facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f2e/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/r1vhm301a1majocwjzuuir1g8qfcz0ym.png
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
alaly-biznes-astana-almaty-b-shkek-tashkent-alalarynda-s-luly-salondaryn-alay-ashu-a-zh-ne-damytu-a-bolady
logo
Қалалық бизнес. Астана, Алматы, Бішкек, Ташкент қалаларында сұлулық салондарын қалай ашуға және дамытуға болады

02.09.2023

Қалалық бизнес. Астана, Алматы, Бішкек, Ташкент қалаларында сұлулық салондарын қалай ашуға және дамытуға болады

Орталық Азия елдерінің елордаларында тұратын кәсіпкерлер өздерінің сұлулық салондарын қалай ашқандарын және табысты бизнесмен болуға не көмектесетінін айтып берді.


Ойбек Низамидинов, 35 жаста, қаласы — Бішкек, @onstudio.kg негізін қалаушы

Ойбек Н

Бәрі қалай басталды

Мен шаштараз-стилиспін. Бішкекте 2005 жылдан бері тұрып жатырмын.

Бұрын мен сұлулық салонында жалдамалы жұмыс істедім, бірақ атақты мамандардан білім алып, қызмет көрсету сапасын арттырғым келетін, басқа деңгейдегі өз салонымды ашуға құштар болдым. Сондықтан 2016 жылы жұбайым екеуміз ONstudio-ның алғашқы филиалын аштық. Ал 2020 жылы қала орталығында екінші салонды іске қостық.

Бүгінгі таңда біздің ұжым 40 адамнан тұрады. Сондай-ақ жеке сабақтар өткіземін.

Жоба жайлы

Қазір ONstudio — әр қонақтың сұлулығын көрсетуге және жақсартуға көмектесетін сұлулық салондарының желісі. Біз шаш қиямыз, бояймыз, сәндейміз, шаш үлгісін, макияж, маникюр, педикюр, шугаринг, түзету және қастың перманетті макияжын жасаймыз.

Ойбек Н

Біздің мақсатымыз — адамдарды әдемірек ету және бақытты қылу. Біз клиенттерге бағдарлануға және сапалы қызмет көрсетуге назар аударамыз. Ең бастысы — әр шебердің мінсіз еңбегі.

Біз әрқашан дамуға, үйренуге және адамдарға көмектесуге тырысамыз.

Клиенттері туралы

Біздің қонақтарымыз — заманауи және стильді көрінгісі келетін адамдар. Біз өз клиенттерімізге керемет көңіл күй мен сұлулық сыйлаймыз.

Жобаның қалаға әсері

Біз жаңа жұмыс орындарын ашып, адамдардың сүйікті кәсібімен айналысып, дамуларына мүмкіндік береміз. Осының арқасында қызметкерлер өздері қалаған өмір сүру деңгейіне қол жеткізеді.

Ал клиенттеріміздің жүзіне күлкі үйіреміз.

Ақыл-кеңес

Дұрыс таңдалған ұжым ұйымшыл, құндылықтары ұқсас болуы керек. Бизнес күнделікті еңбектің, әрбір қызметкердің күш-жігерінің және клиенттердің сенімінің арқасында дамиды.

Ойбек Н

Біз қызмет көрсетуді жақсарту үшін күн сайын жұмыс істейміз. Босаңсымай, үздіктерден үйрену, жан-жақты болу маңызды.


Ақбота Баржаксинова, 32 жаста, қаласы — Астана, @level_ladies_center негізін қалаушы

Акбота Б


Бәрі қалай басталды

Астанада тұрғаныма 15 жыл болды. Соңғы алты жылда бизнесті дамытумен айналысып келемін.

Алғашында компанияны өзім үшін құрдым, бірақ ол бірте-бірте үлкен бизнеске айналды.

Жоба жайлы

Біздің бренд танымал. Әр филиал күніне 70-80 адамға қызмет көрсетеді. Мұның бәрі үлкен ұжымның арқасында, барлығы 160 адамбыз.

Акбота Б

Клиенттердің көңілі толып кететіндей сапалы қызметтер ұсынамыз. Кері байланыс алған кезде біз әрқашан ымыраға келеміз. Клиенттің өзі де қайта келуі үшін және бізді достарына ұсынуы үшін біз сапа үшін жұмыс істейміз.

Біздің салондарда балаларға арналған ойын алаңдары бар. Яғни бала күтушісі және сапалы ойыншықтары бар толыққанды бөлмелер. Соның арқасында балалары бақылауда болған кезде аналары еш уайымсыз салонымызға қауіпсіз келіп, қызмет ала алады.

Клиенттері туралы

Біздің клиенттеріміз тек аналар ғана емес, сонымен қатар өз уақытын үнемдеуді ойлайтын іскер әйелдер. Сондай-ақ сапалы қызмет алып, әдемі суретке түсіп әрі жақсы уақыт өткізгісі келетін әрі жас қыздар да келеді. Құрбылар келіп, бізбен бірге қызойнақ ұйымдастырады.

Жобаның қалаға әсері

Қыз-келіншектер бізден қысқа мерзімде сапалы қызмет ала алады. Бір жарым сағат ішінде клиент бір уақытта маникюр, педикюр жасатып, кірпік жалғай алады. Үнемделген уақытты отбасымен, балаларымен серуендеп немесе мейрамханада өткізеді.

Біз қыз-келіншектерге қуаныш сыйлаймыз, олардың идеяларын жүзеге асыруға, армандарын орындауға тырысамыз.

Ақыл-кеңес

Біздің шеберлер компанияны дамытуға көмектеседі. Оларды өз ісіне деген сүйіспеншілік пен адамдарды әдемі етуге деген ұмтылыс біріктіреді. Бірақ басқа жағы да бар — біздің командадағы әрбір адам жақсы ақша табады. Қызметкерлер өздеріне және балаларына ең жақсысын бере алады. Бұл — олар үшін үлкен ынталандыру.

Акбота Б

Өз ісімізге байыппен қараймыз. Тәулігіне 24 сағат байланыстамыз, барлық жағдайды үнемі бақылап отырамыз. Бұл — эмоционалды тұрғыдан күрделі іс, бірақ ол өз жемісін береді.

Бізде сенімді қаржылық модельді құрылған. Желінің төрт филиалы бар, бірақ жақын арада біз оны одан әрі дамытып, жаңа бөлімшелерді ашуды жоспарлап отырмыз.

Бізге көптеген блогерлер, соның ішінде басқа қалалардағылар да сенім білдіреді.

Кәсіпкерлерге айтар кеңесім — өз жұмысыңды жақсы көру, қызметкерлерді дұрыс ынталандыру және адамның жұмысын әділ бағалау.


Гульзира Есебаева, 29 жаста, қаласы — Ташкент, @chocolate_beauty_tashkent иесі

IMG_2891.JPG

Бәрі қалай басталды

2021 жылдың қаңтарында мен Алматыдан Ташкентке көштім. Мен сұлулық салонын, Volna әйелдер фитнес клубын дамытып жатырмын және халықаралық логистика саласындағы жобаларды басқарамын.

Біз сұлулық салонын 2022 жылдың ақпан айында аштық. Ташкентке қоныс аударғаннан кейін біз демалатын, бір уақытта бірнеше процедураны орындайтын, атмосферасы жайлы, клиентке жақсы қарым-қатынас жасайтын жер іздедік. Біз іздеп жүргенде осындай орынды өзімізге неге жасап көрмеске деген идея келді. Идеяны іске асыруға екі жарым ай кетті: қарашаның соңында шешім қабылдап, 18 ақпанда аштық.

Жоба жайлы

Chocolate салоны үлкен жауапкершілікпен, сүйіспеншілікпен және әр детальға назар аудара отырып жасалған. Біздің басты мақсатымыз — қонақтарды сұлулықпен баурап, процедуралар кезінде демалдыру және жағымды эмоциялар беру.

Қазіргі уақытта Ташкентте біз тек Яккарасай ауданында ғана ашылдық, бірақ бизнесімізді басқа жақтарда да дамытуды жоспарлап отырмыз.

IMG_8313.JPG

Chocolate бренді — сұлулық қызметтері ғана емес, одан да үлкен нәрсе. Клиентке бағдарлану, адами қарым-қатынас, қонақтарды және олардың уақытын құрметтеу, қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік — барлығы да салонымыздың құндылықтары туралы.

Chocolate қауіпсіздік пен тазалықты таңдайтындар үшін өте қолайлы. Біз кез келген күнделікті процедураны сұлулық рәсіміне айналдыруға тырысамыз.

Клиенттері туралы

Бізге өзін жақсы көретін және уақытын бағалайтын адамдар келеді. Біздің құндылығымыз — «өзімізге деген сүйіспеншілік». Өзіңізді жақсы көріңіз, маникюр, косметология, шаш пен бет күтімі арқылы тәніңізге күтім жасаңыз.

Қонақтарымыз — өз ісін, өмірді сүйетін қыз және бойларында нәзіктік, талғампаздық, шынайылық бар қыз-келіншектер.

Жобаның қалаға әсері

Біздің салон адамдарға өздерін күтуге, отбасымен бірге өткізуге уақыт үнемдеуге көмектеседі. Мысалы, анаңызбен педикюрге жазылыңыз, кофе ішіңіз, жағымды атмосферада әңгіме-дүкен құрыңыз. Сондай-ақ біздің салон ауданның көрікті орталығына айналды, оның айналасында жаңа кофеханалар, мейрамханалар, дүкендер пайда болады.

Ақыл-кеңес

Кез келген жоба үнемі дамуды және жетілдіруді қажет етеді. Біз сұлулық индустриясының жаңа тенденцияларын мұқият бақылап отырамыз және шет елдердің идеяларынан шабыт аламыз, бұл бизнесімізді дамытуға көмектеседі. Әрқашан Ташкентте жоқ жаңаша нәрселер жасағың келеді. Сондықтан басқа концептідегі тағы бір салон ашу жоспарда бар.

Кез келген бизнес үшін ең бастысы — өнім. Сапалы өнім болмаса, басқасының мәні жоқ. Қызметкерлеріміздің таланты мен шеберлігі, салондағы тәртіп, тазалық пен қауіпсіздік, басқару жүйесі, әр детальға назар аудару және жоғары қызмет көрсету бізді табысқа жетеледі. Біз күн сайын жақсырақ болуға тырысамыз.

IMG_8316.JPG

Барлық компанияда қателер мен сәтсіздіктер болады. Бұған біз де тап боламыз, бірақ кез келген келеңсіз жағдайға бірден әрекет етеміз, қателермен жұмыс істейміз.

Жақсы жұмыс істейтін және шабыттандыратын нәрсені жасау маңызды. Сондай-ақ компанияның құндылықтарын, миссиясы мен көзқарасын түсінетін және бөлісетін пікірлес адамдар командасын құру қажет. Қызметкерлерді жалдаған кезде стандарттарыңызды оқытып, бейімдеуіңіз және біртіндеп әдетке айналдыруыңыз керек. Бизнесті өз бетінше жібере салып, қарамай кетпеңіз.


Балнұр Дарбаева, 34 жаста, қаласы — Алматы, @balla_makeup сұлулық студиясы желісінің иесі

Балнур Д

Бәрі қалай басталды

Бала кезімнен көркемсурет мектебіне бардым, содан кейін сәулетші және интерьер дизайнері мамандығын оқыдым. 25 жасқа дейін мамандығым бойынша жұмыс істедім. EXPO жобасында Girogio Armani, YSL, Lancome маркетинг бөлімінде жұмыс істеп үлгердім Содан кейін мен бұрынғы арманымды орындап, визажист боламын деп шештім.

Мен сұлулық студияларының желісін ашуды жоспарлаған жоқпын. Тек өз жұмысымды жақсы көремін, бірте-бірте пікірлестерімнен кәсіби оқытуға деген сұраныс пайда болды. Сұраныстардың негізінде және барлық клиентке қызмет көрсетуге уақыт таппағандықтан, мен студия ашуды және өз командамда ең үздік шәкірт-шеберлерді қалдыруды шештім.

2016 жылы табиғи стильде макияж жасап, жаңа бет-әлпет жасап тастамай, тек адамның әдемілігін көрсетіп бояндыратын мен ғана болдым. Ол кезде бір-біріне айтып, ұсыну инстаграмға қарағанда жақсы жұмыс істеді, сондықтан клиенттердің келуінен еш проблема болмады.

Жоба жайлы

Біздің мақсатымыз — қыздарға өзіне, олардың ерекше екендеріне сенімділік сыйлау. Жұмысымызда бет-әлпетін өзгертіп тастамай немесе клишелерді қолданбай, олардың келбетін әдемі ету. Біз керемет көңіл күй сыйлаймыз және тек жоғары сапалы қызмет көрсетеміз.

Бұл тек бизнес үшін ғана емес. Мен өзім де шебермін, сондықтан командамда дәл осындай мамандар жұмыс істейді. Щеберлеріміздің білім деңгейін үнемі жетілдіріп, қызмет көрсету сапасын бақылап отырамыз.

Бізде моно-студия. Біз тек макияж, экспресс шаш сәндеу және маникюр бойынша қызмет көрсетеміз. Біз қосымша табыс үшін бәрін жасауға ұмтылмаймыз. Біз таңдалған бағыттарды дамытып, қызметтерді мінсіздікке жеткіземіз.

Клиенттері туралы

Бізге негізінен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, сұлулық пен сапаны бағалайтын заманауи қыздар келеді.

Жобаның қалаға әсері

Біз бет-әлпетіміз бен қажеттіліктерімізді ескере отырып, Қазақстан нарығындағы заманауи трендтерді дамытамыз. Қыздың сұлулығына деген көзқарасты өзгертеміз. Біз сізге аз ғана макияжбен қалай әдемі көрінуге болатынын көрсетеміз.

Ақыл-кеңес

Бизнесте мені күйеуім қолдайды. Ол өзі де кәсіпкер, дегенмен маған көмектеседі. Барлық операциялық жүйені және масштабтаумен айналысады.

Өз ісіңізге деген сүйіспеншілік, үздік болуға деген ұмтылыс, сапалы жоба жасау бизнесіңізді өркендетуге және дамытуға көмектеседі. Біз өз клиенттерімізді бағалаймыз.

Өз салаңыздың кәсіби маманы болып, мінсіздікке ұмтылу маңызды. Нарықты зерттеп, өнімді өзіңіз үшін емес, клиенттер үшін таңдаңыз. Ештеңеден қорықпай, тәуекел етіңіз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.