facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/1d6/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/1d62974cfaf00f7394e1c317ffbdeda4.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-t-l-n-shetel-t-l-ret-nde-yren-p-zh-rgen-adamdardan-ke-ester
logo
Қазақ тілін шетел тілі ретінде үйреніп жүрген адамдардан кеңестер
Таңғажайып Қазақстан

16.01.2020

Қазақ тілін шетел тілі ретінде үйреніп жүрген адамдардан кеңестер

Валерия Самойлова, 28 жаста, туған жері — Киев, Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің дипломаты, @UKRinKAZ, Facebook

валерия (1).jpg

Не себепті қазақ тілін үйреніп жатырмын

Мен Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігінің дипломатымын. Белгілі бір уақыт осында тұратындықтан,қазақ тілін үйреніп жатырмын. Мен жұмыс істейтін елдің адамдарымен тек орыс тілінде ғана емес, мемлекеттік тілде де сөйлескім келеді.

Тілді қалай үйреніп жатырмын

Қазақ тілі — мен оқыған шетел тілдерінің арасындағы ең қиыны. Грамматикасы ауыр, бірақ сөйлеу оңай.

Үш айлық курстан өтіп, бастапқы кезеңді өткенімді растайтын, сертификатын алдым. Курста топтық және жеке сабақтар болды. Биыл оқуды жалғастыру ойымда бар. Күнделікті өмірімде қазақ тілін қолданып жүрмін.

Үйренем деушілерге кеңес

Практика — тілді үйренуде көп көмегін тигізеді. Басында қатты қиын болуы мүмкін, бірақ оң нәтижелер жігерлендіре түседі. «Томирис» фильмі жайлы шығарма жазғанымда, өзімді жұлдыз сияқты сезіндім.

валерия (2).jpeg

Қазақстанда шетелдіктер тек орыс тілін білетіндіктеріне үйреніп алған. Бірақ, жергілікті тұрғындар қазақ тіліндегі қарым-қатынасты қуана-қуана қолдайды. Мұнда адамдар туған тіліне құрметпен қарайды және бағалайды. Өзің тұратын елдің тілін қолдау керек деп ойлаймын. One more language — one more life.


Светлана Каримова, 25 жаста, туған жері — Волгоград, менеджердің көмекшісі, call-орталықтың операторы

светлана (2).jpg

Не себепті қазақ тілін үйреніп жатырмын

Мен Рессейде, Волгоградта тұрып, қазақ тілін оқытушымен бірге онлайн үйреніп жатырмын. Тілді үйрену туралы бір жыл бұрын ойлана бастадым. Қазақ тілін білуім дамуыма, айналамдағы адамдармен қарым-қатынасты көбейтуге көмектеседі.

Тілді қалай үйреніп жатырмын

Басында тек қызық болғандықтан оқитынмын. Кітаптарды сатып алдым, бірнеше рет қысқа роликтерді көрдім, бірақ нәтиже болмады. Көп ақпаратты түсінбедім.

Қазақ тілін үйрену үшін парақшаларды іздегенімде, @qazaqsha_online парақшасын таптым. Қазақ тілінің филологы өзіңе оқушыларды жинап жатқан, мен солардың біреу болдым. Сабақтар жеке, онлайн түрде өтеді. Практикаға көп көңіл бөлінеді.

светлана (1).jpg

Маған қазақ тілін үйренген ұнайды, бірақ әзірге кей дыбыстарды айтуда қиындық бар. Сөздерге қосымша жалғауды жиі ұмытып кетемін.

Үйренем деушілерге кеңес

Оқуды бастамас бұрын, мақсатыңды біліп алу керек. Осыдан кейін оқудың әдісін таңдау оңай болады. Мысалы, маған мұғаліммен оқыған ыңғайлырақ. Өйткені, мен тек тілді ғана оқымай, мәдениетін де біле бастаймын. Оқудың мұндай әдісі қызықты.

Ауызекі сөйлеуді түсіну үшін қазақша әндер мен фильмдер көремін. Сөздердің дұрыс жазылуын білу үшін кітаптар оқимын.

Илья Франктың кітап оқу жүйесімен оқыған қызық болар еді, бірақ қазақ тілінде ондай кітап әлі шықпады.


Дмитрий Ваизиди, 28 жаста, туған жері — Алматы, сату бойынша менеджер, @demidvaizidi

дмитрий (1).jpg

Не себепті қазақ тілін үйреніп жатырмын

Мен Алматыда тұрамын. Құрылыс материалдарын сататын компанияда жұмыс істеймін. Сату бойынша менеджермін, клиенттермен көп араласамын. Қазақ тілін жұмыс үшін оқимын. Сондай-ақ, қазақ тілінде сөйлейтін, достарым мен таныстарым бар. Тілді білуімде тек оң жақтарын көремін.

дмитрий (4).jpg

Тілді қалай үйреніп жатырмын

Қазақ тілін онлайн үйреніп жатырмын. Бұл әдіс маған тиімдірек. Оқытушымен бір сабақ бір сағатқа созылады, бұдан бөлек үй жұмыстары бар. Олар өткен тақырыпты қорытындылауға көмектеседі.

дмитрий (2).jpg

Кейбір сөйлемдерді қазақ тілінде айта аламын. Жақсы нәтиже үшін әлі де сөздік қорым жетіспейді. Қазақ тілінде көп фильмдерді қараймын, актерлердің сөздерін түсіне бастадым.

Үйренем деушілерге кеңес

Қазақ тілін үйренем деушілерге жақсы мұғалім табуға кеңес беремін. Қиындықтарға дайын болу керек. Мақсатқа жету үшін уақыт пен күш керек. Тыңғылықты практикасыз нәтиже болмайды. Сондай-ақ, тілді үйренуге көмектесетін қосымшаларды жүктеп алуға болады. QazaqApp қосымшасын жүктеп алуға кеңес беремін. Қазақ тілін үйренуді сондан бастағанмын.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.