facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
azamat-shalma-ambetov-ne-sebept-90-zhyldary-zh-mys-steuge-zh-ne-a-shany-tez-sanau-a-yretken-zhayynda
logo
Азамат Шалмағамбетов не себепті 90-жылдары жұмыс істеуге және ақшаны тез санауға үйреткені жайында

Азамат Шалмағамбетов

46 жаста, туған қаласы — Қорған, кәсіпкер, MB4 компанияның директоры

09.07.2019

Азамат Шалмағамбетов не себепті 90-жылдары жұмыс істеуге және ақшаны тез санауға үйреткені жайында


Кәсібінің бастамасы


Кәсіпкерлікке келуге болмайдыбұл сенің бойыңда бар немесе жоқ.

Мен қарапайым отбасыда туып өстім, мектепті бітіргесін Мәскеуге оқуға кеттім. 1993 жылы Кеңес Одағы құлдыраған кезде, көптеген кәсіпорындар да құлдырады. Сол кезде ата-анам ірі кәсіпорында жұмыс істеген еді және оларға жалақыларын беруді тоқтатты. Мәскеуде тұрып, оларды қинатуды қаламайтынымды түсіндім.

MEIR3400.JPG

Мен үлкен нәрсемен айналысуды қаладым. Үшінші курста біз достарымызбен таныстар арқылы, кездесулер арқылы базардағы павильонды жалға алдық. Бұл еліміздің барлық жерінен адамдар келген үлкен көтерме орны болатын және біз шоколадтарды сатумен айналыстық.

Мен адамдармен жақсы араластым. Біраз уақыттан кейін біз «Синдик» базарында орналасқан дүкенді алдық, сол жерде жұмыс істедік.

Кәсіпкерлікке келуге болмайды – бұл сенің бойыңда бар немесе жоқ


1994 жылы қызым дүниеге келді және тұрмысымызды жақсарту керек екенін түсіндім. Шағын капиталды жинадым да, Мәскеуде алғашқы балалар тағамының дүкенін аштым. Кәсібім дами бастады, дүкендер желісіне дейін өсті, олар ұзақ уақытқа дейін жұмыс істеген.


90-жылдары жайында


Бұл есалаң кезең еді. Бір жағынан, кәсіпкерлер үшін жақсы кезең болды– сұраныстың көлемі ұсыныстан әлдеқайда жоғары болды, сату оңай болатын. Толық павильон – Nuts шоколадының 250 қорабын бір күннін ішінде сатып жібердік.

Басқа жағынан қарағанда, айналада әртүрлі топтар, бандитизм болды. Бізді екі рет тонады, барлығын басынан бастауға тура келді.

Сол кезде адамдар аз сөйлеп, көп жұмыс істейтін. Пайымдаған жоқ, барлығын алдын-ала ойластырған жоқ, себебі жағдайлар тез өзгеріп отыратын.

Біз ақшаны тез санауға үйрендік – ақша көп болатын, девальвация да болды.

Әрдайым күйзеліс, әртүрлі мәселелер, тұрақсыздық орын алатын. Менің бір жолдасым әрқашан бронды кеудешемен жүретін. Ал басқа досым өмірдің бұндай ырғағына шыдамай, бизнестен кетіп қалды.

photo5247143296663399094.jpg

Біз студент болдық және әрқашан оқумен, сатумен, кассамен айналысып жүрдік, кейбір кезде көңіл көтеріп, демалатынбыз. Бұл жастық шақтың қызықты, уайымсыз кезеңі еді. Біз тіпті көлік жүргізуді білмесек те, өзімізге Lincoln Town Car көлігін сатып алып, Мәскеу бойынша жүрдік.


MB4 компаниясы жайында


2004 жылы мен ата-анамды Қазақстанға алып келдім, себебі олар бұны бұрыннан бері қалады. Ал 2012 жылы анама жақын болып, оған көмектесу үшін, өзім де көшіп келуді кештім.

2013 жылы Қазақстанда жеке кәсібімді ашу жайында ойлана бастадым. Менде құндылықтарға қайта мән беру кезеңі болды. Басқа адамдарға пайдалы болатын нәрсемен айналысуды қаладым. Конструктивті нәрсемен айналысуды қаладым – деструкция мені шабыттандырмады.

Мен өндіріс саласын таңдадым. Қазақстанда бұл сала қатты дамымаған, осында ресурстық-сервистік экономика орнаған. Сол себепті бұл мен үшін сын болды, маған жаңа өнімді жасап шығару қызықты болды.

Бұл семіз сиыр еті болады деп шештім. Дәл сол кезде «Сыбаға» мемлекеттік субсидиялау бағдарламасы бойынша шетелден етті малды әкеле бастады. Малмен қалай жұмыс істеу керек, оны қалай өсіру керектігін ешкім түсінгенбейтін. Мен бұл мүмкіндікті пайдаландым.

Қазіргі кезде біз төрт жылдың ішінде 140 шаршы көлеміндегі шағын цехтан жеке ет комбинатына дейін өстік. Тауардың бағытын жасап, нарықта өз орнымызды алдық.


Өмірлік қағидалары жайында


Менің түпкі мақсатым – ақша мен түсім емес. Маңыздысы – кәсібім.

Міндеттерімнің бірі – қызметкерлерім үшін жауапты болу. Олар өзіндігінен жұмыс жасап шығара алмайтынын, бұл қызметті атқару міндеті өзімде екенін сезіп отырмын. Жұмыс орындарды ұсынуға тырысамын және ауылдағы адамдар өздерінің орнын тауып, кәсіби маман болып қалыптасып жатқангы ұнайды.

Менің түпкі мақсатым – ақша мен түсім емес


Қазақстанда ресурстар, кеңістік, заңдар көп және біз өзіміздің өнімдерімізді жасап шығаруға тырысуымыз керек. Бұл еліміздің дамып жетілуіне септігін тигізеді.

Өндіріс – бұл ұлтыңның және жеке қызметкерлеріңнің абыройы. Менің қызметкерлерім білікті маман болып қалыптасқан кезде, олар өздерінің рөлін мен маңызын ұғынады – бастарын тік ұстап, өмір салтын, ойлауын өзгертеді. Бұл мені қуантады. Адамдарға абыройлы болуға көмектесу керек деп санаймын – мақсаттарға өздігнен жетуге және сол үшін лайықты сыйақы алуға мүмкіндік беру керек.

IMG_4292.JPG

Қазақстандағы кәсіпкерлер бұл бағытта жұмыс істеп, өндірістік әлеуетті кеңейтіп, өсіру керек. Бұл көбірек адамдарды тартып, оларға жұмыс ұсынуға мүмкіндік береді. Ақшадан ақшы шығуы тиіс.

Жалпы, қоғам табысты болуы үшін, әрбір адам өзінің ісімен айналысу керек деп санаймын. Әрбір адам жасампаз болып, жақсылық жасау керек. Тұтыну біраз уақыттан кейін таусыла бастайды, сол себепті бірдеңені өндіріп шығару маңызды. Бұның өзінде бұл іспен қалай да болса айналысуға болмайды.


Бүгінгі күні жайында


Қазіргі кездегі мақсатым – жұмыс істеу, кеңею, сапаны жақсарту.

Міндетім – экспортқа шығу. Шетелде қазақстандық өндірістегі тауарлар аз. Ал заманауи әлем өндіріс өнімдерімен алмасуды көздейді. Тауарлар – өндіруші ел экономикасының көрсеткіші. Мен болсам, саламыздың жетістіктерін көрсету үшін, тауарымызды шетелдік нарықтарға шығаруды қалаймын.

Әлем жаңа нәрселерге ашық және оған жаңа нәрселерді ұсынуға дайын болу керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.