facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
anday-zha-dayda-s-zd-zhpp-yzmetker-to-tata-alady-zh-ne-b-l-zha-dayda-s-zd-anday-y-tarynyz-bar
logo
Қандай жағдайда сізді ЖПП қызметкері тоқтата алады, және бұл жағдайда сіздің қандай құқықтарыныз бар

08.11.2017

Қандай жағдайда сізді ЖПП қызметкері тоқтата алады, және бұл жағдайда сіздің қандай құқықтарыныз бар

ЖПП қызметкері сізді қандай жағдайларда тоқтатуы мүмкін және Жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда қандай айыппұл санкциялары көзделуі мүмкін. Осы ақпаратта сізді жол-патрульдік полициясының қызметкері тоқтатқан жағдайдағы жиі қойылатын сұрақтардың тізімін ұсынамыз.


Сіз қандай жағдайларда тоқтауыңыз керек

Егер жол-патрульдік полициясының қызметкері қызметтік көлікте дауыс зорайтқыш көмегімен жүргізушіге арнап, сіздің автоңыздың тану белгілерін және/немесе мемлекеттік нөмірлік белгісін атаса немесе егер жаяу көліксіз инспектор сізді қолдың көмегімен (таяқ) сізге қайда тоқтау керектігін көрсетсе, сіз тоқтауға міндеттісіз. Осыдан кейін ЖПП қызметкері өзінің лауазымын, арнайы атағын, тегін және ол қызмет ететін бөлімшені, сондай-ақ тоқтату себебін айтуы керек. ЖПП қызметкерінің рұқсатынсыз сізге немесе жолаушыңызға көліктен шығуға болмайды.


ЖПП қызметкерлерінің автокөліктерді тоқтатуы негізсіз тыйым салынған. Тоқтату үшін мыналар негіз болып табылуы мүмкін: жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы, жүк тасымалдау ережелері, сондай-ақ рейд жүргізу.


ЖПП қызметкерінен жүргізуші қандай қызметтік мәліметтерді сұрата алады

ЖПП қызметкері кезекшілікке шығарда қызметтік жетонды алады. Жүргізушінің өтініші бойынща ЖПП қызметкері қызметтік куәлік және/немесе төс ерекшелік белгісін (жетонды) ұсынуы тиіс. Полиция қызметкерінің бағыттық парағын жүргізушілерге көрсетуге тыйым салынатынын атап өткен жөн, себебі ол ішкі қызметтік құжатқа жатады.

Жол патрульдік-полициясының қызметкері патрульде болғанда қандай талаптарды сақтауы тиіс

Жол-патрульдік полициясы қызметкерінің қызметті атқаруы қызметтік автокөлікте және жаяу нарядта болуы мүмкін. Жол полициясының инспекторы қызметті атқаруда жол қозғалысының қатысушыларына көрінетін аумақта болуы тиіс. Қызметтік автокөліктер сондай-ақ көрінуді шектейтін, қандай да бір кедергілердің ар жағында (ағаштар, ғимараттар және құрылыстар, жарнамалық қалқандар және т.б.), сондай-ақ тоқтау мен тұру тыйым салынған орындарда орналаспауы тиіс, осы талаптар жаяу нарядтарға да қолданылады.


Радарларды қалада және трассада оқиғаларды болдырмау және олардың мүмкін салдарларын болдырмау мақсатында пайдалануға тыйым салынбайды, соның ішінде ЖПП инспекторы автоны радио байланысты пайдаланумен немесе мәліметтер базасы бойынша ЖҚЕ бұзылуларының болуына/болмауына автоны тексеруге құқылы.

КҚ міндетті сақтандыру және КҚ жүргізуге сенімді тұлғалар

Сізге тиісті емес автокөлікті басқаруға сенімхаттың болуы талап етілмейді. Сенім берілген тұлғаның мәліметтері сақтандыру полисінде көрсетілсе жеткілікті.

Егер автокөлік иесі өз автокөлігін басқара алмаса, ол автокөлікті басқаруды сенімхатты ұсынусыз, бірақ жеке қатысумен басқаруды алкогольдық мас болмаудағы,реакция мен көңілді нашарлататын дәрі препараттарының басқармауысыз,ауырыңқы немесе шаршаған күйде емес тұлғаларға, және сонымен қоса жүргізуге үйреніп жүрген тұлғалардан басқа,қолында жүргізуші куәлігі,жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі және берілген дәрежедегі көлікті жүргізуге құқық беретін немесе жол парағында белгіленген жеке куәлігі бар және көлік құралын жүргізуге құқығымен шектелмеген адамға сеніп тапсыруы мүмкін.

Жол полициясының қызметкері тоқтатқанда өзімен бірге қандай құжаттар болуы қажет

Егер сізді ЖҚЕ бұзылуы үшін тоқтатқанда, өзімен бірге мынадай құжаттар болуы керек:


— жүргізуші куәлігі
,жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлік және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат

— көлік құралына тіркеу құжаттары


— заңнамада белгіленген жағдайларда көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі және/немесе жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі

— белгіленген жағдайларда тасымалданатын жүкке жол-сапар қағазы және құжаты.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу — айыппұл салынатын әкімшілік құқық бұзушылық.


ЖПП инспекторы сізді тоқтатқандағы сіздің қандай құқықтарыңыз бар


— жүргізуші іс материалдарымен танысуға, түсініктеме беруге, дәлелдеме ұсынуға, сұраныс хатқа өтініш беруге құқылы

— істі қарауда адвокаттың заңды көмегін қарауға

— ана тілінде сөйлеуге және егер іс жүргізілетін тілді меңгермесе, аудармашының қызметтерін пайдалануға

— іс бойынша қаулыға шағымдану тәртібі.


Тоқтатқан кезде қанша уақыт ішінде инспекторды күтуге болады

Жүргізушіге жол полициясы инспекторын күтіп, тоқтату себебін тыңдау, сондай-ақ қажетті әрекеттерді орындау қажет.


ЖПП қызметкері қандай негізде нөмірді шешуге құқылы

Тоқтату немесе сіздің автоңыздың тоқтау ережелерін бұзғанда уәкілетті лауазымды тұлға мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға құқылы.


9 км/сағ жылдамдық режимін асырғанда қандай жауапкершілік орын алады

Белгіленген жылдамдық режимінен асырғанда 10 км/сағатқа дейін жіберіледі, басқаша жағдайда асырғанда айыппұл көзделген:


— 10-20 км/сағаттан асырғанда, айыппұл 10 АЕК мөлшерінде

— 20-40 км/сағаттан асырғанда,15 АЕК мөлшеріндегі айыппұл (қайта бұзған жағдайда 1 жыл ішінде – 40 АЕК

— 40 км/сағ. артық – 30 АЕК (1 жыл ішінде қайта бұзған жағдайда — 40 АЕК).

2017 жылы АЕК мөлшері 2 269 теңгені құрайды.


Дереккөзі: egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Қыз ұзату: қазақ салтындағы қыз тағдыры қандай
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Спортты қалай ұнатуға және жаттығуларды тастамауға болады: Толқын Нұрышевадан 4 кеңес
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Жазда не көруге болады: жақында шыққан 8 түрік сериалы
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Қазақстандағы үлкен әпкелердің 10 белгісі
Ерекше кездесуге арналған 10 идея
Ерекше кездесуге арналған 10 идея