facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
akulalary-bar-d-kender-basseyn-bar-d-mhana-xiv-asyr-sarayy-seulda-y-11-azhayyp-n-rse
logo
Акулалары бар дүкендер, бассейні бар дәмхана, XIV ғасыр сарайы – Сеулдағы 11 ғажайып нәрсе

09.08.2019

Акулалары бар дүкендер, бассейні бар дәмхана, XIV ғасыр сарайы – Сеулдағы 11 ғажайып нәрсе

Кёнбоккун сарайы


Кәрістердің мақтан тұтатын жері – 1394 жылы салынған Чосон әулетінің әйгілі сарай кешені. Бұл ашық аспан астындағы мұражай.

Акулалары бар дүкендер, бассейні бар дәмхана, XIV ғасыр сарайы – Сеулдағы 11 ғажайып нәрсе
Дереккөзі: yandex.kz


Көбінесе туристерді GeunJeongJeon — Кынджонджон тақтық залы және жасанды көлдің алдында, 48 гранитті бағананың үстінде орналасқан Кёнхверу павильоны таң қалдырады.


Хану


Бұл ірі қара малдың семіз етінің атауы. Кәрістер оның дәмдік сапасын бағалайды. Бұл еттің бағасы импортталатын аустриялық және америкалық сиыр етінен және вагю танымал жапондық сиыр етінен екі есе жоғары.

Акулалары бар дүкендер, бассейні бар дәмхана, XIV ғасыр сарайы – Сеулдағы 11 ғажайып нәрсе

Дереккөзі: instagram.com


Балық сатылатын океанариум-дүкендер


Сеулдағы балық базарлары океанариумдарға ұқсайды, үлкен аквариумдарда тірі балықтар жүзеді. Асшаяндар мен ұлу қабыршақтарын сатып алып, дәмханаға алып келуге болады. Келушілердің өтініші бойынша сатып алынған өнімерден тағам әзірлеп беріледі.

Акулалары бар дүкендер, бассейні бар дәмхана, XIV ғасыр сарайы – Сеулдағы 11 ғажайып нәрсе

Балық сататын базарларда акулалар немесе тірі тасбақалар сияқты ТМД елдері үшін экзотикалық болып табылатын теңіз өнімдерін алуға болады.


Daehangno ауданы


대학로/ Daehangno (혜화역/ Hyehwa станциясы) — көп театрлар жиналған орын. Кейбір кезде қойылымдар далада өтеді. Ерекше және дәмді дәмханалар мен ұмытылмас атмосфераны іздейтін адамдарға осы ауданға баруға болады.


Ихва ауылы


이화벽화마을/ Ihwa Mural Village — үйлері ескі және кішкентай, биік өрлері бар, әрі көшелері тығыз орналасқан Сеулдағы ауыл.

Акулалары бар дүкендер, бассейні бар дәмхана, XIV ғасыр сарайы – Сеулдағы 11 ғажайып нәрсе

Дереккөзі: blog.bnbhero.com

В 2013 жылы мемлекет ауылдан туристік жер жасау шешімін қабылдады. Дарынды суретшілер үйлердің қабырғаларын және көшелерді мультфильмедрен алынған алуан түрлі суреттерімен бейнелеп қойды, қарапайым қабырғада аспанның көгілдір аясында ақ қанаттар бейнеленген ең танымал инстаграм-орындардың бірін жасады.

Ихва ауылында бұрынғы заманда болған мектеп формасын алып, серуендеп, өзін жиырмасыншы ғасырдың соңындағы корей мектеп оқушысы ретінде сезінуге болады.


Hanword Document — hwp файлдарды кеңейту


Кәрістер Microsoft Word-тың орнына Hangul Word Processor мәтін редакторын қолданады. Кәріс әліппбиі Hangul деп аталады. Жергілікті редактор бұл әліппемен жазылған мәтінді сақтап, жөндеуге мүмкіндік береді. Кореяға көшуді жоспарлап жатқан адамдарға, студенттерге бұл жайында білген жөн.


Ерекше пайдасы бар ингредиенттермен әзірленетін тағамдар


Кәрістер сусындарға және көжеге жожоба мен зімбірді қосады. Қоңыраугүлдің тамырын шайнама ретінде қолданады. Оның құрамында қандағы қантты азайтатын, қабынуға қарсы заттары бар. Элеутерококтың сабақтарын көжеге және ұйытқыларға қосады. Ол иммунитетті күшейтеді, қатерлі ісік жасушалары дамуының алдын алады, жүйке жүйесін тыныштандырады. Қыраноттың жас тармақтарынан шайнамалар , ыстық және суық тағамдар әзірлейді.

Сырттан қарағанда, кәрістер дәрі‑дәрмектерді дайындап жатыр деген әсер болады: өсімдік тамырларын жібітеді, қабықтарын, сабақтарын тазалайды, қажетті жапырақтарын алады.


Иллюзиялар мұражайы


Trickeye Museum — Иллюзиялар мұражайы – бұл барлық суреттер мен инсталяцияларға қосымша шынайылықтың эффектісі қосылған жаңа форматтағы галерея.

Келушілер өнер туындының бір бөлігіне айналу мүмкіндігіне ие. Ол үшін мұражайдың белсенді бөлігіне кірер алдында, Trickeye фирмалық қосымшаны жүктеп алу қажет. Оның көмегімен эффектті суретке немесе бейнеге түсіріп алуға блады.


Тақырыптық дәмханалар


Pinkpoolkafe — Сеул тұрғындарының арасында әлеуметтік желілерді қолданушылардың барлығы ұнататын дәмхана. Бұл орын алқызыл түсте жасалған және залда бассейні бар.

Сеулда Hello Kitty-ді ұнататын және Гарри Поттердің табынушыларына арналған дәмханалар бар.

Акулалары бар дүкендер, бассейні бар дәмхана, XIV ғасыр сарайы – Сеулдағы 11 ғажайып нәрсе
Дереккөзі: instagram.com


Бірақ көпшілікті дәретханалық тақырыпта жасалған дәмхана таң қалдырады. Кәрістер бұндай әзілді жақсы көреді және осындай орындар тәбетті құртады деп ойламайды.


SMTOWN


Оңтүстік Кореяны K-POP-индустриясы мен дорамалар үшін жақсы көретіні бекер емес. SMTOWN — бұл K-POP-әлемін ұнататын барлық адамдарға арналған жер. Бұл дәмханалар, дүкендер, студия, мұражай-театры орналасқан бірнеше қабатты ғимарат. Осында өзіңді айдолдың образына еніп, жұлдыз ретінде сезінуге болады.

Акулалары бар дүкендер, бассейні бар дәмхана, XIV ғасыр сарайы – Сеулдағы 11 ғажайып нәрсе

Дереккөзі: instagram.com


Dongdaemun Design Plaza


Сырттан қарағанда, бұл сауда орталығы басқа планеталық кемені еске салады. Бұл бүкіл әлемге танымал сәулетші Зах Хадидтің жұмысы. Сауда орталығы шопингке ғана арналмаған. Ғимараттың ішінде көрме мұражайы және әлемдік жас дизайнерлердің ерекше жұмыстары сатылатын дизайн мұражайы орналасқан.


Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Юлия Юнға — @julia.yun_korea, Ксения Золотареваға — @kseniasenia_, Евгений Неделькоға — @janenedelko, Роман Вернидубқа —@roman_koru, Алена Кимға — @alena_vita алғысымызды білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Индонезия, Сингапур және онлайн-визаны рәсімдеуге болатын 13 ел тізімі
Индонезия, Сингапур және онлайн-визаны рәсімдеуге болатын 13 ел тізімі
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
Қай елдерде сүйісу мен құшақтасуға тыйым салынады, ал қай елдерде барлығына және одан да көпке рұқсат етілген
«Көгілдір аймақтар». Ұзақ өмір сүретін планетадағы 5 жер
«Көгілдір аймақтар». Ұзақ өмір сүретін планетадағы 5 жер
Шенген визасын қалай алуға болады: құжаттар, мерзімдер және кеңестер
Шенген визасын қалай алуға болады: құжаттар, мерзімдер және кеңестер
Саяхат үшін қосымшалар: карталар, қонақ үйлерді брондау, билеттерді сатып алу
Саяхат үшін қосымшалар: карталар, қонақ үйлерді брондау, билеттерді сатып алу