Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Астанада мұражайға, киноға және көрмеге қашан және қайда тегін баруға болады
4269

04.11.2017

Астанада мұражайға, киноға және көрмеге қашан және қайда тегін баруға болады

Has Sanat өнер галереясы


Has Sanat өнер галереясы Астана тұрғындарын тек Қазақстанның ғана емес , басқа да елдердің түрлі заман суретшілерінің бірегей туындыларымен таныстырады және Астана мен шетелде көрсетілімдер өткізеді. Оның жұмысының тағы бір бағыты – өнерде жаңа аттарды ашу және жас таланттардың дамуы үшін шығармашылық ахуалын жасау.


Галереяның көрмелеріне кіру тегін.


Жұмыс кестесі: ДС-СБ 10:00 – 19:00

Мекенжайы: Қонаев көшесі, 14, ІБ 24

Байланыс: 8 778 881 88 28





Тәуелсіздік Сарайындағы өнер галереясы


Заманауи өнер галереясында әрдайым фотокөрмелер мен қазақстандық және шетелдік авторлардың суреттер көрмелері өткізіледі. Көрмелерге кіру тегін.


Жұмыс кестесі: СС-ЖС 10:00 – 18:00

Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 52

Байланыс: 700 380, 700 396, 701 392



Француз Альянсы ұсынатын француз киносының кинокөрсетілімдері


Альянстың басты мақсаты – француз тілін оқып білетін және заманауи Францияның мәдениетің білгісі келетін адамдардың санын көбейту.


Француз Альянсы Астанада үнемі орыс субтитрімен француз киносының көрсетілімін ұйымдастырады. Болашақ көрсетілімдер жайлы culturefrance.kz сайтында білуге болады.


Мекенжайы: Ташенов көшесі, 25, 4 қабат

Байланыс: 574 620




«ҚҰЛАНШЫ» қазіргі заманғы өнер орталығы


Орталықтың экспозициялық-көрмелік қызметі бұл айына кем дегенде бір рет қазақстандық және шетелдік суретшілердің көрмесін ұйымдастыру.


Достық көшесі,8/1 мекенжайы бойынша көрмелерге кіру тегін. Сонымен қоса Бейбітшілік және Келісім Сарайында өтетін көрмелерінің ашық күндері тегін кіруге мүмкіндік бар.


Жұмыс кестесі: ДС-ЖС 10:00 – 20:00

Мекенжайы: Достық көшесі,8/1

Байланыс: 744 717




«ҚҰЛАНШЫ» қазіргі заманғы өнер орталығының жанындағы оқу залы


«ҚҰЛАНШЫда» бүкіл қалаушыларға арнап оқу залы жұмыс істейді. Жинақтамада бейнелеу өнері хикаялары мен дизайн, фотосуреттер туралы қазақстандық және шетел авторларының кітаптары жиналған.


Жұмыс кестесі: ДС-ЖС 10:00 – 20:00

Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 57

Байланыс: 744 717, 8 702 510 57 20




«Кинопарк» кинотеатрындағы тегін кино көрсетілімдері


Астанада «Кинопарк» кинотеатрлар жүйесінде үнемі кино фестивалі өткізіледі, оларға қатысу тегін. Жоспарланатын тегін көрсетілімдер жайлы толығырақ www.kinopark.kz сайтының жаңалықтарынан білуге болады.


Мекенжайы: Достық көшесі, 9, Тұран даңғылы, 24, Қорғалжын тас жолы,1

Байланыс: 790 999, 515 615



ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайы


Мұражай залында 1000 жәдігер бар. Тас дәуірінен бастап біздің күнге дейінгі қазақ жауынгерлерінің қарулары мен амунициясы. Суреттер, тарихи құжаттар және оқиғалар фотосуреттері. Әскер түрлері, оқиғалары және танымал тұлғалардың стендттері.


Мұражайға кіру тегін.


Жұмыс кестесі: СС-ЖС 10:00 – 18:00

Мекенжайы: Республика даңғылы, 2

Байланыс: 442 573




ҚР Ұлттық мұражайы


Еліміздің ең ірі мұражайы және Астананың негізгі көрікті жерлерінің бірі. Оның фондына мемлекеттік мәдени жобаның аясында анықталған тарихи кезеңдерінің құндылықтары кірді.


Коммерциялық халықаралық көрмелерден басқа,айдың әр үшінші жексенбісінде мұражайға кіру тегін.


Мектеп оқушылары мұражайға мектеп демалыстары мен мұражайлық сабақтар кезінде тегін кіре алады.


Жұмыс кестесі: СС-ЖС 10:00 – 18:00

Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 54

Байланыс: 919 035



Меню

Істер

Қала 24

Шолу