facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astana-a-k-shud-arty-shyly-tary-men-m-mk-nd-kter
logo
Астанаға көшудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері

02.09.2019

Астанаға көшудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері

Марат Исенғалиев, 33 жаста, туған қаласы — Саратов, Etalon Group бизнесінің иегері, директор


Астанаға көшудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері


Көшіп келуі жайында


Мен Ресейдің Саратов қаласында тудым. Ұлтым— қазақ.

Елордаға 2010 жылы отбасымен бірге көшіп келдім. Осында Etalon Group жеке компаниямды аштым. Жеті жылдан астам қақпаларды орнату бизнесімен айналысамын, жақынарада металл құрастырылымдарды өндірумен айналыса бастадым.

Мүмкіндіктер жайында


Астана – жас және дамушы қала. Осында көп адамдар көшіп келеді. Қаланың атмосферасы жақсы, мүмкіндіктері көп. Кәсіпқой маман елордада кез-келген сала бойынша бизнес аша алады. Үш жыл ішінде біз командамызбен жеке өндірістік базаны құрып, рольставендерді, рольқақпаларды және металл өндіретін цехты іске қостық. Өткен жылы Алматыда филиал аштық.

Қаланың атмосферасы жақсы, мүмкіндіктері көп


Шағын қалаларда компанияны кеңейту қиын. Ал Астана әрдайым салынып жатады, құрылыс компаниялары үшін және олармен бірге қызмет жасайтын адамдар үшін жұмыс әрдайым табылады. Біз көптеген отандық және шетелдік компаниялармен, тендерлерде жұмыс істейміз. Германияның — HORMANN, Италияның — FAAC, Беларусияның — ALUTECH және тағы басқа елдердің өндіруші зауыттарымен бірге қызмет істеп келеміз.

Астанаға көшудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері

Елордада даму, сапаны жақсарту мүмкіндіктері бар. Мысалы, біз AstanaBuild көрмелеріне қуана қатысамыз, жетістіктерімізді көрсетіп, басқалардан да үйренеміз. Бүгінде Etalon Group командасында 30-дан астам адам бар және әрбіреуі өз ісінің кәсіби маманы болып табылады. Біздің қызметкерлер жыл сайын өндіруші зауыттардың негізінде шетелде білім алады.

Астана жайында


Маған Қазақстанның астанасы ұнайды. Бұл көрікті, заманауи қала, осында тұрып, шығармашылықпен айналысуды қалайсың. Астананың ырғағы бір орында отырғызбайды, сен әрдайым бірдеңемен айналысып, даму үстінде боласың. Астана жаңа жағдайға тез бейімделіп, шешімдерді тез қабылдауға үйретеді.

Астанаға көшудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері

Жоспарлары жайында


Біз өндірістік базаға көбірек көңіл бөлеміз. Клиенттермен жұмыс істеп, өндірісті толықтай іске асыру үшін, ыңғайлы кеңсе ашу жоспары бар. Басты мақсатымыз – Қазақстандық тауарларды көбірек өндіру.


Мөлдір Каримова, 25 жаста, туған қаласы — Семей, BLACK&WHITE медиакомпаниядағы сату кеңсесінің жетекшісі, @molly_karim


Астанаға көшудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері


Көшіп келуі жайында


Мен медиакомпаниядағы сату кеңсесінің жетекшісімін, сатумен және компанияны нарықта жылжытумен айналысамын. Біз бейнероликтер мен цифрлық жобаларды жасап шығарамыз.

Астанаға 2013 жылы тамыз айының соңында көшіп келдім – сол кезде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетіне түскен болатынмын.

Елордаға келген кезде, алғаш әсер еткен нәрсе – басқа жақтан келген адамдардың мөлшері. Семейдің халқы негізінен жергілікті тұрғындардан және жақын жатқан ауылдардың тұрғындарынан құралған.

Мүмкіндіктер жайында


Елордада жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Мен бірінші курстан бастап жұмыс істедім, тағылымдамалардан өттім, спорт тақырыбында телевизиялық жобаларды дайындадым.

Астанаға көшудің артықшылықтары мен мүмкіндіктері

Астана қызықты адамдарға бай. Туған қаламда соншалықты көп таныстарға ие бола алмаспын. Мен спортшылармен, қоғам және саяси қайраткерлерімен, кәсіпқой мамандармен таныстым. Көп ниеттес адамдар мен достарға ие болдым. Жан-жақты адамдармен араласу әрқашан пайдалы.

Елорданың артықшылықтары көп. Астанада тұрмыс деңгейі жоғары, тұрғындарының жалақылары да соған сай.

Астанада пәтерге ақша табу оңайырақ, себебі осында тұрғын үй бағдарламалары көп. Семеймен салыстырған кезде, осында пәтерлердің құны әлдеқайда жоғары, бірақ мүмкіндіктері де көбірек.

Астанада көп саяси, спорттық, мәдени іс-шаралар өткізіледі. Өмірің қызыққа толы болады.

Елордада оқу, жұмыс істеу және демалу үшін барлық жағдайлар жасалған.

Елордада оқу, жұмыс істеу және демалу үшін барлық жағдайлар жасалған


Астана жайында


Астанаға деген сүйіспеншілігім жылдан жылға артып келеді. Сырт көзге түсетін жатыснушылық, суықтық, терезелері шыныдан жасалған ғимараттарға қарамастан, қала жағымды эмоциялар сыйлайды.

Көбісі Астана мен Алматының тұрғындарын салыстырады. Алматының адамдары шынымен де ашық болып келеді. Астанада барлығы бір жерге асығып жүреді және бір-біріне аз күлімдейді.

Жоспарлары жайында

Менің өмірім елордамен байланысты болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.