Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-yldy-la-aptar-audarmashy-k-z-ld-r-k-pen-ikemd-noutbuk-2022-zhyldy-innovaciyaly-gadzhetter
«Ақылды» құлаққаптар, аудармашы-көзілдірік пен икемді ноутбук: 2022 жылдың инновациялық гаджеттері
4904

08.07.2022

«Ақылды» құлаққаптар, аудармашы-көзілдірік пен икемді ноутбук: 2022 жылдың инновациялық гаджеттері

2022 жылдың басынан технология әлемі көптеген жаңа гаджеттермен толықты. Біз солардың арасындағы ең қызықтыларымен таныстырмақшымыз.


Asus Zenbook 17 Fold OLED

Без названия (15).png

Asus-тың биылғы жаңалығы — бұл 17.3 дюмдік икемді экраны бар гаджет. Оны ноутбук немесе планшет ретінде де қолдана аласыз, тіпті кітап оқуға пайдалансаңыз да болады. Экранның тұнықтығы — 2560x1920, ал арақатынасы 4:3.

Сондай-ақ Zenbook 17 Fold OLED гаджетінде мақтануға тұрарлық нәрсе — бұл Intel Core i7 12 процессоры мен жылдам қуатталу үшін Easy Charge технологиясы орнатылған.


Razer Project Sophia

razer-project-sophia.jpg

Кәсіби ойындардың құрал-жабдықтарын жасаумен айналысатын Razer компаниясы ерекше жаңалық ұсынды — бұл модульді ойын үстелі. Оның басты ерекшелігі — баптау функцияларының көптігінде. Гаджетпен бірге 13 қондырғы қоса беріледі. Бұлар қосымша дисплейлер, сенсорлық беттер, стилустар және т.б.

Үстелдегі әртүрлі схемаларды біріктіру арқылы кестені ойын ойнауға, шығармашылық жұмыспен айналасуға немесе кез келген басқа да істерге бейімдеп реттеуге болады.


OWO Vest

zonasmusculares3 4 1-1920x1080-751b57e2d1244c9c7f726baa4a319e23.jpg

OWO компаниясы метағаламда ойын ойнағанда немесе серуендеген кезде болатын іс- әрекеттерді адамға физикалық түрде сезінуге мүмкіндік беретін озық технологияны патенттеп алды. Арнайы киім арқылы 30 түрлі сезімді сезіне аласыз: желдің есуі, басқа адамды құшақтау, жаңбыр тамшылары.

Бұл гаджет сымсыз қосылатындықтан оны әртүрлі құрылғыларға қоса аласыз, мәселен: компьютерлер, консольдер, планшеттер және VR-құрылғылар. Қазіргі уақытта осы технологияны қолдайтын ойындар: Fortnite, Rocket League, Valorant, League of Legends, CrisisVRigade 2, Dark Unknown, Beyond Humankind және т.б.


Qualcomm Smart Viewer

MNAMdgW45SNkpWB6rWxm4W (1).jpg

Qualcomm — байланыс қызметін құрумен айналысатын компания, ол AR-көзілдірігінің сымсыз нұсқасы Smart Viewer-ді таныстырды.

Толықтырылған шындықтың «ақылды» көзілдіріктері телефон немесе компьютерге қосылады. Құрылғы бас пен қол қимылын микро-OLED дисплейлеріндегі камералар арқылы бақылайды. Гаджеттің салмағы 115 грамм. Бұл бүгінгі таңдағы ең жеңіл AR-көзілдірігі.


Google-дің AR-көзілдірігі

1652356768_Google-представляет-новые-AR-очки-которые-переводят-на-иностранный-язык-и.jpg

Google компаниясы бағдарламалаушыларға арналғаніс-шарасында толықтырылған шындық көзілдіріктерін көрсетті, ол шынайы өмірдебасқа адамның сөзін аударып, субтитрмен де көрсете алады.

Компанияның сөзінше, бұл жаңа гаджет бүкіл әлемдегі адамдар бір-бірімен тілдесу кезінде туындайтын «кедергілерді жеңуге» септігін тигізеді.


Gucci-дің «ақылды» сақинасы

2_2_large.png

Gucci сән бренді финдік Ōura Health компаниясымен бірлесе отырып «ақылды» сақинаны шығарды. Ōura Health — денсаулық сақтау саласындағы технология бойынша жұмыс істейтін компания.

Көлемі шағын ғана гаджет дене температурасы, тамыр соғысы мен белсенділік деңгейін қадағалайтын датчиктермен жабдықталған. Ал жиналған деректер арнайы қосымшаға жіберіледі, онда пайдаланушының өмір салтын жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі.


Smart Health Monitoring Light

Sengled — «ақылды» жарықтандыруға маманданған компания. Олардың соңғы өнертабысына — CES 2022 халықаралық электроника көрмесінде марапат берілді.

Smart Health Monitoring Light бұл бөлмені жарықтандыратын шам ғана емес, оған қоса денеңіздің күйін де қалағалайды, атап айтқанда: температура, тыныс алу жылдамдығы, тіпті ұйқы сапасын дейін бақылайды.

Wi-Fi немесе Bluetooth-ге қосылған мұндай шамдар желісі арқылы үйдің виртуалды картасын жасауға болады, бұдан бөлек денсаулықты тексерген кезде қажет болатын деректерді жинауға да көмектеседі.


Garmin Forerunner

Cпортивные_смарт_часы_Garmin_Forerunner_745_Magma_Red__010-02445-12__6-2.jpg

Garmin Forerunner-күн энергиясын пайдаланып қуатталатын сағат. Бұл арнайы Power Glass қуаттау линзасы арқылы жүзеге асады. Толық қуатталған жағдайда гаджеттің қуаты 20 күнге дейін жетеді.

Сонымен қатар, Forerunner бұдан да басқа көптеген көрсеткіштерді бақылай алады: адамның жаттығуға дайындығы, тыныс алуы, жүгіру жылдамдығы, демалуға бөлетін уақыты және т.б.


Honor EarBuds 3 Pro

Honor-Choice-Earbuds-X-16.jpg

Температураны өлшей алатын алғашқы сымсыз құлаққаптар. Жүйе температура деңгейін қадағалап, егер орташа көрсеткіштен жоғарылаған жағдайда хабарлай алады.

Бұдан басқа, жаңа гаджет жасанды интеллект негізінде шуды азайтуға арналған жүйемен жабдықталған. Соның арқасында кез келген жерде дыбыс анық шығып тұрады: үйде, кафеде немесе адам көп жиналатын жерлерде де.


Apple-дің жаңа өнімдері

Mac Studio — Mac тізбегінің компьютерлерінің бірі. Оған M1 Ultra чипі орнатылған, ол бұған дейін шыққан Mac компьютерлер буынындағы ең жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін чип.

iPhone SE смартфонының үшінші буыны — iPhone 8 дизайнында жасалынған қолжетімді телефон. Оның ерекшелігі — A15 Bionic чипі. Ал iPhone 13-ке тура осындай чип салынған.

Apple Studio Display — 5K рұқсатнамасын қолдайтын жаңа монитор. Диагональі — 27 дюйм. Сондай-ақ бұл құрылғыда камера орнатылған және 6 динамигі бар.

Macbook Air. Жаңа ноутбуктың негізіне — M2 чипі салынған, ол M1 чипімен салыстырғанда өнімділігі 18% артық. Бұл модельдің дизайны толығымен қайта істелінген. Тұтастай алюминийден жасалынған корпусы бұрынғы модельге қарағанда 21%-ға кішірек. Жаңа гаджеттің дисплейі — дөңгелектелген бұрыштарымен қоса 13,6 дюмдік құрайды, ал «кекілді» жарықтағы — 500 нит, түстің миллиардтаған түрін қолдайды. Құрылғыда екі USB-C порты, бұлыңғыр болған кезде де жақсы түсіре алатын жетілдірілген алдыңғы1080p камерасы және жүйеде 4 динамик пен 3 микрофон бар, сондай-ақ Dolby Atmos-ты қолдайды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

Подписаться

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.