Біз әртүрлі елдердегі кәсіп өкілдерінің жұмыс ерекшеліктері туралы айтуды жалғастырамыз. Бұл жолы қазақстандық заңгермен сұхбаттастық.
Абдет Айжан, қаласы — Алматы, заңгер, @abdet_aizhan
Мамандық таңдауы туралы
Мен сегіз жылдан астам тәжірибесі бар заңгермін. ҚазҰУ-ді бітірдім. Еңбек жолымды халықаралық компанияда 100 000 теңге жалақымен заңгер болып бастадым. Қазір өзімнің заңгерлік фирмам бар.
Мен өзімді заманауи заңгермін деп санаймын. Біз франшизалар, ақпараттық бизнес және серіктестіктер жөнінде кеңес береміз.
Қазақстандағы заңгерлер туралы
Қазақстанда заңгер болу үшін өз ісіңе қызығушылық танытып, оқуға және дамуға ұмтылуың қажет.
Заңгер мамандығы қашанда сұраныста
Заңгер мамандығы қашанда сұраныста. Бірақ көбісі ауыр құқықтық процестер мен күнделікті қағазбастылықтан қашқақтайды. заң білімі бар адамдар көп, бірақ нағыз мамандар аз.
Жұмыс жағдайлары туралы
Кәсіби маман болуға дайын жандарға жақсы жағдай жасалған. Мамандарға сұраныс бар, халық сапалы қызмет үшін ақша төлеуге дайын.
Мықты заңгер болуыңыз үшін өз ісіңізге деген сүйіспеншілік керек, сауатты жазып, жақсы сөйлеуіңіз қажет, сондай-ақ нормативтік актілерге деген қызығушылығыңыз және басқаларға көмектесуге деген ұмтылысыңыз болуы керек.
Жоспарлары жайлы
Жоспарымда компаниямды бүкіл ел бойынша кеңейту және қазіргі бизнес нарығын жаулап алу. Керемет өнімдерді шығару және енді бастап келе жатқан заңгерлерді оқыту да жоспарымда бар.