Шетелде академиялық мансап құрып жатқан отандастар туралы айтамыз.
Жалалидин Жээнбай
Жалалидин Қырғызстанда туып өскен, сонда оқыған. Шетелде мұғалімдік мансап құрып жүр. Ол Монтана университетінде және Роджерс мемлекеттік университетінде жұмыс істеді. 2014 жылдан бері БАӘ-дегі Zayed University сабақ береді
Алма Кунанбаева
Алма П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясында оқыған. Қазір тарихшы АҚШ-та тұрады және Стэнфорд университетінде жұмыс істейді. Профессор студенттерге Еуразия көшпенділерінің тарихы мен Орталық Азия мәдениеті бойынша дәріс оқып жүр.
Наргис Касенова
Наргис — саясаттанушы. Ол Гарвардтағы Дэвис атындағы Ресей және Еуразиялық зерттеулер орталығында 2018 жылдан бері жұмыс істейді. Аймақтық геосаясат саласында ғылыми жұмыстармен айналысады.
Муртазо Назаров
Муртазо Назаров Тәжікстанда дүниеге келген. 2014 жылдан 2018 жылға дейін доцент, ал 2018 жылдан бастап профессор ретінде Швецияның ең көне университеті Упсала университетінде сабақ береді.
Архат Абжанов

Архат Индиана университетінде оқыды, ғылыми зерттеулермен айналысты және Гарвардтың биология бөлімінде сабақ берген. Қазір ол Лондон Императорлық колледжінің оқытушысы және ғылыми қызметкері болып істейді.
Диас Нурмагамбетов
Диас Қазақстанда жиырма жылдай ғылыми қызмет жүргізу тәжірибесі бар. Бірақ АҚШ-қа көшкеннен кейін ол жаңа елде жұмыс іздеді. 2018 жылдан бастап ол Texастағы PrairieView A&M University сабақ береді.
Максим Смакеев

Скрипкашы Қырғызстан тумасы. Максим 25 жыл бұрын Мексикаға көшіп келген. Ол Гуанахуато университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.