Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Зейнетақының өсуі мен ұялы телефондарды міндетті тіркеу: 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді
12321

07.07.2017

Зейнетақының өсуі мен ұялы телефондарды міндетті тіркеу: 1 шілдеден бастап қазақстандықтардың өмірі қалай өзгерді


Медициналық сақтандыру жүйесіне алғашқы салымдар

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап медициналық сақтандыру жүйесіне жұмыс берушіңіз салым сала бастайды. Ал жұмыссыз ретінде тіркелгендер мен кəмелетке трлмағандар үшін мемлекет төлейді. Жұмыс берушілер 1 шілдеден бастап əр жұмысшы табысының 1% төлеуі тиіс.

Қазақстанда міндетті медсақтандыру жүйесінің қалай жүргізілетінімен мына жерден таныса аласыз.



Зейнетақының өсуі

1 шілдеден бастап базалық жəне ең төменгі зейнетақы көлемі артады. Базалық зейнетақы 14 466 тг, ал ең төменгі зейнетақы мөлшері — 31 245 тг.



Бала дүниеге келгенде берілетін жəрдемақы көлемінің өсуі

Баланың дүниеге келуіне байланысты берілетін мемлекеттік жəрдемақы мөлшері 20% артады. Бірінші, екінші, үшінші бала туғанда 86 222 тг, төртінші жəне одан да көп бала үшін 142 947 тг жәрдемақы беріледі.

2017 жылдың мамырында Қорғаныс министрлігінің, ҚҰБ, Ұлттық гвардия жəне мемлекеттік күзет қызметінің əскери қызметкерінің жалақысы 25% өмті. 1 шілдеден полиция қызметкерлерінің де жалақысы 25% өседі.



Ұялы телефондарды міндетті тіркеу

Қазақстанда IMEI-кодтарының бірыңғай базасы құрылмақ. IMEI — телефонның арнайы идентификациялық коды. База телефон иелері туралы ақпаратты реттеуге, оларды қылмыс жасауға қолдануға кедергі болуға бағытталған. Жүйені іске қосу телефон ұрлау санын азайтуы тиіс. 1 шілдеден бастап тіркелмеген телефондар бұғатталады.



eGov.kz қызметтері ЭСҚ-сыз қолжетімді болады

1 шілдеден бастап қолданушыларға eGov.kz-тегі 20 мемқызмет электронды сандық қолтаңбасыз қолжетімді болады. Мысалы, дəрігерді ғйге шақыру, дəрігер қабылдауына жазылу немесе медициналық ұйымға ЭСҚ-сыз тіркелу мүмкін болады. Барлық анықтамаларды бір реттік пароль арқылы ала аласыз. Оны алу үшін электпонды үкімет порталының мобильді азаматтпр базасында тіркелуіңіз қажет.
Меню

Істер

Қала 24

Шолу