Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Қазақстандық азаматша Канар аралдарында тұрып, жыл сайын жағажайда шомылуға мүмкіндік алып, Испанияға қалай қоныс аудару керектігі жайлы
3129

28.12.2017

Қазақстандық азаматша Канар аралдарында тұрып, жыл сайын жағажайда шомылуға мүмкіндік алып, Испанияға қалай қоныс аудару керектігі жайлы

Айгерим Коккозова, 31 жаста, туған жері — Алматы, сәнгер


Өмір жайлы



Біз ғажайып Тенериф аралында 5 жыл тұрамыз. Ортаңғы қызыма Қазақстанның ауасы мен ауа-райы жақпағандықтан кетіп қалдық.


1.jpg


2.jpg


Аралдың басты ерекшелігі — ауа-райы мен ауаның мүлдем газданбауы. Бұл жерде жыл бойы жаз, таза ауа, айналымызда аралдар, Атлант мұхиты. Жыл сайынғы жағажайлар балаларға жақсы әсер береді. Бұл жерде барлық төрт мезгіл бір мезетте өз үйлесімін табады: оңтүстік жақта ылғи көктем мен жаз, солтүстікте ылғи күз, Тейде жанартауына көтерілсеңіз ол жақта қар жатады, ал егер астына түссеңіз, ол жақта шомылуға болады. Аралда қылқан жапырақты және эвкалипт ормандар бар.


Қала жайлы



3.jpg

Біз Адехе деп аталатын, кішігірім қалада тұрамыз. Бұл жердегі қалалардың бір-бірінен қатты айырмашылығы жоқ, өйткені олар біртіндеп бірінен біріне өтеді. Түристтік қалалар жағажайға жақын орналасқан, ал біз жоғарырақ тұрамыз. Осы жаққа көшіп келгенде маған барлығы бірден ұнады: адамдары да, арал да, ауа-райы да.

Бұл жерде түрлі фестивальдар өткізіледі. Аумағы біздің аудандай, әр қаланың өз фестивальдары, мерекелері, жәрмеңкелері бар. Ақпан айында Астанада тойланатын карнавал — ең үлкен мереке деп саналады. Бұл мерекеде Канар аралдарының ханшайымын таңдайды. Кейде үміткерлер саны жүзден асады, олардың ішінен тек біреуін таңдайды. Бұл фестиваль әлемде аумағы бойынша Рио-де-Жанейродағы фестивальдан кейін екінші орында.


4.jpg


Жақсы көретін жеріміз — әрине, жағажай. Сонымен қатра, балалармен орманға барғанды жақсы көреміз, әсіресе эвкалипт орманына. Жағбырдан кейін ол жерде керемет иіс болады. Ол Parque Nacional del Teide қорығының аумағында орналасқан. Арал аса қатты үлкен болмағандықтан, серуендейтін жерлер көп емес.

Қалалардың инфрақұрылымы жақсы дамвыған. Материкпен салыстырсақ, аздап кемшілікетрі бар, бірақ Қазақстанмен салыстырсақ, бірнеше есе жақсырақ.



Салықтар туралы



Біз бұл жерге өмір бойына көшіп келдік. Осы себептен біз жер салығын, комуналдық қызметтерді төлейміз. Егер жұмыс істеуге рұқсат беретін карточкаңыз болса, әр ай сайын өзіңіз үшін салық төлейсіз.

Қазақстандықтар Испания аумағында 5 жыл тұрғаннан кейін бірақ, жұмыс істеуге рұқсат беретін карточканы ала алады. Бірден рұқсат алу үшін, сені жұмысқа алатын компаниямен келісім-шартыңыз қажет болу керек. Ол компания сізді бес-он жылға жұмыспен қамтамасыз етеді деген келісім-шартқа отыруыңыз қажет.

Сол келісім-шарт арқылы сіз жұмыс істеуге рұқсат беретін карточка ала аласыз. Тұруға рұқсат беретін карточкамен Испания аумағында жұмс істей алмайсыз. Ондай карточкаңыз болса, Қазақстанда жұмыс істеп, жалақы алатыныңызды дәлелдейтін құжаттарды көрсету керек.



Медицина жайлы



Бұл жерде медицина, Қазақстанға қарағанда жақсы дамыған. Жедел жәрдемнің құны сақтандыруға кіреді. Медициналық сақтандыру міндетті. Ол тегін де, мемлекеттік те, жеке меншік те болуы мүмкін.

Бірақ, тегін сақтандыруды жұмыс істеуе рұқсат беретін карточкаңыз ғана болса, қолдана аласыз. Тек тұруға рұқсат беретін карточкаңыз болса, онда жеке меншік сақтандыру компаниясына бару керексіз, ол шамамен 600 евро тұрады.



Баспана туралы



5.jpg

Барлығы жер үйлерде де, пәтерлерде де тұрады. Барлық пәтерлерде ,8 балконға тең, үлкен терассалар бар. Испандықтар көп уақыттарын осы терррасада өткізеді.

Туристтік қалашықта баспана қымабттырақ тұрады. Бір бөлмені жалға алу айына 500 евро және одан да қымбаттырақ тұрады. 200-300 евроға да табуға болады, бірақ олар жағажайдан алыс орналасады

Шетелдіктер баспана сатып ала алады. Туристтік қалашықта баспана қымабттырақ тұрады. Бір бөлмені жалға алу айына 500 евро және одан да қымбаттырақ тұрады. 200-300 евроға да табуға болады, бірақ олар жағажайдан алыс орналасады. Бір бөлмелі пәтер — бір жатын бөлмесі бар пәтер, олар қонақ бөлмені санамайды. Бұл жерге келіп тоқтайтын, туристер жағажайдың жанында тоқтамайды, туристер жыл сайын келетіндіктен, ол жерде өте шулы.

Сонымен қатар, жел көтерілгенде әйнектерді тұздан жуу өте қиын. Жағажайдың жанында тұру қатты ыңғайлы емес. Біз қарапайым ауданда тұрамыз.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және байланыс туралы



Комуналдықтың төлемі пәтердің ауданына жіне интернеттің түріне байланысты. Отбасымыз үлкен болғандықтан 300 евро ақша — суға, жарыққа және интеретке кетеді. Жылу жүйесі бізде жоқ.



Тамақ туралы



Канарлар етті жақсы көреді. Оны әртүрлі дайындайды, көбінесе үлкен бөліктерін грилбде пісіреді.

Сондай-ақ, Канар аралдарынның ұлттық тағамы — потахе көжесі. Бұл жерде нанды жақсы көреді, бірақ етсіз өмір сүре алмайды. Сиыр, бұзау, қой еттерін жейді. Бұл жерде қойлар банан жеп өскендіктен еті өте дәмді. Және қойларда құйрық май болмайды.

Біз тамақты үйд жейміз, егер бір жерге шықсақ мен чулетон сатып аламын, бұл — грильда пісірілетін қойдың сүйек қабырғаларынан алынатын үлкен кесек ет.



Білім беру жүйесі жайлы



6.jpg

Бұл жақта мектепке екі жатан барады. Үш айдан екі жасқа дейін бала балабақшаға барады. Екі жасқа дейін балабақшаға барады немесе бармайды деп таңдау жасай алсаңыз, екі жаста мектепке беруге міндеттісіз. Мемлекеттік және жекеменшік мектептер бар. Мемлекеттік мектептер толығымен тегін. Лютер Кинг — жекеменшік мектептердің ішіндегі ең жақсысы. Тамақтануды және апарып-әкелуді санамағанда ай сайын оқу 90 евро тұрады, ал егер барлығы бірге болса, 300 евро болады.

Мектеп формасы тек жекеменшік мектептерде бар. Ол 100 евро тұрады. Әр мектептің өз логитіпі бар формасы бар.

6 сыныптан бастап, біздің мектепке әр жыл сайын Оксфордтан профессорлар келеді. Егер бала 6 сыныптан 13 сыныпқа дейін жақсы оқыса, ол Оксфордта тегін оқи алады

Бұл жердегі білім жүйесі жақсы дамыған, оқу 13 жылға созылады. 6 сыныптан бастап, біздің мектепке әр жыл сайын Оксфордтан профессорлар келеді. Егер бала 6 сыныптан 13 сыныпқадейін жақсы оқыса, ол Оксфордта тегін оқи алады.



Адамдар туралы



Жергілікті тұрғындар өздерің канарлар деп атайды жіне олрады испандық деп атасаң ренжиді. Бұл жердегі адамадар өте жақсы, қазақтар сияқты әрдайым екі сағатқа кешігіп келеді. Канарлар ақжарқын, шынайы, үнемі көмектесуге дайын тұрады. Бұл жерде әйелдер мен балаларды ерекше құрметтейді. Барлық құқытар әрдайым әйелдердің жағында. Сонымен қатар, бұл жерде қылмыстық әрекеттер мүлдем жоқ.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу