facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh-shveycariya-makedoniya-elsh-l-gn-yzmetkerler-mansap-pen-zh-mys-kelesheg-turaly
logo
АҚШ, Швейцария, Македония елшілігніің қызметкерлері мансап пен жұмыс келешегі туралы
Мамандықтар

30.04.2018

АҚШ, Швейцария, Македония елшілігніің қызметкерлері мансап пен жұмыс келешегі туралы

Тогжан Мукатаева, 31 жаста, туған жері — Семей, ақпарат мәселелері бойынша аға көмекші


Мансап бастамасы туралы



Елшілікте лауазымға ие болып, жұмысқа келмей тұрып мен әңгімелесу, тестілеу және белгілі емтихандардан өттім. Осыдан бұрын халықаралық ұйымда жұмыс істедім, ол жерде келісімшарт мерзімдері аяқталды. Осыны біле тұра, жаңа жұмыс іздей бастадым. Осылайша АҚШ елшілігінде бос жұмыс орнын таптым. Елшілік мәдениет сұрақтары бойынша маман іздеді. Барлық шарттар мен талаптарды қарағаннан кейін өзімді осы мамандыққа лайықты деп санадым. Сондықтан өзіме сенімді болдым, тіпті түйіндемені тапсырған уақытта да сәл шабыттандым.

WhatsApp Image 2018-03-14 at 13.25.44.jpeg

Менің лауазымым «ақпарат мәселелері бойынша аға көмекші» деп аталады. Бұл баспасөздің бөлімшесі. Осыдан бұрын мен мәдени бағдарламаның үйлестірушісі лауазымында болдым. Осы да, қазіргі де мамандыққа ие болу үшін іріктеуден өтіп, белгілі өлшемдерге сай, белгілі дағдылар меңгеріп, білімді болу қажет. Мінез қасиеттері де маңызды.

Мәдени бағдарламалардың координаторы лауазымындағы жұмыс — жұмыс емес, арман


Білімім бойынша филологпын, магистратураны филология аясында бітірдім. Сонымен қатар экономист және заңгердің дипломдары да бар. Менде университетте жұмыс істеу тәжірибем бар: халықаралық ынтымақтастық бөлімінде жұмыс істедім. АҚШ мемлекеттік Департаментінің жастармен қалай жұмыс істейтінін, мәдениет пен білім саласында қандай қызықты жобалар жасайтынын анық білетінмін. Өзімнің бар тәжірибемді елшілікте мәдени жобаларды үйлестіруші қызметінде пайдалана алдым. Баспасөз бөлімшесі қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкері атану үшін мен барлығы секілді іріктеу кезеңдерінен өттім.

Лауазымға кіріспес бұрын, өткен жұмыстарымда көптеген тренингтер мен курстардан өттім. 2012 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша АҚШ-та тәжірибе алмастым. Омаха, Небраска қаласындағы университетте оқыдым. Мамандарға арналған халықаралық бағдарламаны өттім. Онда ағылшын тілін, менеджментті терең меңгердік.

Мен жігерлі адаммын, тұрақты қозғалыс пен қиын мәселелерді шешкен ұнайды. Қызметке келер кезде Қазақстан мен АҚШ қатынастарының 25 жылдық мерейтойы аталып жатты. Келесі 2017 жылы EXPO шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілді. Мәдени бағдарламалар құрамына адамдарды біріктіріп, елдер арасында тығыз қарым-қатынас орнататын барлық іс-шаралар кіреді. Қызықты сәттер көп болды. Тіпті менің қызымның өзі іс-шараларға өткізуге қатысты.



Қиындықтар туралы



Қиындықтар болды. Қызметке орналасқан кездегі қобалжуым есімде. Қызметіме кіріскен кезде супервайзер барлығын түсіндіріп, танысуға қажетті тізімді қолыма ұстатты. Өз бетімше үйренуге тура келді. Мен тырыстым, алайда бар қиындық жаңа жүйеге үйрену болды.

Сонымен қатар көптеген мәдени іс-шаралар болды. Мерзімдер жақындап жатты, ал мен өзімді жақсы жағымнан көрсеткім келді.

Жұмыс басталғаннан кейін үш айдан соң зақым алдым — аяғымдағы саусақтарымды сындырып алдым. Бірақ үйде отыра алмадым, себебі жобаларым бар екенін білдім. Қазір басқалар ауру қағазын ала салатынын түсінемін, ал мен әр түрлі аяқ киім киіп, жобалар бойынша жұмысымды жалғастырдым.

Мерзімдер жақындап жатты, ал мен өзімді жақсы жағымнан көрсеткім келді


Жұмыстың бірінші жылы қарқынды болды. Жұмыс ережесі мен қарқынына үйрену керек болды. Жұмыс басталғаннан кейін Астанаға көшіп, баламды туған қаламда қалдырдым. Бұның бәрін ескере отырып, маған оңай болған жоқ. Алайда кейін жұмыс рақаттылық әкеле бастады.

Тәжірибе туралы айтатын болсақ, әрбір жоба аяқталған соң әріптестерімізбен жұмысымызды талдаймыз. Динамиканы қадағалаудың арқасында тәжірибе жинаймыз.



Жұмыстың беретін пайдасы туралы



Қазір мен баспасөздің бөлімшесінде, яғни әлеуметтік желілер мен жаңалықтармен жұмыс жасаймын. Пресс-брифингтер, журналистердің сұрақтарына жауап беру — мұның бәрі менің міндеттеріме кіреді. Қазақ тіліндегі аудиторияға ерекше назар аударамын.

Астанада АҚШ елшілігінде жұмыс істеу мен үшін үлкен құрмет


Әрбір қызметкер екі ел арасында достық қарым-қатынастың дамуына үлес қосатынын түседі, бұл өте маңызды.

Елшілікте жұмыс істеу — тұрақты кәсіби өсуді қамтамасыз етеді. Біз бір-бірін ауыстырып тұратын әріптестерімізден, супервайзерлерден, дипломаттардан үйренеміз. Түрлі оқытулар мен тренингтер жаңа білімдерге ие болуға мүмкіндік береді, жұмыстың бұл бөлігі маған ұнайды.

Ляззат Досова, 26 жаста, туған жері — Ақтөбе, Қазақстан Республикасындағы Македония елшісінің ассистенті


Мансап бастамасы туралы



Ешілікте жұмыс істейтінімді ешқашан жоспарламаппын, мамандығым бойынша экономиспін. Магистр дәрежесін алғаннан кейін Астанаға қайтып келдім. Сонымен қатар түрлі курстарға барып тұрдым. Сонымен бірге Іскер жастар кеңесіндегі дипломатия мектебіне шақырды.

21879144_376307846120227_5421790878509301760_n.jpg

«Дипломат» қонақ үйінде дәрістер курсы өтіп жатты. Елшілер бір ай уақытында тәжірибелерімен бөлісіп, елдер арасындағы қарым-қатынас туралы айтты. 2,5 айда 12 елші сабақ өткізді. Соңғы сабақта Македония елшісі келді.

Ол кезде мен жұмыс істеу барысында едім. Елшілікте жұмыс істеу туралы ойымда да болмағанына қарамастан, маған елдің өзін-өзі ұсынуы ұнады. Олардың еліне жұмысқа қалай баруға болатынын білу үшін елшіге жүгіндім. Мені бағдарламалар қызықтырды, себебі табыс табуды мақсат етпей, қызықты тәжірибе алғым келді. Сонда елші мені сыпайы түрде осындай бағдарламаларды ұйымдастырумен айналысатын арнайы ұйымдарға жіберді.

Ол кезде елшілікте елшінің ассистенті қызметіне бір ғана бос орын болды. Осылайша сөйлескеннен екі-үш күн өткен соң, маған хабарласып, ассистент қызметіне әңгімелесуге шақырды.



Қиындықтар туралы



Жұмысқа келгеннен кейін іс-тәжірибеден өттім. Бір жарым ай бойы ассистент қызметінің жұмысын үйрендім, кеңседе отырып, жұмыстың функцияларымен таныстым: құжаттармен жұмыс, кездесулерді ұйымдастыру. Ассистент — хатшы емес, оның түрлі тапсырмалары көп, көбінесе тиімді шешім іздеп, жағдайға байланысты жұмыс істеу керек.

Ассистенттің міндеттерінің арасында іс-қағаздарды жүргізу, аудармалармен жұмыс, кеңседегі тіршілікті қамтамасыз ету, іс-шараларды үйлестіру. Әрдайым қандай мерекелердің болып жатқанын білу керек, оларға шақыруларын және баруларын қадағалау қажет.

Айтарлықтай қиындықтар жоқ.

Жалғыз үйренуге керек болған нәрсе — тапсырманың көптігі


Тапсырманың күрделілігіне қарамастан, оны басымдылығына қарай бөлуге тура келді.



Жұмыстың беретін пайдасы туралы



Елшілікте ассистент позициясында жұмыс істеген кезде көптеген техникалық функциялар орындалады, ал бұл қызметте айтарлықтай кәсіби дамудың мүмкіндігі жоқтығын білдіреді.

Алайда жұмыс көптеген іскерлік байланыстар орнатуға және түрлі сұрақтар бойынша ортақ шешімге келіп, іс-шараларды ұйымдастырып, коммуникативтік дағдыларды дамытуға көмектеседі. Менің елшіліктегі қызметім қазіргі жағдай болмағанда кездесуім екіталай болатын адамдармен іскерлік қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Айдана Конырова, 30 жаста, туған жері — Павлодар, Қазақстан Республикасындағы Швейцария елшісінің ассистенті


Мансаптың бастамасы туралы



Менің анам журналист және мен бала кезімнен онымен бірге дипломатиялық қабылдауларға баратынмын. Бұл сала мені үнемі қызықтыратын, сондықтан мамандық таңдауда тиісті бағытты таңдадым. Еуразия Ұлттық университетінде «халықаралық байланыстар» бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыдым.

IMG_6509.jpg

Мамандығым бойынша жұмысқа бірден келген жоқпын. Ары қарай «қонақ үй және мейрамхана менеджменті» бойынша магистратура бағдарламасында оқыдым. Швейцарияның мектептерінің бірінде оқыдым. Жұмысымды дәл осы саладан бастадым. Алайда жиі елшіліктермен жұмыс істеп, қабылдаулар өткізіп тұрдым. Саланың екеуі де мені қызықтырды.

Конақ үйдегі жұмысымды тастауға тура келді, сол кезде Швейцарияның елшілігінде бос орын ашылды. Осылайша мені елшінің ассистенті қызметіне жұмысқа алды.

Дипломатиялық хаттамаларды білу, дипломатиялық ноталарды жаза білу — университетте алған білімім, олар маған жұмыс кезінде көмектеседі.



Қиындықтар туралы



Қонақ үйдегі жұмысымнан елшілікке ауысқан кезде маған қиын болмады. Бұған дейін қонақтарды қабылдаушы тарапында болдым. Енді мен сапарларды ұйымдастырамын және менің істі білуім екінші жағынан барлығын сапалы және дұрыс жасауға көмектеседі.

Қызметті ие болғаныма бір жарым жыл болған кезде Швейцарияға елшінің ассистенттеріне арналған курстарға бардым. Онда көп тапсырмалар бойынша тренингтер өткізілді. Бізді тайм-менеджмент пен дұрыс жоспарлауды үйретті.

Жұмыста әрдайым жаңа нәрселерге кездестіруге тура келеді


Елші ассистенті — ең қарапайым қызмет емес. Бұл мамандықтағы адам күйзеліске шыдайтын және жауапты адам болу керек.

Жұмысым қызықты, әр күн өткен күннен ерекшеленеді — тапсырмалар әрдайым әртүрлі.

Менің міндетіме — елшіге көмек көрсету, министрліктер мен басқа да мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл, ресми тұлғаларамен, министрлермен, мемлекеттік хатшылармен кездесу және қабылдаулар мен кездесулерді ұйымдастыру кіреді.



Жұмыстың беретін пайдасы туралы



Жылдан жылға мен елшінің ассистенті қызметіндегі дағдыларымды дамыта аламын, алайда қызметімнен ауыспаймын. Адам елшілікке қызметке тұрған кезде қарапайым түрдегі мансаптық өсу болмайтынын түсіну керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.