүмкін.

Астанада біз қыста жолдарды әрқашан қардан тазалайтындай жайлылыққа үйрендік. Көбісі оны елемей, бағаламайды. Бірақ айырмашылық сезіледі, Қарағандыға келген кезде, жарықтандырудың сапасы да, көше бойларында қарды тазалаудың сапасы да мүлдем басқа. Астанада барлығы адамдардың жайлылығы үшін жасалады, және де ол үшін қала билігі тарапынан күш салынады. Біз осындай жағдайларда өмір сүреміз және біздің өмірлік қуатымыз жаман нәрселерге кетпейді. Алыстағы аудандарда ретке келтіретін нәрселер жеткілікті.


Астана барлық адамдар үшін әртүрлі. Мен үшін орташа астаналық 30-дан 40-қа дейінгі жас азамат. Ол мемлекеттік қызметте немесе ұлттық компанияда жұмыс істейтін үй иесі. Оның өзінің баспанасы мен жеке бұрышы бар. Астанадағы отбасыларда жылына бір рет шетелдік сапарға шығу мүмкіндіктері болады. Астаналықтар келешекке сеніммен қарайды. Отбасы мүшелерінің әрбіреуі балалардың болашағына ақша жинау мүмкіндігіне ие. Астаналық азамат өзінің және өз жарының ата-анасына көмектеседі. Біздің өмірімізде барлық нәрселер азды-көпті жөнге салынған, өзіміз ұстанатын жоспарымыз бар.



Астана қандай нәрселерге үйреткені жайында


20181128-WED_9683.jpg

Астанада мен бір орында тұрмаймын, әрдайым даму үстіндемін.

Стивен Р. Ковиде аса тиімді адамдардың жеті дағдысы бар. Оның айтуынша, жетінші дағды – араны әрдайым ұштап тұру. Ол алдыңғы алты дағдыны әрдайым жетілдіріп, оқып үйрену күйінде болу керек дегенді білдіреді. Астана басқа қазақстандық қалаларға ұқсамай, дамып жетілуге мүмкіндік жасайды.

Осында күн сайын қызықты шаралар өтеді. Назарбаев Университетінде конференциялар, азаматтық форумдар, әйелдер кәсіпкерлігінің бастамаларына арналған кездесулер өтеді. Astana Hub-та IT-стартаптар дамиды.

Астана таңертең ерте тұруға мәжбүр етеді, қала ырғағынан қалыспау керек. Осында сен әрқашан қызықты оқиғалар іздеп, жаңа кітаптар оқисың, жоспарлар ойластырасың. Егер кішкене қалып қойсаң, не болып жатқанын ұғынбай қаласың. Астана мені шешімдерді тез қабылдауға үйретті.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Ересектерге достарды қайдан табуға болады: 20 идеялар
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қазақстанда қандай ұлттық тағамдардан дәм тату керек
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
Қырқынан шығару — ең маңызды сәт
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын
FIKA, TÖR және Aiza Neo Bistro.Трендте болуды ұнататындар үшін Алматыда 12 сәнді орын