Bla Bla Car
Саяхаттар мен жолаушыларды іздеуге арналған тегін мобильді қызмет. BlaBlaCar көлік шығынын өзара бөліп алып, үнемдеу мақсатымен көліктерінде бос орыны бар жүргізушілерді және бірдей бағытта сапарға шығуға қажет ететін жолаушыларды біріктіреді. Қызмет коммерциялық бағытта қолдануға және жүргізушілер жағынан табыс табуға арналмаған, сондықтан ұсынылатын орындар саны мен әр орынның бағасы шектелген. Қазақстанда бұл қызмет тек декстопты нұсқада ғана қолжетімді.
Beep Car
Бұл тиімді сапарлар мен сенімді жолаушыларды табуға арналған платформа. Жүргізуші бірдей белгіленген пунктіге баруға қажет жолаушыларға бос орындарды ұсынады. Сапардың бүкіл қатысушылары жол шығынын бірге тепе-тең бөледі,бұл жолаушылрға да, жүргізушіге де ақша үнемдеуге көмектеседі. Жолаушыға көліктің маркасы мен моделі жайлы ақпарат қолжетімді. Сапардан кейін жолаушылар мен жүргізушілер жүргізушінің және жолаушының беделін дәлелдеп,бір-бірі туралы пікір қалдырады. Пікірлерді көру бүкіл қызмет қолданушыларына қолжетімді,сондықтан сапарға дейін жолға кіммен бірге шыға алатынызды тандай аласыз.
InDriver
Көптеген қазақстандықтарға InDriver Яндекс.Такси мен Uber – дің пайда болуынан бұрын танымал болды. Сонда да InDriver қызметінде «Межгород» бөлімінде «Попутка» бөлімі бар екені көбісі білмейді,бұл жерде сізге қажетті бағытта жолға шығатын жүргізушілерді таба аласыз. Бұл қызметте сапар бағасын жүргізуші белгілейді,бірақ бұл бағалар әдетте қымбат емес. Із жүргізушімен қайта жерден сізді алып кету керегі мен қай жерге дейін апару керек екені жайлы келісе аласыз. Ең көп енгізілетін бағыттар: Астана – Көкшетау, Астана – Қарағанды, Астана – Щучинск.
Tezway
Жолаушыларды қала ішінен, қалалар арасында және басқа мемлекеттерге де іздеуге мүмкіндік беретін қазақстандық тегін мобильді қызмет. Қызметпен қала ішінен де, қалалар арасында да қолдануға болады. Егере сіз күнде жұмысқа дейін немесе университетке дейін таксимен немесе қоғамдық көлікпен жетуге мәжбүр болсаныз,егер көлікте жалғыз жүруге сіздің ішініз пысса және жай ғана қызықты жолаушыны қажет етсеніз, бензиннің бағасын сіздің жолаушынызбен бөлуге қуанышты болсаныз,сіз көлік қызметін ұсынып аздай болса да, табысқа ие болуға қаласаныз – бұл қызмет сізге жарайды. Жай ғана қажетті бағытты құрыныз және ұқсас бағытпен жолаушылар мен жүргізушілерді іздеп,сапарынызға шығыныз.