facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/c05/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/c052fc9bdcdc853d679518623766922c.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standa-z-n--z-zh-myspen-amtu-m-rtebes-turaly-b-luge-azhet-a-parat-saly-tar-arty-shyly-tary-men-kemsh-l-kter
logo
Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту мәртебесі туралы білуге қажет ақпарат: салықтар, артықшылықтары мен кемшіліктері

09.06.2022

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамту мәртебесі туралы білуге қажет ақпарат: салықтар, артықшылықтары мен кемшіліктері

Өзін-өзі жұмыспен қамту деген не және ондай мәртебені кімге алған пайдалы болатыны туралы салық заңгері мен фриланстағы дизайнермен сөйлестік.


Габитжан Кудайберген, 39 жаста, қаласы — Астана, салық юристі, GK & Partners юристік фирмасының негізін қалаушы және жетекшісі, @gabitzhan_kudaibergen


Габитжан Кудайберген.jpeg



Өзі жайында


Мен салықтармен 14 жылдан астам уақыт айналысамын. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Салық комитетінде және халықаралық заңи фирмада жұмыс істедім.

2017 жылы салық заңына маманданған GK & Partners заңи фирманы аштым. Тар шеңберлі мамандық болуына байланысты біз тез арада салық саласындағы заңи қызмет ұсынатын кішігірім фирмалар арасында көшбасшы атандық.

Өзін-өзі жұмыспен қамту мәртебесі жайында


«Өзін-өзі жұмыспен қамту» термині шартты. Бұл жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеусіз және қызметкерлерді жұмысқа орналастырмай, басқа жеке тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғаларды білдіреді.

Денсаулық сақтау жүйесін реформалау, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруды енгізген кезде өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы бізде айтыла бастады. Ресми түрде ешқайда тіркелмеген азаматтар бізде көп екені анықталды. Олардың бәрі әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа жүйесінде медициналық көмек құқығынан айрылды.

«Өзін-өзі жұмыспен қамту» термині шартты


Мұндай азаматтардың сақтандыру мәселесін шешу үшін олар бірыңғай жиынтық төлемді ойлап тапты. Елордада, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын болса, айына бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал басқа елді мекендерде тұрса, 0,5 АЕК мөлшерінде ӨСП төлеу жеткілікті. Қосымша тіркеу және салық есептілігі талап етілмейді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушінің мәртебесі медициналық әлеуметтік міндетті сақтандырудың жаңа жүйесінде медициналық көмек алуға құқығын береді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар туралы айтқан кезде, негізі таксистерді меңзейді. Бұл термин үйде қызмет көрсете алатындардың бәріне де келеді. Бұл әйелдер сұлулығының шеберлері, шет тілі мұғалімдері, психологтар және т.б. Жылына 3,6 миллион теңге немесе айына 300 000 теңге кіріс шегі бар.

Салықтар туралы не білу керек


Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар төлейтін ӨСП төрт төлемді біріктіреді:

— жеке табыс салығы, ӨСП жалпы сомасының 10%

— әлеуметтік аударымдар, ӨСП-тен 20%

— міндетті зейнетақы жарналары, жалпы ӨСП сомасының 30%

— міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар, ӨСП-тен 40%.

Сіз «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ деректемелеріне 1 немесе 0,5 АЕК төлейсіз. Оны өз бетінше бөледі және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және төлеушінің тұрғылықты жері бойынша тиісті бюджетке аударады.

Артықшылықтары мен кемшіліктері жайында


Артықшылығы — бекітілген міндеттемелерді орындаудың жеңіл болуы, ЖК ретінде тіркелмеудің болмауы, сондай-ақ кішігірім ӨСП.

Сонымен бірге ең соңғысы өзін-өзі жұмыспен қамтудың негізгі кемшілігі болып табылады. Бірыңғай жиынтық төлемнің тек 30%-ы ғана зейнетақы жарнасын құрайды, сондықтан сондай соманың жинақтау көлемі шамалы. Мысалы, ол пәтер сатып алуға сенімділік бермейді. Тағы оларға ипотекалық несие алуға табысты растау қиын. Оның үстіне, қыздар декреттік демалысқа шығуды жоспарласа, жүктілік және босану бойынша ең төменгі әлеуметтік төлемдерді ғана ала алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы мен фрилансер — жалдамалы жұмысшы мен кәсіпкер арасындағы өтпелі кезең деп санаймын.

Жалдамалы жұмысшыға қарағанда оның еркіндігі бар, оған күнде жұмысқа барудың қажеті жоқ. Сонда да олар табыс табу үшін әрдайым іспен айналысу керек. Бірақ оларда басқа адамдар сияқты шаршайды және ауырып қалады, сол үшін арасында демалу маңызды.

Жұмыспен қамтушы кәсіпкер сияқты — жұмыс берушіге тәуелді емес, бірақ көп жағдайда барлығын өзі жасайды. Өзі жұмысшы жалдайтын кез де келеді, сонда оған толықтай ЖК немесе компанияны тіркеу керек болады.


Жандос Жоламанов, 25 жаста, қаласы — Алматы, дизайнер, @zholmanov.design


Жандос Жоламанов.jpg


Өзі жайында


Мен дизайнермін. Фриланспен төрт жылдан астам уақыт айналысамын. Тапсырыстарды өзім қабылдаймын, дизайн, логотип пен фирмалық стиль жасаймын.

Адамдар мен жайлы таныстарынан естіп келеді. Маркетинг агенттігінің серіктесімін, сондай-ақ бірнеше бизнесті дамытудамын. Бірақ мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегенмін.

Өзін-өзі жұмыспен қамту мәртебесі жайында


Өзін-өзі жұмыспен қамтушы замануи тілде — фрилансер. Ол ресми түрде компанияда жұмыс істемейтін және өзінің ЖК-і жоқ, өзіне жұмыс жасайтындар.

Оны бекіту үшін ешқайда барудың қажеті жоқ, ӨСП төлегеннен кейін автоматты түрде анықталады.

Салықтар туралы не білу керек


ӨСП-ні Kaspi арқылы төлеймін. Бұл ыңғайлы, себебі есеп толтырудың, қағазбен артық жұмыстың қажеті жоқ.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы замануи тілде — фрилансер


Сонымен қатар менің зейнетақы жарнам тұрақты — олар өспейді, себебі менің табысыма тәуелді емес, тұрақты соманы төлеймін.

Артықшылықтары мен кемшіліктері


Басты артықшылығы — офисте 09.00-ден 18.00 дейін болудың қажеті жоқ. Алайда барлық жауапкершілік сенің мойнында — оны менеджер немесе бастыққа арта алмайсың. Бұл жұмысты сапалы жасауға итермелейді.

Еркіндік тартады — мен әртүрлі істермен айналыса аламын және бір орынға байланып отырмаймын. Менің қандай нәтижеге жететінім — өз ісім.

Егер жалдамалы жұмысшы жұмыс күні аяқталғаннан кейін алаңдамай телефоннын өшіріп, өз істерімен айналыса алса, өзін жұмыспен қамтушы олай жасай алмайды — міндетті түрде әрдайым байланыста болу қажет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.