facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
a-sh-da-t-ru-a-y-ayly-e-zha-sy-10-shtat-kel-msekter-arasynda-ke-ge-taral-an-ba-yttar
logo
АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар

09.08.2019

АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар

Нью-Йорк


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


Халқы ең тығыз орналасқан Американың штаты. Ірі экономикалық, туристік және өнеркәсіптік аймақ. Осында елдегі салық салудың деңгейі жоғары. Штат келімсектердің саны бойынша екінші орында тұр. Этникалық орамдары көп: қытай, орыс, жапон, поляк, италиялық, үнді. Ең танымал орыс тілді ауданы — Брайтон-Бич.

Тұрғын үй


Нью-Йорк және штаттың басқа қалалары жылжымайтын мүлікке инвестиция салу үшін ең жақсы жерлер болып табылады. 2019 жылғы мүліктің орташа құны — 500 000 $-дан басталады. Бір бөлмелі пәтер орташа есептегенде 2000 $-дан бастап тұрады.

Жұмыс


Штатта жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Көптеген келімсектер жұмыс визасын алады. Нью-Йорк — мүмкіндіктердің, қозғалыстың және қуаттың қаласы.


Солтүстік Каролина


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


Мектепке дейінгі білім беру деңгейі үздік штат. Солтүстік Каролина экономикалық тұрғыдан дамыған АҚШ штаттарының ондығына кіреді. Шарлотт қаласы – көлемі бойынша АҚШ-дағы екінші банк орталығы. Осында жұмыссыздықтың деңгейі төмен. Бұл тар бейінді мамандар үшін интеллектуалды орталық болып табылатын жер.

Тұрғын үй


Коммуналды қызметтердің құны төмен ауқымды бизнес-орталығы. Осында тұру қымбатқа түспейді, 200 000 $-ға үй сатып алуға болады. Орыс аудандары, үйірмелері, мектептері бар.

Жұмыс


Жұмыс үшін көпшілігі қаржы секторы, ауыл шаруашылығы, туризм және өнеркәсіп салаларын таңдайды. Солтүстік Каролинадан шығатын экологиялық таза фермерлік өнімдерге сұраныс бар. Осында көп кинокомпаниялар орналасқан, мыңдаған туристер жиналатын ауқымды кинофестивальдер өткізіледі. Солтүстік Каролинада «Родина» танымал сериалы, сонымен қатар «Железный человек 3» және «Голодные игры» фильмдері түсірілген.


Техас


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


Жұмыссыздық деңгейі төмен технологиялар орталығы. Қалаларының бірінде кіріс салығы жоқ. Климаты жақсы және жайлы. Көшіп-қону үшін кеңге таралған бағыт. Тұрмыс деңгейі жоғары. Осында 70 000 орыс тілді халық тұрады, басым бөлігі Остинде тұрақтанған.

Тұрғын үй


Орташа статистикалық тұрғын баспана алу мүмкіндігіне ие. Осы аймақтағы баспана қолжетімді болып табылады. Мегаполистердің маңында орналасқан бюджеттік үйді 100 000 $-ға алуға болады.

Жұмыс


Техас қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыс берушілердің саны бойынша елде төртінші орын алады. Осында eBay, Apple, PayPal, IBM және Dell сияқты көптеген IT-компаниялардың өкілдері орналасқан.


Массачусетс


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


Массачусетс штатында әйгілі Алғыс айту мейрамының негізі салынды. Бейресми түрде бұл штатты шығанақтар штаты деп атайды. Бостон – АҚШ-дағы ең ескі және ең бай қалалардың бірі. Осында әйгілі Гарвард университетін қоса есептегенде, 70-тен астам университеттер мен колледждер бар. Раритет автокөліктерді жақсы көретін адамдар Бруклинге барады, осында АҚШ-дағы ең ескі мұражай орналасқан. Штаттың артықшылықтары – ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау саласы және жоғары білім. 2018-2019 жылдары Массачусетс тұру үшін ең жақсы штат болып аталды.

Тұрғын үй


Штат тұрмыс сапасы бойынша үшінші, ал қауіпсіздік бойынша төртінші орын алады. Осындағы баспана қымбат емес және қолжетімді.

Жұмыс


Адамның бір жылдық табысы 50 000 $-дан артық. Негізінен қаржылық мекемелер, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін салалар кеңге таралған. Фрамингем қаласында General Motors компанияның автомобильдерін құрастыру зауыты жұмыс істейді.


Миннесота


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


Бұл Minnesota Mining and Manufacturing жетекші корпорациялардың штаб-пәтерлері орналасқан индустриялы штат. Миннесота — елдегі ең ірі темір кенді ауданы. Бұл аймақ өзінің көлдерімен және үлкен қорықтарымен танымал. Туризм — штаттағы маңызды салалардың бірі. Шопингті ұнататын адамдарды әлемдегі ең ірі сауда орталықтардың бірі болып табылатын Mall of America қызықтырады. Ол штаттың астанасына жақын жерде, Блумингтон қаланың маңында орналасқан.

Тұрғын үй


Ресейліктер арасында Миннесотадағы комноминиумдарда орналасқан жылжымайтын мүліктер сұранысқа ие. Жалға беріп, қосымша табыс табу үшін, Кондодағы пәтерлер тез сатылады. Тұрғын үй 800 $ тұруы мүмкін.

Жұмыс


Штаттың жұмыс нарығы ең мықты, жұмыссыздықтың деңгейі төмен. Биотехнологиялық компаниялар және медицина саласы жақсы дамыған. Штаттағы компаниялар – баламалы, экологиялық таза қуат көздерін өндіру мен пайдалану бойынша көшбасшылық орында тұр.


Мичиган


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктер


Ұлы көлдердің штаты және автомобильдердің әлемдік астанасы. АҚШ-дағы ең ірі қаржы орталықтарының бірі. Осында көптеген банктердің, сақтандыру компаниялардың, инвестициялық қорлардың және тағы да басқа ұйымдардың өкілдіктері орналасқан.

Тұрғын үй


Тұрғын үйдің қолжетімділігі – Мичиганда тұрудың үлкен артықшылығы. Осында жақсы табыс тауып, пәтер жалдап тұруға немесе үй алуға ақша жинауға болады. Жылжымайтын мүлікке төмен пайыздық мөлшерлеме ұсынылады.

Жұмыс


Автомобиль құрастыру – Мичигандағы жұмыстың және экономикадағы басты бағыты. Детройтта General Motors, Ford Motor Company және Chrysler американдық өндірушілердің штаб-пәтерлері орналасқан. Сонымен қатар штатта порттар көп.


Солтүстік Дакота


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


Этникалық немістер, норвегиялықтар, француздар, ирландықтар, шведтер, орыстар, ағылшындар, үндістер тұратын ең көп ұлтты штаттардың бірі. Солтүстік Дакотада көп театрлар, бейнелеу өнерінің мұражайлары және музыкалық орталықтар орналасқан.

Тұрғын үй


Мемлекеттік салықтары төмен және қолжетімді баспананы сатып алу мүмкіндігі бар.

Жұмыс


Бір адамның орташа табысы – 47 000 $. Жұмыстың басты бағыты – ауылшаруашылық өнімдер. Штатта шашақты зығырды, бидайды, күнбағысты, қарабидайды өсірумен айналысады. Солтүстік Дакотаның аумағында АҚШ ВВС екі ең ірі авиабазалары орналасқан. Осында ауылшаруашылық және құрылыс техниканы өндірумен айналысатын Bobcat Company танымал компанияның бас кеңсесі орналасқан. Соңғы жылдары Солтүстік Дакотада Microsoft сияқты ірі IT-компаниялардың бөлімдерін ашыла бастады.


Аляска


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


АҚШ-дағы ең үлкен және солтүстік штаты, Американың туристік орталығы. Осы штатқа қызықты оқиғалар, экстрим, табиғат үшін барады. Келімсек үшін басты артықшылықтары – жоғары тұрмыс деңгейі, жақсы әлеуметтік қолдау, лайықты жалақы. Сапалы білім беруді және денсаулық сақтауды да атап өтуге болады.

Тұрғын үй


Аляска — салық салуы ең қолайлы штаттардың бірі. Бұл сауда салығы да, кіріс салығы да жоқ жалғыз штат. Тиімді түрде тұрғын үйді алу мүмкіндігі бар.

Жұмыс


Жұмысқа орналасу үшін мұнай өндіруші өнеркәсібінің компаниялары, сонымен қатар балық аулау саласы әлдеқайда тиімді болып табылады. Орташа жалақы сағатына 15 $-ға дейін құрайды.


Калифорния


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


Шексіз жағажайлардың, Голливудтың, Криемний алқабының штаты, әрі Американың ең бай штаты. Калифорнияның астанасы — Сакраменто, дегенмен ең әйгілі қалалары — Сан-Франциско және Лос-Анджелес. Ең жақсы шопинг жасауға болатын орын — Беверли-Хиллз. Осында ең беделді брендтер жиналған, бір адамға қызмет көрсету үшін көптеген дүкендер жабылады. Калифорнияда туризм саласы жақсы дамыған, отбасымен демалу үшін көп мүмкіндіктер ұсынылады және климаты жайлы болып келеді. Лос-Анджелесте 150 000-нан астам орыс тілді халқы бар.

Тұрғын үй


Калифорниядағы тұрғын үйлердің бағасы жоғары — 550 000 $-дан басталады. Бірақ арзан жалдамалы пәтерлерді де табуға болады. Штаттың ерекшелігі – жұмыс берушінің тұрғын үйді ұсына алатыны. Калифорнияда үйді жалға алып тұрудың орташа құны — айына 2500 $ құрайды.

Жұмыс


Осында бизнеспен айналысу үшін, сонымен қатар IT, технологиялар, экономика және физика салаларының мамандары барады. Бір адамның орташа табысы — 80 000 $.


Вашингтон


АҚШ-да тұруға ыңғайлы ең жақсы 10 штат: келімсектер арасында кеңге таралған бағыттар


Ерекшеліктері


Вашингтонның астанасы — Олимпия, ең ірі қалалары— Сиэтл, Спокан, Такома. Вашингтонның бейресми атауы — «мәңгі жасыл штат», себебі осында жасыл және ағаштар көп. Гранж музыка стилінің және кофе ішу ерекше мәдениетінің отаны. Америкалық кофеханалар желісінің көбісі Сиэтлде пайда болды.

Тұрғын үй


Кіріс салығының және франшиза салығының жоқтығы – Вашингтонда тұрудың үлкен артықшылығы. Бірақ осында жылжымайтын мүліктің бағалары жоғары. Үйдің орташа құны — 379 000 $-дан басталады.

Жұмыс


АҚШ-ға виза алудың ең перспективалық бағыттардың бірі. Осында Microsoft, Amazon танымал америкалық компаниялардың, Google және Boeing кеңселерінің штаб-пәтерлері орналасқан.


Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Илья Левянтқа, Анна Кесанянға, Диляра Ахметоваға, Валерия Арабскаяға, Анастасия Касперовичке, Юлия Крюковаға алғысымызды білдіреміз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.