facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-yzy-angliya-a-o-u-a-bar-any-zh-ne-a-ylshyn-otbasynda-t-r-any-zhayynda
logo
Қазақ қызы Англияға оқуға барғаны және ағылшын отбасында тұрғаны жайында

04.07.2019

Қазақ қызы Англияға оқуға барғаны және ағылшын отбасында тұрғаны жайында

Қазақ қызы Англияға оқуға барғаны және ағылшын отбасында тұрғаны жайында

Мен Англиямен Оксфорд қаласы арқылы таныстым, бұл кішкентай және өте әдемі қала. Бұл өмірімдегі ерекше кезеңі еді. Мен осында жаз маусымын өткіздім және сол кезде Лондонда Олимпиада ойындары өткен болатын.

Бұл шетелге жалғыз өзім шыққан алғаш сапарым болды. Күлкілі болып естілсе де, басты қорқынышым – әуежайда адасып, жоғалу еді. Бірақ бақытқа орай мен мектептен келетін трансферге тапсырыс беріп, Лондонның әуежайынан мені асырайтын отбасымның үйіне дейін жеттім. Сонымен қатар адамдармен қалай араласатыным жайында уайымдадым, себебі сол кезде ағылшын тілім нашар деңгейде болатын.

Қазақ қызы Англияға оқуға барғаны және ағылшын отбасында тұрғаны жайында

Алғашқы әсерді айтып жеткізе алмаспын. Бұл таңқаларлық жағдай емес, себебі Оксфорд – өмірімде көрген қалалардың ішіндегісі ең көріктісі. Сәулеті керемет ғимараттарға сағаттап қарауға, төселген көшелермен серуендеп, кішкентай дүкендер мен кофеханалардың сөрелеріне үңілуге, университеттердің әдемі ғимараттарынан шығатын студенттерді бақылауға болады.

Мен Колумбиядан келген қызбен ағылшын отбасында тұрдым. Отбасы сүйкімді еді, үй кішкентай, бірақ жайлы болатын. Олар ешқашан кешкі асты дастархан басында отырып ішпейтіндері қызықты еді. Тамағы бар тәрелкелерді және сусындарды алып, теледидар алдында отырып, жейтін. Бұл мен үшін ерсі болды, себебі Қазақстанда тамақты дастархан басында отырып ішу қалыптасқан. Қонақтар келсе де, олар үстел басына отырмайды.

Қазақ қызы Англияға оқуға барғаны және ағылшын отбасында тұрғаны жайында

Жергілікті адамдары жайдары және жылы шырайлы болып келеді. Жастары шулы, көңіл көтеруді және жаяужолда отырып, қатты дауыстап әңгімелесуді ұнатады. Осында киімге аса назар аудармайтынын байқадым. Олардың сәні ерекше.

Қазақ қызы Англияға оқуға барғаны және ағылшын отбасында тұрғаны жайында

Мен оқыған мектеп үлкен болмаса да, заманауи болды және орталыққа жақын жердегі ну орманның ішінде орналасқан. Мектептің жанында жатақхана бар, бірақ маған көрсеткен бөлмелері кішкентай және ыңғайсыз болды. Сол себепті отбасыда тұруды таңдағаныма ризамын.

Англияның бейресми ұлттық fish and chips тағамын міндетті түрде жеп көру керек. Бұл фритюрда қуырылған, картоппен берілетін балық. Оны көбінесе дәмханаларда немесе өзімен алып кетіп жейді.

Қазақ қызы Англияға оқуға барғаны және ағылшын отбасында тұрғаны жайында

Жабық базарға, Covered Market-ке баруға және Ben’s Cookies үй піспенандарын сатып алуға кеңес беремін. Осында піспенандардың алуан түрлері бар және олар әрқашан жаңа піскен, жылы күйде сатылады.

Оксфорд — барлық дерлік көрікті жерлері қолжетімді жерлерде орналасқан кішкентай қала. «Гарри Поттер» фильмі түсірілген жерлерге баруды ұмытпаңыз. Айтпақшы, Гермионаны ойнаған Эмма Уотсон осында тұрды.

Мен қала ішінде автобуспен жүрдім. Бұл ыңғайлы және жол жүру билетін алсаңыз, үнемді. Түнде де қала бойынша автобустар жүреді, бірақ аялдамада сағатына бір рет тоқталады.

Қаладағы ауа-райы құбылмалы. Бірақ біраз уақыт өткеннен кейін, мен бейімделдім: егер таңертең күн шуақты болса, түстен кейін жаңбыр болатынын нақты айтуға болады және керісінше. Сол себепті өзімен бірге қолшатырды алып жүрген жөн.

Қазақ қызы Англияға оқуға барғаны және ағылшын отбасында тұрғаны жайында

Оксфордтан Лондонға дейін автобуспен жетуге болады. Ал оның жанында поезбен жетуге болатын әртүрлі кішкентай және қызықты қалалар орналасқан.

Егер Лондонда болсаңыз, айтып жеткізе алмайтын атмосфера мен сұлулыққа ие осы қалаға бір-екі күніңізді бөліп, соғып кетуді ұмытпаңыз.

Оксорд қаласынан алған әсерімен бөліскен – Анара Іңкәрбекова.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.