Көркем қала Алматыда не істеуге болады? Қай жерде қыдыруға болады? Осы сұрақтарға материалымызда жауап бердік.
Медеу
Медеу спорт кешені — жасанды мұз айдыны бар дүние жүзіндегі ең ірі спорт кешені болып табылады. Осы жерде алматылықтар серуендеуді жақсы көреді.
Көктөбе тауы
Көктөбе тауы — Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Осы жерде қаланың ең көрікті саябақтарының бірі де орналасқан.
Шымбұлақ
Курорт 2510 м биіктікте орналасқан. Осы жерден Алматы қаласына тамаша көрініс ашылады. Шаңғыдан басқа, сіз кафелерде тамақтана аласыз, немесе жай жүре де аласыз.
Тұңғыш президент атындағы саябақ
Демалуға арналған керемет жер! Саябақтың қақпа алдында субұрқақтар мен орындықтар орналасқан. Саябақтың жалпы аумағы — 73 гектар.
М. Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс паркi
Бұл Алматының ең танымал орындарының бірі. Парктің ішінде аттракциондар паркі, ашық аспан аясындағы аквапарк, дәмханалар, экстрим-парк, динопарк, балалар қалашығы бар.
Алматы ботаникалық бағы
Осы бақ 1932 жылы құрылған, содан кейін көптеген реставрация жүргізілген. Мұнда Қазақстанның, Еуропаның, Қырымның және Кавказдың, Солтүстік Америка мен Шығыс Азия флорасының бірнеше мыңдық бірегей топтамасы жинақталған.
Үлкен Алматы көлі
Іле Алатауында орналасқан көл. Ең қызықтысы, ол алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған.
Тамғалы-Тас
Бұл жер — Жетісудың ең көне ескерткіштерінің бірі. 2004 жылдан бері Қазақстандағы ЮНЕСКО Әлемдік мұра нысандары тізіміне енген.
Шарын шатқалы
Әрбір алматылық болған жерлердің бірі. Ол Алматц облысы, Райымбек ауданында орналасқан. Табиғи нысан өзінің көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі.
Көлсай көлдері
Солтүстік Тянь-Шань тауларында орналасқан осы көлдер — Қазақстанның ең танымал туристтік орындарының бірі.