facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
balideg-aza-standy-tar-liya-ten-sheteldeg-otandastar-auymdasty-yn-alay-r-any-zhayynda
logo
Балидегі қазақстандықтар. Әлия Тен шетелдегі отандастар қауымдастығын қалай құрғаны жайында
Главный (каз)

24.11.2022

Балидегі қазақстандықтар. Әлия Тен шетелдегі отандастар қауымдастығын қалай құрғаны жайында

Әлия Тен Бали аралында тоғыз айдан бері тұрып жатыр. Ол біздің тілшімізге Telegram желісіндегі чаттың арқасында аралдағы қазақстандықтардың қалай басын қосқаны туралы айтып берді.


Әлия Тен, Бали, Kazakh People Bali Telegram чатын құрушы, travel-блогер, @levartgirl

алия тен

Өзі туралы


Мен Алматыдан келген travel-блогермін.
Балиде тұрып жатқаныма тоғыз ай бой болды. Мен тек бір-ақ жаққа билет сатып алған болатынмын, содан бері міне, осы аралдамын. Жалпы бұл шешімді аяқасты қабылдған едім.

Балиде қызым және анаммен бірге тұрамын. Отбасыма бұл жақ ұнайды, өздерін жақсы сезінеді. Қазір Бали — біздің үйіміз. Мұндағы климат тамаша: жыл бойы жаз болып тұрады, мұхит да дәл жаныңда.

Бәрі қалай басталды

Kazakh People Bali

Чатты осы қыста, қаңтарда құрдым. Мен оны бір-бірімізге қолдау көрсету мақсатында құрған едім.

Мақсаты мен идеясы туралы

Kazakh People Bali

Туыстарымызбен хабарласа алмаған кезде бір-бірімізбен сөйлесіп, ақпарат алмасып, барынша қолдау көрсеттік. Қазақстандық карталар жұмыс істемегендіктен, көбісі қаржылық қиындықтарға тап болды. Ешкімде қолма-қол ақша жоқ еді, сондықтан қолымыздан келгенше көмектестік. Алғашқы екі күнде чатқа 100-ден астам адам қосылды. Бастапқыда адамдар менің инстаграмм парақшам арқылы келіп жатты. Ал қазір іздеу жүйесі арқылы табады: «Казахи на Бали» деп теріп, біздің чатты тауып алады. Көпшілігі аралда біздің көп екенімізге таңғалады.

Көптеген отандастарымыз чаттың арқасында дос болып кетті


Бүгінгі таңда біздің чат Балиде тұратын немесе жақын арада келуді жоспарлап отырған қазақстандықтарға арналған.
Топта көптеген пайдалы ақпарат бар. Мысалы, қай аймақта тұрған жөн, үйді қай жерде жалға алған дұрыс, қайда бару керек деген сұрақтарға жауап алуға болады. Жақсы мейрамханалар туралы ұсыныстарды және т.б. да осында. Біз сондай-ақ Балиден немесе Балиге сәлемдемелер жібереміз, бұл ыңғайлы. Көптеген отандастарымыз чаттың арқасында дос болып кетті.

Қауымдастықтықтың қызметі туралы

Kazakh People Bali


Біз жиі жиналып тұрамыз.
Бірақ ең үлкен іс-шара Наурызда болды. Сен ұйымдастырушы қызметін атқардым. Мерекеден бір күн бұрын вилла жалдап, бешбармақ, палауға тапсырыс бердік. 60-тан астам адам жиналды. Барлығы да жерлестерін көріп, мерекені бірге тойлағандарына қуанып қалды.

Қауымдастық мүшесі болу үшін не істеу керек

Чат бәріне бірдей ашық. Балидегі өмірге қызығушылық танытатын кез келген адам қосыла алады. Жалғыз шарт — чат тек қазақстандықтарға арналған.

Жоспарлары жайында

Kazakh People Bali


Жоспарымда қауымдастықты одан әрі дамыту бар.
Чат пайдалы әрі қажет болып шықты. Үйден мыңдаған шақырым жерде тұрып жатқан отандастарыңмен байланыста болу керемет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.