Жаңа темір жол бағыттары
Душанбе – Астана
«Душанбе – Астана» халықаралық рейсі осы жылдың маусым айынан бастап Астана тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді. Пойыз 9 вагоннан тұрады және Душанбеден әр бейсенбі сайын, ал «Астана-Нұрлы жол»-дан әр дүйсенбі сайын жүреді.
Дереккөзі: temirzholy.kz
Самарқанд – Астана
Ташкент, Сарыағаш, Шымкент, Тараз,Шу, Сарышаған,Қарағанды арқылы жүретін «Самарқанд – Астана» халықаралық жолаушылар пойызы 2017 жылдың маусымында жүре бастады.
Дереккөзі: temirzholy.kz
Астана – Орал
«Астана – Орал»жаңа бағыты бойынша жүретін «Тұлпар – Тальго» жүрдек пойызы 26 қыркүйек күні жүре бастады. Тұрақтар келесі бекеттер бойынша орнатылған: Астана, Атбасар, Есіл, Кұсмұрын, Тобыл,Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе, Қазақстан және Орал.
Дереккөзі: temirzholy.kz
Жаңа әуе бағыттары
Астана – Бейжің
Air China қытайлық әуе компаниясы 1маусымда жаңа Астана – Бейжің тікелей рейсін ашты. Ұшулар аптасына үш рет Airbus 320 ұшағында жүзеге асырылады.
Дереккөзі: www.biletik.aero
Астана – Үшарал
«Жетісу» әуе компаниясы 21 шілде күні Астанадан Үшаралға тұрақты рейс ашты. Ұшулар Үшаралдың қайта жаңғыртылған әуежайына аптасына төрт рет ЯК-40 ұшағымен жүзеге асырылады.
Дереккөзі: www.biletik.aero
19 тамыздан бастап Qazaq Air әуе компаниясының Астанадан Жеқазғанға тікелей әуе рейсі жүре бастады. Ұшу аптасына бір рет әр сенбі сайын Bombardier Q400 жайлы әуелайнерімен жүзеге асырылады.
Дереккөзі: ru.astanaairport.kz
Астана – Ақтөбе – Атырау
3ші қыркүйектен бастап әр бейсенбі мен жексенбі сайын Астана тұрғындарына Астана – Ақтөбе – Атырау рейсі бойынша ұшулар қолжетімді, бұл ұшулар Bombardier Q400 заманауи жайлы әуелайнерімен жүзеге асырылады.
Дереккөзі: forbes.kz