facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/039/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/039e5a8d3e236925a7408ba0e7f6569d.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standy-otbasy-a-sh--y-m-r-zh-ne-ne-sebept-aytyp-kelg-ler-kelet-n-zhayly
logo
Қазақстандық отбасы АҚШ-ғы өмірі және не себепті қайтып келгілері келетіні жайлы

23.04.2020

Қазақстандық отбасы АҚШ-ғы өмірі және не себепті қайтып келгілері келетіні жайлы

Сәбит Караев, 29 жаста, қала — Майами, PhD student, @sabitkarayev

Назгүл Баетова, 29 жаста, қала — Майами, PhD student, @naznurmiami

sabit_nazgul(4).jpeg


Қазақстан — АҚШ


Назгүл. Біз АҚШ-на 2014 жылы «Болашақ» стипендиясын ұтып алғанда көшіп келдік. Филадельфияға, Пенсильван университетіне тіл курстарына келдік. Сол жақта таныстық.


Көшу кезіндегі қиындықтар жайлы


Назгүл. Алғашқы қиындық — баспана. АҚШ-да пәтерді жалға алу үшін жылдық келісім-шарт жасасып, депозит төлеу керек. Ол үшін адамның капиталы болу керек. Біз жолдасым екеуіміз әлі таныспаған едік, бірақ екеуімізге де баспананы іздеуде жергілікті қазақ студенттері көмектесті.

sabit_nazgul(3).jpeg

Сәбит. Тәжірибелі қазақтар қайда және кімге бару керектігін айтты. Банк картасын қалай ашу керектігі жайлы кеңес берді.

Назгүл. Мен кездескен екінші қиындық — тілдік барьер. Сәбит — ҚТЛ түлегі, сондықтан ол жағынан онда қиындық болған жоқ. Бірақ маған қарым-қатынас жасауға, тауар сатып алуға қиын болды.

Екеуімізге де баспананы іздеуде жергілікті қазақ студенттері көмектесті


Сәбит. Кейін тууға арналған сақтандыруды іздеу бойынша қиындықтар болды. Біз процесстің қалай жүзеге асатынын, қалай және кімге төлеу керектігін білмедік. Сол үшін бірнеше ай уақытымызды жоғалтып алдық.

Назгүл. Мен жүкті болған кезімде аурухана туралы, бағасы жайлы білу керек еді. Қиындық тек бала туғаннан кейін ғана шешілді.


АҚШ-ғы өмір жайлы


Назгүл. АҚШ туралы алғашқы ойым оң болды. Мұнда өмір сүру деңгейі басқа.

АҚШ-да бізге ұнайтыны:

— адамдар. Олар шынайы көмектескісі келеді және оған ақы алмайды.

— инфрақұрылым. Кей жолдар ақылы болса да, олар сапалы.

— қызметтер. Мұнда «Клиенттікі әрдайым дұрыс» деген қағида шын мәнісінде жұмыс істейді.

— төтенше жағдайларға штаттың, мемлекеттің реакциясы. Біз 2018 жылы Ирма дауылы кезінде Майамиде болдық. Көптеген істер кәсіби тұрғыда жасалды. Мысалы, жанармай мен азық-түлікке бағаларды жоғарлатуға тыйым салынды. Барлық ақылы жолдар, тегін болды.

— медициналық қызметтер. Мұнда дәрігерлерге сенім бар. Мысалы, біздің ұлымыз штаттағы ең үздік ауруханада қаралады. Біз дәрігер қарауына алғаш барғанда олар клоундардың киімдерін киіп алған. Баланың бойында стресс болмауы үшін. Сондай-ақ дәрігерлердің балалардың ойын аулауға арналған ойыншықтары бар.

Сәбит. Мұнда әр адамның өзі үшін жауап беретіні ұнайды. Барлығы дара, басқа адамды тұлға ретінде құрметтейді. Осы үшін өзіңді қолайлы сезінесің.

sabit_nazgul(5).jpeg

Назгүл. Сөз бостандығы бар. Цензура жоқ, өз ойынды айтуға болады.

Сәбит. Мұнда барлығы спортпен айналысуға тырысады. Әсіресе үлкен кісілер.

АҚШ-на көшіп келгендерге барлық келісім-шарттарды мұқият оқу керек


Назгүл. Біз таңертең жаттығу залына барамыз және онда міндетті түрде үлкен адамдар спортпен айналысып жүреді.

Сәбит. АҚШ-на көшіп келгендерге барлық келісім-шарттарды мұқият оқу керек. Әсіресе телефон компанияларының. Көшу кезінде вакциналар паспорты міндетті түрде болу керек, әсіресе балалардікі.

Назгүл. Балабақшаға, мектепке немесе университетке бұл құжатсыз қабылдамайды.

Сондай-ақ тұруға бара жатқан қала, штат туралы зерттеулер жүргізіп алу керек. Себебі әр штат әртүрлі.


Қызметі жайлы


Назгүл. Мен жоғары білім беру бойынша PhD-кандидатпын, Қазақстандағы жоғары білім жайлы диссертация жазып жатырмын.

Сәбит. Мен физикпін. Докторантурада оқимын. Менің қызметімнің саласы — физиканың конденсирілген күйі. Наномагнетизмді зерттеймін: есте сақтау қабілетін, жылдамдықты, деректер сыйымдылығын жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін материалдары. Келесі жылы диссертация қорғаймын.

Ұсыныс хаттар университетке түсерде немесе жұмысқа тұруда үлкен рөл ойнайды


Назгүл. Бұдан басқа біз университетпен келісім-шарт бойынша жұмыс жасаймыз. Шарттарының бірі: сабақ беру, зерттеулер жүргізу және профессормен жұмыс істеу.

Түсу қиын болған жоқ, себебі өз мамандығымды жақсы көремін. Майамиде магистратура бітірдім, ал докторантураға түсу үшін эссе жазуға, ұсыныс хаттарды жинауға тура келді. Ұсыныс хаттар университетке түсерде немесе жұмысқа тұруда үлкен рөл ойнайды.

sabit_nazgul(1).jpeg

Сәбит. Мұнда тәжірибе мен ұсыныстар маңызды. Егер сен тест пен эсседе жақсы болсан да, оған қоса ұсыныстар қажет.

Назгүл. Мысалы, егер сенде ағылшын тілі бойынша баллын жетпей тұрса, бірақ Америкадағы құрметті профессордың ұсыныс хаты болса олар сенің құжаттарынды қарайды.

Сәбит. Докторантураға түсу үшін нақты мақсатың болу керек. Зерттеулер саласындағы тәжірибе де маңызды. Үшінші немесе төртінші курста тағылымдамадан өтетін орынды қарастырып қою керек. Тыңқылықты дайындалып, зерттеулермен айналысу керек.

Жұмыс істей алатыныңды, тәжірибенің барын, тағылымдамадан өткеніңді, зерттеулер жүргізгеніңді, профессорға көмектескеніңді көрсету керек. Бірақ бастысы — өзіңді дұрыс таныстыру. Америкада өзіңді сата білуің маңызды. Мұнда қарапайымдылық деген жоқ.

Назгүл. Гуманитарлық ғылымдарда көп оқып, көп жазу керек. Адам тұрақты болуы керек. Көп уақытын кітаптарға арнауы керек.

Америкада өзіңді сата білуің маңызды. Мұнда қарапайымдылық деген жоқ


Менің саламда коммуникативтілік қажет. Докторантурада жұмысты көбінесе өзің істейсің, бірақ бәрібір коммуникативті бола білуің керек, профессормен жақсы қарым-қатынас орната алуың маңызды. Өйткені профессор — сенің барын, ол сені алға жетелейді, кеңес айтады, нені және қашан жазу керектігін айтады. Мысалы, менің профессорым маған көмектесу үшін, тіпті, Қазақстанды зерттей бастады.

Және басты нәрсе — сен төрт-бес жыл білім аласың, осыған психологиялық тұрғыда дайын болу керек.


Көшу қалай әсер етті


Назгүл. Менің өз-өзіме, өзімнің дағдыларыма, біліміме деген сенімділігім артты. Құндылықтарды қайта бағалау болды.

Біз есейдік, осында отбасы құрдық.

sabit_nazgul(2).jpeg

Сәбит. Көзқарасым кеңейді. Біз бағалы дағдыларды алдық, зерттеулерді қалай жүргізу керектігін үйрендік. Әрқайсымыз өз саласының эксперті болдық.

Назгүл. Біз Қазақстанды көбірек жақсы көріп, оны бағалай бастадық. Мұнда мен қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауды үйрендім.

Сәбит. Қазақстандағы көптеген нәрселерді сағынамыз. Тезірек үйге оралғымыз келеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.