facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aitube-te-tanymal-bolu-r-a-sha-tabu-sh-aza-standy-videoblogerd-t-zh-ribes
logo
Aitube-те танымал болу әрі ақша табу. Үш қазақстандық видеоблогердің тәжірибесі

15.02.2023

Aitube-те танымал болу әрі ақша табу. Үш қазақстандық видеоблогердің тәжірибесі

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазақстандық Aitube бейнехостингінде контентті монетизациялау бағдарламасы іске қосылды. Іске қосылғаннан бері 400-ге жуық адам ақша тауып үлгерді. Мысалы, бір қолданушы 518 500 теңге табыс тапты.

Қазақстандық үш видеоблогер Aitube-те қалай танымал болуға әрі ақша табуға болатыны жайлы.


Диас Нұрланов, 18 жаста, Zefryx TV, aitube, youtube

Диас Нурланов.jpeg

Бәрі қалай басталды

Мен бала кезімнен бейнероликтер, влог түсіргенді ұнататынмын. Ешкім оларды көрмесе де, құлшынысым төмендеген жоқ. Осылайша екі жыл бұрын канал аштым. Менде таңдау болды: футбол немесе ойын тақырыбында контент жасау. Сөйтіп екіншісін таңдадым. Бұл — жақсы бағыт, өйткені әлемдегі ең көп жазылушылары бар бес үздік каналдың екеуі ойындармен байланысты: PewDiePie және Fernanfloo. Қазақ тіліндегі ойын контентіне қызығушылық жоғары. Мұндай бейнероликтер YouTube-те маған миллион қаралым жинап берді.

2 жыл ішінде менің аудиториям 384 000 адамға дейін өсті, ал бейнероликтердің жалпы саны 28 миллионнан асты.

Aitube-те даму туралы

Маған алдыма қызықты мақсат-міндеттер қою, өзімді әртүрлі салада сынап көру ұнайды. Сондықтан мен Aitube-ге қызыға бастадым, сөйтіп жаңа платформада бағымды сынап көрейін деп шештім.

Aitube-те кез келген тіркелген пайдаланушы монетизацияға автоматты түрде қосылады. Бұл оның басқалардан ерекшелейтін артықшылықтарының бірі. Мысалы, 2019 жылдан бастап YouTube-те қазақ тіліндегі контентке жарнама көрсете алмаймыз.

Aitube-те ақша табу туралы

Aitube — видеоблогерлерге ақша табуға мүмкіндік беретін тамаша платформа.

Мұнда танымал болу үшін аудиторияны қызықтыратын қызық әрі сапалы контент жасау керек. Тұрақтылық та маңызды. Екінші, тіпті оныншы бейнеролигіңіз бірден 100 000 қаралым әкеледі деп күтпегеніңіз жөн.

Жаңадан бастаушыларға бірнеше кеңес беремін:

— каналыңыздың тақырыбы мен бағытын айқындап алыңыз. Бұл 100 бейнероликтен кейін де жалықпайтын нәрсе болуы керек;

— қазақ тілінде контент жасау. Ол ешқашан артық болмайды.

Егер сіз ойын жанрында танымал болғыңыз келсе, Minecraft, Fortnite, GTA және Garena Free Fire сияқты трендтегі танымал ойындарды таңдаған жөн. Мен соңғысын ойнаймын.


Дулыға Мырзахан, 20 жаста, DUKA, aitube

Дулыга Duka.jpeg

Бәрі қалай басталды

Мен үшін контент жасау және оны видеохостинг платформаларына жүктеу — табыс әкелетін хобби. Мен стримингілік және ойын контентіне біртіндеп келдім. Тоқтаусыз видео түсірдім. Мұндайда өзіме: «Бұл бейнероликті мен көрер ме едім?» деп сұрақ қоятынмын. Кез келген енді бастап жүрген автор осы сұрақты өзіне қоюы керек.

Бүгінде мен бейнероликтер арасында бір күннен үш күнге дейін үзіліс жасап отыру принципін ұстанамын.

Aitube-те даму туралы

Aitube-ке Олег досымның кеңесімен келдім. Мен платформаның артықшылықтарын бірден көрдім: техникалық қолдау тобының жақындығы, тартымды монетизация бағдарламасы. Осылайша контентті платформаға жүктей бастадым.

Хостинг әрі қарай да дами берсе, бұл қазақстандық креаторларға пайдасын тигізіп, жергілікті контентті дамытуға үлес қосады деп ойлаймын.

Aitube-те ақша табу туралы

Мен 2014 жылдан бері контентімді монетизациялауды армандап жүрдім. Бұл арманымның орындалғанына қуаныштымын. Aitube-те монетизация жақсы. Ірі компаниялардың жарнама сатып алатыны да қуантарлық жайт. Платформадағы алғашқы айларда 300 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейін табыс таптым.

Ең бастысы — жұмыс жасап, бейнероликтерді үнемі жүктеп отыру. Еңбек — табыстың кілті.

Aitube-те бос нишалар көп, өйткені платформа 2019 жылдың желтоқсанында ғана іске қосылды. Дамығысы келетіндер үшін мүмкіндіктер көп. Аудиторияңызға және өзіңізге не қызықты болатынын түсінуіңіз керек. Бұл сериалдар мен фильмдерге, ойындар мен стримингтерге шолу болуы мүмкін. Басқа авторлардың осындай контентті қалай жасайтынын қараңыз және олардан немен ерекшеленетініңізді анықтаңыз. Даңқ бірден келмейді, алайда еңбектене беріңіз, сонда ғана мақсатыңызға жетесіз.


Арман Талғат, 21 жаста, Areke, aitube

Арман Areke TV.PNG

Бәрі қалай басталды

Мен бала кезімнен ойындарды ұнатамын, әсіресе желідегі басқа ойыншылармен ойнауды. Өзің сияқты ойыншылардың арасынан пікірлес адамдарды табудың ерекше бар. Видеороликтермді 2015 жылдан бері жариялап келемін. Мен барлығы үш канал жүргіземін. Соңғысы автомобильдер тюнингіне және автокөліктерге шолу жасауға арналған.

Ең жақсы тәжірибелердің бірі екі жыл бұрын бір ютуберден алған сұхбатым болды. Оның 60 000 жазылушысы болды да, бұл бейнеролик жиі қаралатындар тізіміне кірді. Контентің трендке айналған кездегі сезім тоқтамай, әрі қарай контент жасауға күш береді.

Aitube-те даму туралы

Aitube-те досым бірінші болып видео түсіріп, контент жариялаған болатын. Бұл платформаның монетизациялау шарттары жақсы екенін айтты.

Менің каналды дамытудағы жетістігім — идеяның әбден ойластырылғанында және аудиториямның қолдауында. Маған қызық емес контентті түсірмес едім. Аудиторияны алдай алмайсыз, себебі қандай да бір тақырыпты жан-тәніңізбен беріліп айтпасаңыз, өзіңізге қызық болмаса, ол бірден көрініп қалады. Шынайы контентпен аудиторияның ықыласына бөленесіз.

Aitube-те ақша табу туралы

Aitube-те танымал болу үшін шығармашылыққа деген құштарлық пен креатив керек. Жаңа идеялар да артық болмайды! Тез әрі сапалы жұмыс жасасаңыз, Қазақстандағы орташа жалақыдан да көп ақша табуға болады.

Мен креативті ойлауды күшейтуді, жаңа нишаларды табуды және контентті жүйелі жариялап отыруды ұсынамын. Контенттің техникалық аспектілеріне де назар аударар едім, яғни т видеоның мұқабасын артымды әрі түсінікті жасап, дыбыс сапасын да қадағалайтын едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Болашақта мектептер қандай болады және неге балаларға бағдарланып өзгерістер енгізу маңызды
Болашақта мектептер қандай болады және неге балаларға бағдарланып өзгерістер енгізу маңызды
Болашақтың мектебі қандай болуы керек және мұғалімдер даму үстінде болуы қажет
Болашақтың мектебі қандай болуы керек және мұғалімдер даму үстінде болуы қажет
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
32 жылдық тәжірибесі бар ұстаз студенттердің жүктемесі және Қазақстандағы білім берудегі басқа да мәселелер туралы
IT саласында білім беретін университеттер жинағы
IT саласында білім беретін университеттер жинағы
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы
Мен ҚБТУ-да оқимын. Студенттер университетке қалай түсу керектігі және оның артықшылықтары туралы