facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/99c/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/99c28e1a0e94fc8a5abd7b0c93f07796.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
aza-standa-tu-an-resseyd-yg-l-8-adamy
logo
Қазақстанда туған Рессейдің әйгілі 8 адамы

05.12.2019

Қазақстанда туған Рессейдің әйгілі 8 адамы

Лера Кудрявцева


Лера Кудрявцева.jpeg

Тележүргізуші Өскемен қаласында ғылым қызметкерлерінің отбасында дүниеге келді. Туған жерінде Лера Культпросветучилище де театр режиссурасын бітірді. Мәскеуге көшкеннен кейін ГИТИС актерлік бөліміне оқуға түсті. Өз карьерасын әйгілі әншілердің қосалқы бишісі мен әншісі болып бастады. Лера «ТВ6», «ТНТ» каналдарында жүргізуші болды. Қазір оның Муз-ТВ» мен «НТВ» арналарында өз телешоулары бар. Сондай-ақ Лера «Муз-ТВ» премиясының жүргізушісі.


Мария Ивакова


Мария Ивакова.jpg

Оның отбасы Теміртау қаласында тұрды, осы жерде «Орел и Решка» бағдарламасының жүргізушісі де дүниеге келді.

Кейін ата-анасы түрлі қалалар мен елдерге көшіп қонып жүрді, түбінде Санкт-Петербургте тұрақтады. Телевидениеге Мария досының ұсынысы бойынша келді. 2014 жылы «Орел и Решка. Шопинг» бағдарламасының кастингі туралы біліп, бірден қатысуға шешім қабылдады. Нәтижесінде Мария екі жыл бойы саяхаттап, бағдарламаны жүргізіп келді. Қазір Мария «Пятница» каналындағы «Утро пятницы» шоуын жүргізеді.


Виктория Дайнеко


Виктория Дайнеко.jpeg

«Фабрики Звезд 5» шоуының жеңімпазы Талдықорған облысының кішкентай елді-мекенінде дүниеге келді. Ата-анасы Виктория туғаннан кейін бірден Якутск қаласына көшіп кетті. Виктория өз талантын бес жасынан бастап дамытады бастады, түрлі творчествалық үйірмелерге барды. Мәскеуде шет тілдер факультетіне оқуға түседі, оқу кезінде «Фабрика Звезд» кастингі туралы біледі. Шоудағы жеңісінен кейін продюсер Игорь Матвиенкомен жұмыс істей бастады. 2019 жылы әнші өзінің «Магнитные» деген төртінші альбомын жарыққа шығарды.


Павел Прилучный


Прилучный.jpg

Рессейлік актер Шымкент қаласына дүниеге келген. Бірақ әкесі қайтыс болғаннан кейін Рессейге Новосибирск қаласын көшіп кетеді. Кейін Мәскеудегі МХАТ мектеп-студиясына оқуға түседі. Сондай-ақ ГИТИС академиясын бітірген. Павел «Мажор», «Закрытая школа», фильмам «Темный мир: Равновесие», «Рубеж» сериалдарынан таңымал.


Яна Рудковская


Яна Рудковская.jpg

Яна Рудковская — рессейлік тележүргізуші, продюсер Қостанайда дүниеге келді. Оның әкесі әскери ұшқыш болғандықтан, олар Барнауылға көшті. Яна мамасының кеңесі бойынша медицина саласын таңдап, дерматолог мамандығына оқуға түсті.

Кейін Яна сұлулық салондар желісін ашады. 2005 жылы өзінің жұмысын ауыстырғысы келіп, Дима Биланның продюсері болады. Әнші «Евровидение» байқауында жеңіске жетеді. Кейін Яна «Муз-ТВ» каналының жүргізушісі болады. Қазір ол түрлі жобалардың продюсері.


Анатолий Цой


Анатолий Цой.jpeg

Анатолий Талдықорғанды туып, кейін отбасымен Алматы көшіп келді. Ата-анасы баласын музыка мектебіне берді, бала кезінен түрлі концертте өнер көрсетті. Анатолий X-Фактор, Super Star KZ қазақстандық жобаларға қатысты. Кейін Sugar Beat тобының солисті болғаннан кейін Алматының клубтарында жұмыс істеді. 2014 жылы өзің «Хочу к Меладзе» жобасында бағын сынайды. Владислав Рамм, Артем Пиндюра мен Никита Киоссемен бірге жеңіске жетеді.Қазір Анатолий «Полтора корейца» бағдарламасының жүргізушісі.


Александр Устюгов


Александр Устюгов.jpg

Александр он жылдан астам «Ментовские войны» сериалында басты рөлде ойнайды. Ол Павлодар облысы, Екібастұз қаласында дүниеге келді. Актерлікке бірден келген жоқ. Екібастұзда жергілікті ПТУ-да оқып, көмір разрезінде жұмыс істеді. Кейін Омбыға көшіп ТЮЗде жұмыс істеп, театр труппасына қосылды. Қазір актер Рессейде гастрольдік сапарларға шығады. 2015 жылы рок бағытындағы Ekibastuz тобын құрды.


Натан


cf0cd92d59d82f6e60831eb330eedb5f.jpg

BlackStar лейблінің әртісі Алматыда дүниеге келді. Жастайынан өлең жазып, музыкамен шұғылданады. Актерллік курсты бітірген. «Синдикат» тобымен жергілікті клубтарда ән айтты, олармен бірге алғашқы альбомын шығарды. 2013 жылы Мәскеуге көшіп BlackStar –дың «Молодая кровь конкурсына қатысты. Натан жеңіске жетіп, музыкалық лейблге қосылды. Ол ТМД елдеріне гастрольдік сапар жасап жүр.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.