facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
almatyly-frilanser-ansha-a-sha-zh-msaydy-k-r-s-men-shy-ysy-byudzhet
logo
Алматылық фрилансер қанша ақша жұмсайды: кірісі мен шығысы, бюджеті

06.03.2023

Алматылық фрилансер қанша ақша жұмсайды: кірісі мен шығысы, бюджеті

Видеомейкер Қазақстанның ірі қаласы Алматыда қанша ақша табатыны және жұмсайтыны жайында айтып берді.


Владимир Ким, 23 жаста, қаласы — Алматы, видеомейкер, @vuvon

IMG_2466.JPG


Өзі туралы

Мен видеомейкермін. Бұл іске қызығушылығым университетте пайда болған еді. Барлығын өз бетімше үйрендім, тәжірибе жинадым. Сондай-ақ YouTube видеоларының да көп көмегі тидім.

Мен Instagram, TikTok және YouTube әлеуметтік желілерінде ірі брендтер мен блогерлер үшін бейнероликтер түсіремін. Жақында өз командамды жинадым.

Жалақысы жайында

Менің барлық табысым видео түсірілімінен келеді. Орташа алғанда, айына 1 000 000 теңгеден бастап табамын, яғни 2 250 доллар.

Ақша жинағы

Мен кірісімнің 10%-дан 30%-ға дейінгі бөлігін депозитке салып отыруға тырысамын. Инвестициямен әлі айналысып көрмедім.

Пәтер жалға алу

Алматыда жақсы пәтер жалдау арзанға түспейді. Самал ауданындағы бір бөлмелі пәтерге 250 000 теңге — 562 доллар төледім.

Көлікпен қатынау

Алматыда көлікпен қатынау да айтарлықтай шығын. Өзіммен бірге үнемі құрал-жабдығымды алып жүргендіктен, такси жалдаймын. Бұрын «эконом» тарифін қолданатынмын, енді «комфортқа» ауыстым. Жүргізушілердің жақсы қызметі үшін де ақы төлеу керек.

Айына шамамен 150 000 теңге жұмсаймын, яғни 337 $. Бірақ шығыным жұмыс бабымен қанша рет шыққаныма байланысты өзгеріп отырады.

Азық-түлік

Күнделікті азық-түлікті және тамақ жеткізілімін есептегенде, шамамен 200 000 теңге — 450 доллар кетеді.

Ойын-сауық

Мен қыдыруға сирек шығамын. Айына екі-үш рет шығар, сондықтан шығын да аз.

Кафеге бару үшін айына шамамен 80 000 теңге жұмсаймын, яғни 180$.

Достарыммен кездесу 20 000 теңге — 45$.

Сондай-ақ фитнес залына да барамын. Залға және жаттықтырушының қызметіне айына 33 000 теңге — 74 доллар төлеймін.

Қосымша шығындар

Жұмысқа арналған техника мен құрал-жабдықтарды іздеу — үлкен азарт. Шығын көп болады, бірақ бұл оған тұрарлық.

Кейбір жұмыс жабдықтарын бөліп төлеумен сатып аламын. Бұл 100 000 теңгеден аспайтын инвестиция сияқты нәрсе — айына 225$.

Алған заттарымның құны да әрқашан өзгеріп отырады. Киімді көп сатып ала қоймаймын. Есесіне ұзақ киюге болатындай етіп сапалы киім алуға тырысамын.

Интернетке айына 12 000 теңге, яғни 27 доллар төлеймін.

Басқа тұрақты шығындардың ішінде жеке кәсіпкерлерге салық төлеу бар. Ол айына шамамен $ 12 000 теңгені — 27 долларды құрайды.

Қорытынды

Алматы — қымбат қала. Алайда неше түрлі адамдармен араласу, мүмкіндіктердің көп болуы кететін шығынды өтейді деуге болады.

Алматыда жайлы өмір сүруге арналған лайфхактар

Ең басты кеңесім: өмір беретін барлық мүмкіндікті пайдаланыңыз. Кез келген кездесу немесе таныстық келешекте сізге көмектесуі мүмкін.

Қолға алған кез келген іске жауапты қара. Өйткені адамдар қабілетіңіз үшін емес, болашаққа деген сенімі үшін төлейді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Бесікке салу қазақ ғұрпы
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Қазақстандық танымал 10 подкаст
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Көруге тұрарлық топ-10 аниме
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
Қалжа той — босанған әйелге арналған ас
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды
«Оземпик». Жаңа диета туралы не білу маңызды