facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
almatyly-zhas-it-mamany-universitett-b-t-rgennen-key-n-meta-zh-ne-amazon-kompaniyalarynan-alay-offerlar-al-any-turaly
logo
Алматылық жас IT маманы университетті бітіргеннен кейін Meta және Amazon компанияларынан қалай офферлар алғаны туралы
Главный (каз)

14.12.2022

Алматылық жас IT маманы университетті бітіргеннен кейін Meta және Amazon компанияларынан қалай офферлар алғаны туралы

Алматылық Ғалымжан Кенжетаев Лондонға көшіп, Метаға жұмысқа орналасу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.


Ғалымжан Кенжетаев, 22 жаста, қаласы — Лондон, Meta-да Software Engineer, @scientistsoul

галымжан кенжетаев

Қоныс аударуы жайлы


Мен орта мектепті Алматыда бітірдім.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алдым. 3-курстың бас кезінде алгоритмдік есептерге қызығушылық танытып, түрлі технологиялық компанияларда тағылымдамадан өтуге өтініш бердім. Сонымен қатар жергілікті стартаптарда тәжірибе жинақтадым.

2021 жылы, яғни пандемия аяқталып, компаниялар қайта жұмысқа ала бастағанда, мен FAANG-ке өтініш бердім. Google, Meta және Amazon-да сұхбаттасудан өттім және олардан ұсыныс алдым. Міне, осылайша Лондондағы Meta-ға жұмысқа тұрдым.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтар туралы


Менің жағдайымда қоныс аудару кезінде еш қиындықтар болған жоқ.
Ірі технологиялық компаниялар қызметкерлеріне қоныс аударуға көмектеседі: бірінші рет келер кезде ұшақ билеті мен тұратын үйдің ақысын төлейді. Тіл курстарын ұсынулары мүмкін, тіпті үй жануарларын тасымалдау бойынша да көмектесе алады. Осыған байланысты IT-компанияға жұмысқа орналасқан адамның жаңа ортаға бейімделу процесі әлдеқайда жеңіл жүреді.

Мен Қазақстанда 22 жыл тұрдым, шетелге тек туристік мақсатпен ұшып көрдім. Сондықтан бұл жақтың өміріне бейімделуім қиынға соға ма деп уайымдадым. Алайда Лондонда қазақтар көп екен, сондықтан мен жаңа достарды тез таптым.

галымжан кенжетаев

Егер сіз жалғыз көшетін болсаңыз, мұнда баспананың қымбат екенін, жақсы пәтер табу қиын екенін білгеніңіз жөн. Мен үш ай бойы Meta берген пәтерде тұрдым және осы уақыт аралығында өзіме жақсы пәтер іздедім.

Маған Лондонның адамдары ұнады


Маған Лондонның адамдары ұнады.
Олар сондай еркін әрі көңілді. Олар өз қалағанын жасайды және жұрт не дейді деп қорықпайды. Мұнда түрлі ұлт өкілдері тұрады. Әрқашан жаңа таныстықтар орнатып, көптеген жаңа нәрселерді біле аласыз.

Қазақстанмен салыстырғанда, Ұлыбритания — либералды ел. Бұған үйренуіңіз керек болады.

Маған Лондондағы көлік жүйесі де ұнайды. Қаланың үлкен екенін ескерсек, кез келген жерге метромен жетуге болады.

Менің басты кеңесім: Егер алғаш қоныс аударғанда үйді сағынсаңыз, көшеге жиі шығып тұрыңыз, адамдармен танысыңыз. Жаңа елге көшкен кезде оның мәдениетін мүмкіндігінше тез түсіну, оның ерекшеліктерін зерттеу маңызды. Сондай-ақ осында тұрып жатқан отандастарымызды табуға кеңес беремін.

Лондонда қалай жұмыс іздеуге болады


Университетте оқып жүргенімде деректерді талдаумен айналысатын стартапта екі жылдай жұмыс істедім.
Мен Data инженері мен Software инженерінің міндеттерін қатар алып жүрдім. Сонымен қатар мен көп нәрсе жасадым: Product-менеджмент, Frontend және Data-аналитика саласында жұмыс істедім. Жан-жақты дамуға тырыстым. Стартапта алған тәжірибем менің FAANG-ке жұмысқа тұруыма көмектесті. Мен бұл тәжірибені Meta және Amazon-да Behavioral Interview-ден өткен кезде де қолдандым.

Мен Қазақстандағы аутсорсингтік компанияда жұмыс істедім. Біз ірі компаниялар үшін арнайы софттар жасадық. Стартапта жұмыс көп болатын, дегенмен сұхбатқа дайындалып, есептер шешетінмін.

галымжан кенжетаев

Өтінімдерді жіберген кезде мен есептерді Leetcode-те шешу арқылы дайындалдым. Барлығы 500-ге жуық есепті шештім. Осылайша мен ақырындап дайындалдым және мұның long-term мақсат екенін, оған жету үшін ұзақ уақытымды арнайтынымды түсіндім. Сондықтан университеттен кейін бірден ұсыныс аламын деп еш ойламадым.

Дайындалып жүрген кезде мен барлық ресурстармен бөлісетін Telegram арнасын жүргіздім. Бірге тестілеу сұхбаттарын өткізіп, материалдармен бөлісіп, бір-бірімізді ынталандыру үшін мен сияқты тдайындалып жүрген адамдарды таптым. Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден достар таптым. Олардың көпшілігі қазір әртүрлі елдерде FAANG-те жұмыс істейді.

Өтінімдерді жіберген кезде мен есептерді Leetcode-те шешу арқылы дайындалдым


Ірі компанияларда бос жұмыс орындарының ашылатын кездері болады.
Әсіресе newgrad позицияларына. Әдетте 2022 жылға арналған бос орындар 2021 жылы ашылады.

Бір лайфхак бар — компаниялар мен мансап сайттарының тізімін жасау және оларды үнемі бақылап отыру. Бұл жағынан маған Telegram-дағы қауымдастықтар көмектесті.

галымжан кенжетаев

Сондай-ақ әлеуметтік желілерді бақылауға кеңес беремін. Мен Facebook рекрутерінен Linkedin-тегі хабарландыруды көрдім, оған критерийлерге сәйкес келетінімді жаздым. Осылайша мен байланыс орнаттым.

Amazon жағдайында менде реферал болды. Сондықтан тағы бір лайфхак — Big Tech-те жұмыс істейтін адамдармен сөйлесу. Ірі компанияларда қандастарымыз көп. Бұл өте жақсы.

Сұхбаттасудан өту үшін ағылшын тілін білу керек, алгоритмдік есептерді шешу дағдысын меңгеру қажет және problem solver болу маңызды. Soft-скилдар да маңызды. Behavioral interview кезінде сізге мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін: «Жұмыс орнында жанжалдар болды ма?», «Жұмыстағы ауыр жүктемені қалай өткердіңіз?». Егер сізде командада жұмыс істеу тәжірибесі болмаса, сұхбат алушыны таңғалдыру қиын болады.

Meta-дағы жұмысы жайлы


Мен AR-эффектілер, маскалар және Instagram ойындарын жасайтын Spark AR командасында жұмыс істеймін.

Meta-да фидбек мәдениеті жақсы дамыған. Мұнда адамдар конструктивті пікірлер қабылдауды және беруді жақсы көреді. Сіздің мансап жолымен өсуіңіз де осыған байланысты. Сондай-ақ Meta-да бетпе-бе тжеке сөйлесу мәдениеті бар. Мысалы, белгілі бір командада жұмыс істей бастағанда, тікелей барлығымен бетпе-бет сөйлескен жөн.

Meta-да фидбек мәдениеті жақсы дамыған


Маған компанияда Software инженерлеріне сіздің қай тілде сөйлейтініңізге немесе қандай технологиямен жұмыс істейтініңізге баса мән бермейтіні ұнайды.
Басқа компанияларда адамдарды белгілі бір лауазымға нақты технологиялық стекке қарай жалдайды. Ал Meta-да сізді түрлі технологиялармен жұмыс жасауыңыз қажет болатын жобаларға жіберуі мүмкін. Ешкім сенен «бәрін білуің керек» деп талап қоймайды. Бәріне қажетті дағдыларды меңгеру үшін уақыт пен тәлімгер беріледі.

Қоныс аудару қалай әсер етті

галымжан кенжетаев

Жарты жыл ішінде көп нәрсе өзгерді дей алмаймын. Алайда мен бұрынғыға қарағанда адамдармен көбірек араласып, ашық мінезді бола түстім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Бухараға саяхат. Өте жайлы қонақ үйлер
Google, PwC, HP тегін сертификаттары бар 12 онлайн курс
Google, PwC, HP тегін сертификаттары бар 12 онлайн курс
Қазақстаннан Wildberries-те сатуды қалай бастау керек: қадамдық нұсқаулық
Қазақстаннан Wildberries-те сатуды қалай бастау керек: қадамдық нұсқаулық
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі
Қазақстандағы аға бауырластардың 10 белгісі