facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bambino-balm-zda-y-k-s-pker-zheteksh-lers-z-ben-kabinets-z-tabysty-kompaniyany-alay-ru-a-bolatyny-zhayynda
logo
Bambino балмұздағы. Кәсіпкер жетекшілерсіз бен кабинетсіз табысты компанияны қалай құруға болатыны жайында
Іс философиясы

31.12.2018

Bambino балмұздағы. Кәсіпкер жетекшілерсіз бен кабинетсіз табысты компанияны қалай құруға болатыны жайында

Азамат Нұрғожин, 44 жаста, туған қаласы — Целиноград, кәсіпкер



Компания атауы: Bambino

Қызмет аясы: қоғамдық тамақтану, италиялық технология бойынша жұмсақ балмұздақ өндіру

Негізі қаланған жыл: 2008



Бәрі қалай басталды


20181211-WED_2995.jpg

Мен Астанада № 8 базардың жанындағы мектепте оқыдым. Оқушылардың барлығы сол жерде саудамен айналысатын. Осылайша балалық шағымның өзінде мен кәсіпкерлікпен айналыстым. Шынайы кәсіпкерлік елорданың құрылған кезінен басталды. Алғашқы тапқан капиталым ет жеткізілімі саласында еді. Кейін цемент компаниясы болды. Ал 2008 жылы құрылыс дағдарысы болған кезде, біз бұл нарықтан кеттік. Мен жаңа бағытты іздей бастадым. Сол кезде қазіргі қызметкерімнің бірі балмұздақпен айналысуды ұсынды.

Сол уақытта Астанада жұмсақ балмұздақ сататын бір жер – ЦУМ ғана болатын. Менің басқа салаларда тәжірибем болғандықтан, бұл кәсіп маған қиын немесе тәуекелді болып көрінген жоқ. Біз нарыққа жұмсақ балмұздақпен келдік. Осы кәсібімнің басталуына ең көп қуанған балаларым еді.



Клиенттерге бағытталған негіздеме


Bambino-ның басты негіздемесі – адамдарды таңқалдыру және оларға сапалы табиғи балмұздақты тұтыну мүмкіндігін ұсыну.

20181211-WED_3033.jpg

Компаниямыздың артықшылығы – балмұздақты қолдан жасау технологиясы бойынша жұмыс істейтінімізде. Мануфактуралық, яғни өнеркәсіптік өндіру деген бар, көп еңбек пен шағын көлемдерді қамтитын қолдан жасап өндіру деген бар. Ол өзіндік құны бойынша қымбаттырақ келеді, себебі біз бастапқыдан қымбат ингредиенттерді қолданамыз, бірақ соның арқасында балмұздақтың сапасы да жоғары болып келеді.

20181211-WED_3040.jpg

Көжеге қарағанда балмұздақтан көп пайдалы қасиеттерді күтудің қажеті жоқ, себебі бұл өнім тамақтан гөрі бос уақытты өткізу, көңіл көтеруге жақын келеді. Балмұздақ – бұл ләззат пен рахаттану. Бастысы өнімнің зиянды болмауы. Оған қоса жақсы қызмет көрсету мен әдемі түрде ұсыну маңызды.



Жетістікке жету жолы


Жетістік пен танымалдылық Bambino-ға өнімнің жоғары сапасының арқасында келді. Өнімді арзандатуға қызығу әрқашан болады, және көптеген компаниялар соған қызығады. Біз осы мәселеден өттік және тұрақты тұтынушыларға ие болдық. Бізді ерекшелендіретін екінші жағдай – өнімнің визуализациясымен бәсекелестерімізден артып түсеміз. Біз жабдықтауға көп ақша жұмсаймыз. Егер де біреудің сөресі 1000 еуро тұрса, біз өзіміздің сөрелерімізді Италиядан 18 000 еуроға аламыз. Есесіне біздің сөремізге алыстан қарасаңыз, балмұздақты көресіз, басқа компаниялар туралы олай айта алмаймын.

20181211-WED_2998.jpg

Компаниямыздың тағы бір ерекшелігі – бізде жетекшілер аз. Ол қызметкерлеріміздің тәртіпке өздігінен үйренгендері үшін. Сатушылар өз өздеріне жетекші, әрі бағынушы. Олар қай жерде, қандай кесте бойынша істейтіндерін, тіпті жаңа қызметкерлерді өздері қабылдап, өздері үйретеді. Көбінесе жетекші қосымша бағаны қалыптастырмайды, ол тек басқарады, бағыт көрсетеді және ақша жұмсайды. Бұл үлкен сұраныстарды талап ететін қымбат бағалы қызметкер. Артық жетекшілердің жоқтығы үнемдеуге және қызметкерлердің еңбекақыларын көтеруге септігін тигізеді. Қызметкерлерімнің еңбекақылары қоректендіру аймағындағы басқа қызметкерлерге қарағанда артық екені жетістік пен мақтан тұтудың себебі деп білемін.

Жетістік пен танымалдылық Bambino-ға өнімнің жоғары сапасының арқасында келді


Bambino-ның басты құндылығы – клиенттерге бақыт сыйлайтын ұнамды жақсы өнім. Екінші құндылығы – қызметкерлер. Біз олардың бақытты болып, жұмыста істеп жатқан әрекеттерден рахаттанғандарын, әрі ешбір жағдайда жарақат алмай, үйлеріне аман-сау жеткендерін қалаймыз. Сол себепті біз қызметкерлерімізді үйлеріне дейін жеткіземіз. Үшіншісі – жабдықтау. Төртінші құндылық – біздің жұмыс істейтін орындарымыз. Біздің орындар Астанананың барлық СОСО-да бар.


Іскерлік кеңестер


Кәсіпті ашу үшін ол жайында барлық адамдарға айтып, кәсіпкерлерден тәжірибелері, нәтижелерге жету жолдары жайында сұрап білу керек.

Ал кәсіп аясында қызықты идеяны табу үшін шет елдерде болатын көрмелер мен өндірістік экскурсияларға жиірек барып тұрыңыздар

Қазақстанда өндіріс кезеңі басталып жатыр. Бізде өндіру көптеген себептер бойынша тиімді. Мысалы, арзан электр қуаты, газ, көмір бар, арзан, әрі сауатты жұмыс күші де бар. Оған қоса елімізде қымбатқа түспейтін шикізат бар. Бірақ өткізу нарығында мәселелер бар, сол себепті экспорттауға болатын тауарды өндіру керек. Ал кәсіп аясында қызықты идеяны табу үшін шет елдерде болатын көрмелер мен өндірістік экскурсияларға жиірек барып тұрыңыздар. Кеден мағлұмдамасын қарап, Казақстанға не және қандай көлемде әкелетіні жайында білуге болады.



Күн тәртібі


Мен сағат жетіде тұрамын, балаларымды мектепке апарып, фитнеске, одан кейін үйге барамын. Таңғы асымды ішіп, жұмысқа немесе кездесуге барамын. Жұмыста менде өз орындығым, үстелім, компьютерім, қабылдау бөлмесі мен хатшы жоқ. Мен бір жерге жабыспай, қоғалып жүру үшін осылардан әдейі бас тарттым. Маған әрдайым жұмыста болу қажет емес, мен операциялық қызметке қатыспаймын. Мен қызметкерлермен тек үлкен жобаларды ұсынағанда немесе жабдықтау, жаңа бағытты жүзеге асыру бойынша талқылау жүргізу кезінде, жұмыс істеймін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.