facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-zh-g-t-stokgol-mge-alay-onys-audar-any-amazon-da-tehnikaly-lid-bol-any-turaly
logo
Қазақстандық жігіт Стокгольмге қалай қоныс аударғаны, Amazon-да техникалық лид болғаны туралы

19.12.2022

Қазақстандық жігіт Стокгольмге қалай қоныс аударғаны, Amazon-да техникалық лид болғаны туралы

Қазақстандық жігіт Amazon-да техникалық лид ретіндегі тәжірибесі және Стокгольмдегі өмірі туралы айтып берді.


Бейбіт Бақтығалиев, 32 жаста, қаласы — Стокгольм, Amazon-да Senior Data Scientist, @beibit.ds

Бейбіт

Қоныс аударуы туралы


Мен Amazon компаниясында машиналық оқыту жөніндегі аға инженер болып қызмет етемін. Қазір отбасыммен бірге Швеция астанасы Стокгольмде тұрамыз.

2019 жылдың ортасында Amazon мені Швециядағы кеңсесіне сұхбатқа шақырды. Сөйтіп, бес сағаттық сұхбаттан соң маған ұсыныс келіп түсті. Ол кезде Атыраудағы «Теңізшевройлда» алты жылдан астам жұмыс істеп жүргенмін. ТШО маған маман ретінде ғана емес, көшбасшы ретінде де қалыптасуыма көмектесті. Бұл сұхбат кезінде де, жұмыста да өз жемісін берді. Алайда мен ол жерде техникалық дамудың шыңына жеткенімді сезінетінмін, осылайша мен Amazon-ға жұмысқа тұруға келістім.

Мен Amazon-да машиналық оқыту жөніндегі аға инженер болып қызмет етемін.

Қоныс аудару кезінде екі мақсатым болды:

— Amazon-дағы жұмыс тәжірибесі. Бір жағынан, компания әлемдегі үздік технологиялық компаниялардың бірі ретінде көптеген мүмкіндіктер береді. Екінші жағынан, мен осында табысты жұмыс істей алатынымды өзіме дәлелдегім келді.

— шетелде отбасыммен тұру тәжірибесі. Мен көп нәрсеге басқа қырынан қарағым келді. Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтары жайлы.

Стокгольмде мен мынадай қиындықтарға тап болдым:

— салықтар. Айлығыңның 40 пайызын беруге үйрену қиын болды

— өмір сүрудің қымбатшылығы: тұрғын үй, көлік, тұрақ айыппұлдары

— өмір сүрудің басқа ырғағы: бірқалыпты, тыныш.

Біз қараша айының соңында — күн бұлтты, суық кезде көштік. Әйелім алғашқы екі аптада чемоданын ашпағаны есімде, оның Қазақстанға қайтқысы келген болатын. Amazon бізге бір айға көлік пен пәтер берді. Алғашқы кезде бұл көп көмектесті. Қаланы аралап, ауа райына үйреніп қалдық. Таза ауа, қала, саябақтар, ормандар, кітапханалар, балаларға арналған мұражайлар. Бізге бәрі ұнады.

Қазақстанда достарымызбен, туыстарымызбен жиі жиналатынбыз. Швецияда бұл жетіспеді. Сондықтан біз қазақстандықтармен таныстық, бір-бірімізге қонаққа барып тұратынбыз. Бұдан бөлек, мен бразилиялық джиу-джитсуға жазылдым, ол жақта жергілікті жігіттермен таныстым. Біз жаңа достар тауып, өзімізді қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне бастадық.

Швециядан алған алғашқы әсерім — тазалық. Мұнда ағаш жапырақтары да әдемі үзіліп түседі. Екіншісі — табиғаты. Әдетте қала дегеніміз — үйлер, кеңселер, көліктер және ағаштар. Ал Стокгольмді ғимараттары бар үлкен орман деуге келеді. Қала орталығы бетонды, бірақ одан 20 минуттық жерде ормандар, көлдер және көптеген жаяу жүргіншілер жолдары бар.

Швециядан алған алғашқы әсерім — тазалық. Жақында көшіп келгендерге қандай да бір үйірмеге жазылуға кеңес беремін. Бұл жаңа елге, жаңа өмірге тез бейімделуге көмектеседі. Әрбір жаңа қаладан мен бразилиялық джиу-джитсу жаттығу залын табамын. Одан бөлек, адамдармен танысып, тіл үйрену де маңызды. Қалай болғанда да, бейімделу біраз уақытты қажет етеді, сондықтан шыдамды болған жөн.

Швецияда жұмысты қалай іздеуге болады


Бейбіт

Мен Малайзияда бакалавр дәрежесін алдым. Германияда тағылымдамадан өтті, ТШО-да алты жылдан астам жұмыс істедім және АҚШ-та тәжірибе жинақтадым. Жұмыс өтілімді бағдарламашы болып бастадым, ал кейіннен data science-ке ауыстым. Бұған қоса, фрилансер болып жұмыс істедім, қосымша жобалармен айналыстым. Содан кейін барып қана Amazon-ға келдім. Алған
білімім мен тәжірибем осы компанияға орналасуыма себепші болды.

Менің ойымша, мансап жолының бас кезінде әр нәрседен хабарың болғаны дұрыс. Жұмыс табуды жеңілдету үшін ең алдымен ағылшын тілін білу керек. Екіншісі — тәжірибе.

Тәжірибе неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы. Менің ойымша, мансап жолының бас кезінде әр нәрседен хабарың болғаны дұрыс. Мысалы, веб-қосымшаларды, мобильді қосымшаларды, data science, big data, cloud әзірлеу. Осылайша әртүрлі саланы көргесін, ішінен біреуін таңдап, оны терең білген жөн. Алайда өсу үшін тек бұлар ғана аздық етеді.

Amazon-дағы жұмысы жайлы


Бейбіт

Мен жасанды интеллектке қатысты ірі жобалардың техникалық лидімін. Біз сөйлеуді тану, сұранысты болжау, ұсыныстар беру жүйелерін құрастырамыз. Формула-1 жарыстарының тікелей трансляциясы кезінде субтитрлерді қоссаңыз, менің командамның жұмысын көресіз.

Сондай-ақ жақында әлеуметтік желілерде ашық болып, тәжірибеммен, білімімен бөлісуді шештім. Сөйтіп ақыры дегенде осы жазда Instagram аккаунтын аштым. IT маманы болу қиын емес, Amazon, Google, Netflix-те жұмысқа орналасу да мүмкін нәрсе. Сол себепті мен өз тәжірибеммен бөліскім келеді.

Amazon-да жұмыс кестесінде азды-көпті еркіндік беріледі. Қала орталығында үлкен кеңсе бар, бірақ үйде отырып та жұмыс істеуге болады. Сондай-ақ Швецияда бос уақытқа құрметпен қарайды. Сондықтан мұнда жұмысты артығымен істеп шаршамайды.

Қоныс аудару қалай әсер етті


Бейбіт

Мен өзім қалаған нәрсені алдым: Amazon-дағы тәжірибе және Еуропада тұру. Менің ойымша, жаһандық жобаларда жұмыс істей отырып, мен маман және көшбасшы ретінде бұрынғыдан жетіле түстім. Сондай-ақ Қазақстан мен Швецияның жақсы және жаман жақтарын үйлестіруді де үйрендім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.