facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-yzdy-a-sh-ty-denver-alasynda-y-m-r-zhayynda
logo
Қазақстандық қыздың АҚШ-тың Денвер қаласындағы өмірі жайында

27.04.2019

Қазақстандық қыздың АҚШ-тың Денвер қаласындағы өмірі жайында

Айдана Галиева, 24 жаста, туған қаласы — Алматы


Өмірі жайында


Мен оныншы сыныпта оқыған кезде, АҚШ-та оқуды қалайтынымды шештім. Ата-анам рұқсат бермеді, анам жақын жерге, мысалы, Еуропаға баруды ұсынды. Бірақ өзінің таныстары арқылы студенттерді Америкаға жіберумен айналысатын әйелді тапты. Біз Техас штатындағы Хьюстон қаласын таңдадық, себебі сол жерде керек кезде маған көмектесе алатын немесе кеңес бере алатын достарымызды таптық.

Хьюстонда Алматыда сияқты саябақтар көп. Мен қаланың ыстық және дымқыл ауасына ұзақ үйрендім. Қала халқының саны бойынша АҚШ-дағы төртінші орында тұр, көліксіз жүру мүмкін емес. Қоғамдық көліктер де көп емес. Техаста көліктер бүкіл Штаттағы ең арзан болып саналады. Сол себепті қала тұрғындарының басым бөлігі автобуспен немесе метромен емес, көлікпен жүреді.

19489729_1359560837414602_1130270963_n.jpg

Хьюстонда көп этникалық топтар тұрады, біздің отандастарымыз да бар. Бастапқы кезде олар маған тұрғын үймен, көлікпен және оқумен көмектесетін, сол үшін оларға алғысымды білдіремін.


Қала жайында


Қазірде мен Колорадо штаты Денвер қаласында тұрып жатырмын. Мен тауларды және қарды сағынғандықтан, Колорадоға көшіп кеттім. Жергілікті климат алматылық климатқа ұқсайды, ауа райы құбылмалы: маусым айында қар мен бұршақ жаууы немесе 30 градус ыстық болуы мүмкін. Денвердің тұрғындары бос уақытты тауларда өткізуді ұнатады. Осындағы сүйікті әуестері – хайкинг.

денвер.jpg

Менің қаладағы сүйікті жерім – Downtown және Citypark. Downtown-да сүйікті кофеханада отыруды, құрбылармен кездесіп, сырласуды жақсы көремін. Citypark-та өзім сүйікті кітабымды оқып, серуендеуді жақсы көремін. Citypark хайуанаттар бағына жақын орналасқан, сол жерге де жиі барып, пингвиндерге және қызыл пандаларға қызығып қараймын.

Мен тауларды және қарды сағынғандықтан, Колорадоға көшіп кеттім



Инфрақұрылым жайында


Денверде Хьюстонда сияқты әрбір американдықтың көлігі бар, себебі бағалары қолжетімді. Автобустардың көлемі ұлғайғанын байқауға болады, себебі көптеген американдықтар қаланың сыртында тұрып, орталығында жұмыс істейді.


Салықтар жайында


Міндетті салықтардың үші түрі бар:

— табыс салығы, пайызы жалақының өсуіне байланысты жоғарылайды

— әлеуметік қамсыздандыру салығы – жалақының -6.2% алынады

— және medicare деп аталатын салық. Medicare — бұл 65 жастан бастап берілетін медициналық сақтандырудың ұлттық бағдарламасы – жалақының 1.45% қамтиды.


Медицина жайында


Жұмыс істеген кезде, жұмыс беруші сақтандырудың 80% өтейді, қалған 20% жұмысшының өзі төлейді. Мен айына $200 төлеймін. Сақтандыру міндетті болып таылады. Егер сіз жұмыс істемесеңіз, бірақ жұбайыңыз жұмыс істесе, сақтандыруды оның компаниясы арқылы алуға болады. Сонымен қатар жұмыс беруші балаңыздың сақтандыруын өтейді. Сақтандыру қандай дәрігерлерді немесе қандай қызмет түрлерін өтейтінін айту қиын. Бұл сұрақтар сақтандыру компаниясымен жекелей келістіріледі. Мысалы, менің сақтандыруым косметолог және пластикалық хирургтың қызметтерін өтемейді.

Егер сіз жұмыс істемесеңіз, бірақ жұбайыңыз жұмыс істесе, сақтандыруды оның компаниясы арқылы алуға болады


Өкінішке орай, жедел жәрдем, ақылы және арзан емес. Бизнес-құқық бойынша профессорым ауруханаға жету үшін $1500 төледі, жол он минут уақытты алды. Есепшотты емделудің соңында, адамды ауруханадан шығарған кезде, береді.


Білім жайында


19489324_1359560840747935_1458077688_n.jpg

Қазақстанда студент жоғарғы оқу орнына түскен кезде, оқудың ақысын бірден төлеп тастау қажет. Штаттарда несие негізінде оқуға болады: демек, оқуды бітіргесін дипломды алып, ақысын ай сайын пайыздармен бірге өтеп тастауға болады. Осында жоғарғы білім бағаланбайды, егер университетті бітіруді қаласаң, өз күшіңе сенуің керек, ешқандай байланыстар көмектеспейді.

Емтихандарда көшіріп отыруға тыйым салынады, ол үшін қатаң жазалайды. Дипломыңызды алып қалуы немесе жоғарғы оқу орнынан шығарып тастауы мүмкін. Ешкім пара алмайды, бұл да жазаланады. Жалпы, профессорлардың жалақылары жақсы, пара алудың қажеті де жоқ.

Штаттарда несие негізінде оқуға болады: демек, оқуды бітіргесін дипломды алып, ақысын ай сайын пайыздармен бірге өтеп тастауға болады



Отбасы жайында


Қазақстанда отбасы үлкен рөл атқарады. Біздің ата-анамыз баланы асырап, лайықты білім беру үшін барлығын жасайды. Немерелердің дүниеге келуі – біз үшін ерекше жағдай, апалар мен аталар балалардың тәрбиесіне белсенді қатысады. Штаттарда балалар 18 жастан кейін өздігінен өмір сүреді. Үйден жеке шығып тұрады, қатарынан жұмыс істеп, сабақ оқиды. Жастар ата-аналарынан ештеңе сұрамай, барлығына өз күшімен қол жеткізуге тырысады. Кейбір ата-аналар көмектеседі, кейбіреулері балаларының өзіндігінен өмір сүруі үшін көмектесуден немесе оқулары үшін төлеуден бас тартады. Балалар да ата-аналары қартайған кезде, оларға қарамайды, керісінше қарттар үйіне жібереді. Бірақ осындағы қарттар үйі – қарттарға арналған шипажай сияқты. Олар осында жаңа адамдармен танысады, шахмат ойнайды, бірге шәй ішеді және көңілді әңгімелер айтып, өзара араласады.

Жастар ата-аналарынан ештеңе сұрамай, барлығына өз күшімен қол жеткізуге тырысады



Тұрғын үй жайында


19489624_1359560847414601_259193676_n.jpg

Жалға алудың орташа бағасы өзгеріп отырады. Мен жұмысыма жақын жерде тұрамын, екі қабатты үйдегі бөлмем үшін $600 төлеймін. Бір адамға арналған бір бөлмелі пәтерді қарастырақ, оның құны шамамен $950-1300 болады, екі бөлмелі – $1400-$2000, үш бөлмелі – $2100 — $2600 тұрады.

Downtown-да бір бөлмелі пәтер үшін $1800 — $2500 төлеуге тура келеді.

Әдетте американдықтардың ешқайсысы үйдің/пәтердің толық құнын өтемей, банкте несие ресімдейді. Сізге бұл ауданда тұру қаншалықты ұнайтыны қарастырылады, егер балаларыңыз болса, үй кішкентай болып қалуы мүмкін. Ипотека 30 жылға беріледі, бірақ ешкім 30 жыл бойы төлеуге талап етпейді. Сіз үйіңіздің құнын әлдеқайда бұрын өтеп қоюыңыз немесе сатып тастауыңыз мүмкін. Әрине, бұл жағдайда сіздің кепілдемеңіз қайтарылмайды.

Әдетте американдықтардың ешқайсысы үйдің/пәтердің толық құнын өтемей, банкте несие ресімдейді


Коммуналдық қызметтерге орташа есептегенде $100 төлеймін: суға — $15, электр энергиясына — $50, интернетке — $35. Үйде 3 қыз болғандықтан, жалпы айына $280 — $350 төлейміз. Мен телефон үшін $63, телевидениеге — $80 төлеймін.


Тамақ жайында


Жергілікті тамақ біздікінен қатты ерекшеленеді. Біздің етіміз және жемістеріміз, көкөністеріміз ең жақсы тағамдар болып табылады. Осында негізінен жемістер мен көкөністердің барлығы дерлік пестицидтармен өңделген.

Американдықтар еңбекқор халық және кейбір кезде өздеріне кешкі асты әзірлеуге уақыттары болмайды. Сол себепті осында мұздатылған азық-түліктер кеңге таралған. Адамдар жүріп тамақ ішеді, түскі асқа үзіліс алатын адамдар аз, жиі түрде жұмыс үстелінде тамақ ішеді.

Өзіңе тамақ әзірлеу арқылы үнемдеуге болады, бірақ жұмыстың көлемі мен тығыз кестесінен бұл мүмкін емес. Мен жұмыс күндері уақытым болмағандықтан, әдетте, барлығын жексенбі күні алдын-ала әзірлеп қоямын.

19489429_1359560844081268_1540573652_n.jpg


Адамдар жайында


Жергілікті адамдар сыпайы болып келеді, бірақ бұның шынайы емес екенін бірден түсінуге болады. Американдықтар жалғыздық күйінде өмір сүреді. Олардың үй жануарларына, әсіресе иттерге деген сүйіспеншілігі ерекше. Кейбір кезде маған адамдарға қарағанда иттерге деген қатынас әлдеқайда жақсырақ сияқты болып көрінді. Олар үшін мансап бірінші орында, отбасы екінші орында тұрады. Әрине, барлығында олай емес, бірақ мен кездестірген американдықтардың басым бөлігі 30-дан кейін үйленеді.

Американдықтар барлық жерде teamwork жүйесін насихаттаса да, бізге қарағанда дарашыл болып келеді. Күрделі жағдайларда әрбір адам өзіне ғана жауап береді. Сізге күлімдеп қарауы мүмкін, бірақ сізге деген шынайы қатынасын түсіну қиынға соғады.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Креативті Шымкент: жас және шығармашылық қалалықтар үшін 7 кеңістік
Дубайдың must visit орындары. Мереке Окасовтың айтуынша ең үздік 11 орын
Дубайдың must visit орындары. Мереке Окасовтың айтуынша ең үздік 11 орын
Малайзияға, Түркияға немесе Италияға қалай арзан ұшуға болады: лоукостерлер және олардың артықшылықтары туралы
Малайзияға, Түркияға немесе Италияға қалай арзан ұшуға болады: лоукостерлер және олардың артықшылықтары туралы
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Еуропадағы ең әдемі қамалдар мен сарайлар: көруге тұрарлық орындар
Еуропадағы ең әдемі қамалдар мен сарайлар: көруге тұрарлық орындар