Алматыда қала күнін мерекелеу аясында үстіміздегі аптада түрлі іс-шаралар өтеді, деп.
Алматы әкімдігі қала күнін тойлау аясында осы аптада өтетін іс-шаралардың тізімін жариялады. Әкімдіктің мәліметінше, 11-17 қыркүйек аралығында сағат 18:30-да қала күні мен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының 95-ші мерейтойлық театр маусымын мерекелеу аясында Бибігүл Төлегенованың ХІІ Халықаралық вокалистер байқауы өтеді.
12-18 ыркүйек аралығында сағат 16:00-22:00 аралығында «Қазақфильм» киностудиясының аумағында және Наурызбай ауданы әкімдігінің алдындағы алаңда Қазақ киносы күндеріне арналған ашық аспан астындағы кино ұйымдастырылады. Іс-шара аясында қазақстандық кино және эстрада жұлдыздары қызыл кілеммен өтеді, концерттік бағдарлама болады және қонақтарды арнайы тосынсыйлар күтеді.
13-14 қыркүйек аралығында Абай алаңында сағат 20: 00-де жыл сайынғы «Оркестрлер фестивалі» ашық аспан астындағы музыка фестивалі өтеді.
Дереккөз: inform.kz/kz