Оқу жайында
Бір жылдың ішінде мен сегіз әртүрлі қалаларда болып шықтым. Түркияға алғаш рет екінші курс кезінде студенттермен алмасу бағдарламасы бойынша бардым. Бағдарлама алты айға созылды, бірақ мен тағы бір айға қалдым.
Мен Алматыдағы түрік универитетінде оқып жатырмын, сол себепті Түркияға сапарыма өте риза болдым. Бұл бағдарламаға түсу үшін, барлық іріктеу турлардан өттім.
Туған елімдегі университеттегідей Түркияда да оқу ағылшын тілінде өтеді. Бірақ мұғалімдермен жақсы, достық қарым-қатынас құрай алсаңыз, оқытудың тілін ауыстыру жайында сұрауға болады. Мысалы, бізде сегіз пән ағылшын тілінде жүргізілуі тиіс еді, оқушылардың қалауы бойынша екі пән түрік тілінде жүргізілді. Қиындау болды, себебі түрік тіліміз «Сәлеметсіз бе, қалыңыз қалай?» деңгейінде болды.
Бұл жақта сабаққа қатысуды қадағаламайды. Осында студент өзі үшін оқиды деген қағиданы ұстанады.
Екінші рет Түркияға тағылымдамадан өту үшін келдім. Университеттегі таныс қыздың кеңесі бойынша мен жазғы тағылымдаманы іздей бастадым және Алматыдағы компанияға жолықтым. Менің болашақ мамандығым ағылшын және қытай тілдерінің мұғалімі, сол себепті менің таңдауым балаларды оқыту бағдарламасына түсті. Бұл бағдарлама Анталияда, Rixos қонақ үйінде өтті.
Біз, мұғалімдер, қонақ үйде тұрдық және тамақтану компанияның атынан ұсынылды.
Адамдары жайында
Жергілікті адамдар әртүрлі. Мысалы, туристік болып табылмайтын қалалардың адамдары өте ашық, мейірімді және олар туристер арқылы пайда табуға тырыспайды. Ал Анталияда немесе Стамбул сияқты мегаполистерде тұратын адамдар «кез-келген туристен ақша шығаруға болады» деп басқаша ойлайды.
Сонымен қатар түріктер өте жұмсақ болып көрінді – осы қасиетті оқуда да, университетте де, тағылымдамадан өткен кезде де байқадым.
Тамақ жайында
Түріктердің ұлттық тағамдары мені тамсандырды. Осында болған уақыттың ішінде мен сегіз киллограммға толдым. Бізде Түркияда сияқты етті дайындай алмайды. Осында еттің бір бөлігінен ғана тағам әзірлеудің он екі әдісін ұсына алады.
Түрік тәттілері туралы бөлек айту керек. Олар жайында барлығы біледі. Менің сүйікті тәтті тағамым – баклава.
Түрік тағамы жүрегімнен бөлек орын алады!
Түркия жайында
Мен Анталиядан 20 минуттық жерде орналасқан Испарта қаласында оқыдым. Біздің университеттер студенттерді алмасу бағдарламасы бойынша серіктес болғандықтан, осында келдім. Бұл діни қала, туристік қала емес. Көшелердегі барлық адамдар бізді, шетелдіктерді көрген кезде, таң қалатын.
Қала кішкентай, осында ештеңе дерлік жоқ. Сол себепті біз достарымызбен жиі саяхаттайтынбыз.
Ішкі туризм жоғары деңгейде дамыған. Біз Стамбулдан Анталияға дейін 5000 теңгеге жететінбіз. Ұшақпен немесе автобустармен саяхаттайтынбыз. Қымбатқа түспейтін.
Түркия әртүрлі тарихи жерлерге бай. Бірақ Стамбулда, Босфор бұғазының жағалауында орналасқан Долмабахче сарайы есімде жақсы сақталды. Ол кезінде Абул-Меджид I билеушінің ниеті бойынша салынды. Бұл сарайдың құрылысына мемлекеттік қазынадан көп ақша кетті. Стилі бойынша Долмабахче қаланың басқа сәулеттерінен өте ерекшеленеді.
Анталияда құмды және тасты керемет жағажайлары бар. Жағажайлар – бұл Түркияның қазынасы.
Сонымен қатар Анталияның ескі бөлігі – Калеичиге де көңіл аударған жөн. Қаланың негізін ежелгі римдіктер салғандықтан, ескі бөлігінің стилі соған сай келеді. Тар көшелер, асфальттің орнына тас төселген жолдар, мәрмәр бағаналар – мен үшін бұл қаланың ең көрікіті ауданы.
Бос шабаданмен келіп, киім-кишекті осында сатып алуға кеңес беремін, себебі сапасы жақсы және бағасы арзан.
Ал жол ақысы қымбат, себебі бензиннің құны жоғары.
Түркиядан алған әсерімен бөліскен – Әсел Өмірбаева.