Жалгас Жангазин, 26 жаста, туған жері — Алматы, кино
Фильм ерекше картинада түсірілген, маған ұнады. Фильмді көрмей тұрып, басқа пікірде болғанмын, фильмді көргеннен кейін мүлдем басқа пікірде болдым. Біріншіден, бұл мистикалық түрғыдағы өзіндік ерекшелігі бар драма. Актерлердің ойыны ұнады, әсіресе кішкентай қыздың рөлі. Бұл оның дебюті болған шығар. Дебют үшін мұндай ойын үлкен жетістік.
Мен фильмді басынан ортасына дейін түсінісбей отырдым. Әрине, жақсы жағынан. Фильм бойы тек екі кейіпкер ойнайды. Екі басты кейіпкер басқа әлемді тудырды. Тіпті, өзім ішіне кіріп кеттім. Фильм бойы оның не туралы екенін түсінгм келді. Әсіресе, фильмнің басында актердің су астында қалғаны ұнады. Осы жерде Азамат Дулатовтың операторлық шеберігі көрінді. Кадрдың эстетикасы бірден ерекше фильм екенін сезіндіреді.
Маған бұл фильм қыздардың қиындықтары туралы сияқты көрінді. Фильмді тұрмыс құрғысы келетін қыздарға көруге кеңес беремін, өйткені мұнда отбасылық проблемалар қозғалған.
Нуржигит Калдыбеков, 26 жаста, туған жері — Мәскеу, актер
Бұл фильм қазіргі қоғамдағы проблеманы қозғады. Осы тұсы қатты ұнады. Бала туу көрсеткіші өте аз. Мен өзңм Ресейде тұрам, Қазақстанда да бұл үлкен проблемалардың бірі екеніне күмәнім жоқ. Маған актерлердің ойыны ұнады. Әсіресе, Айсулу Азимбаеваның рөлін ерекше атап айтқым келеді. Біз онымен алдынғы жылы, «Районы» фильмінің түсірілімінде танысқанбыз. Алдында да оның рөлдерін көргенмін, бірақ осы рөл — ерекше болды. Мен тіпті, ол ойнаған кейіпкерге сендім. Сонымен қатар, кішкентай Анастасия Вострова да, шындыққа жанасып ойнайды. Бала екені кқрініп тұр, бірақ өзінің жасы үшін тамаша ойнап шықты.
Ақан Сатаевты «триллер» жанрында бағалау өте қиын. Мен Азамат Дулатовтың операторлық жұмысын атап кеткім келеді. Барлық сценаларда әртүрлі түсірілген.
Ең соңғы сценалардың бірі, қыз өзінің ойларына тереңірек түніліп кеткенде, оның жұбайы керісінше, кәдімгі өмірге қайтып оралады. Демек, махаббат жеңеді. Егер сіз фильмді көрсеңіз, менің не айтып отырғанымды түсінесіз. Бұл картинаны барлығы бірдей түсіне бермейді. Фильм маңызды мәселелрді қозғайды.
Триллер жанрын ұнататындарға көруге кеңес беремін.
Дмитрий Воробьев, 30 жаста, туған жері — Алматы қаласы, кәсіпкер, синемафил, энофил
Фильм мені таңқалдырды. Қыздың метро рельстарындағы эпизоды, сөзсіз ешкімді бейжай қалдырмайды. Маған фильмнің жалпы атмосферасы ұнады. Кедергі, минимализм және геометриялық пішіндер - психологиялық триллердің негізі. Сапалы фильмді бағалайтындарға көруге кеңес беремін.
Нурсултан Калдыбеков, 22 года, туған жері — Мәскеу, режиссер
Маған фильм ұнады. Барлық кинотуындылардың мықты және әлсіз жақтары болады, жалпы фильм көңілімнен шықты.
Мен бұл туындыны Клинта Иствуданың «Подмена» фильмімен салыстырар едім, екі фильмнің де режиссерлері біздің өміріміздегі ананың рөлін көрсетеді.
Фильмнің соңғы жағындағы метро картинасы ерекше әсер қалдырды. Фильмді барлық жанашыр және жанашыр емес жандарға көруге кеңес беремін.
Раушан Каирова, 30 жаста, туған жері — Алматы қаласы, имидж-стилист, тренер-хореограф
Маған картина ұнады. Фильмді бірден түсіне алмайсын, жұмбақ сияқты. Неге бұлай болды деп ойлайсын. Музыка жақсы таңдалған. Музыканың әсерінен кей жерлерде денем түршігіп кетті. Ортасына қарай, қыз бала – оның қиялы екенін түсіндім. Ал, сонына қарай фильмнің сюжеті түсінікті бола бастады. Бұл баласын жоғалтып алғаннан кейінгі әйелдің психологиялық жағдайы, стрессі екені түсінікті болды.
Фильм адам өз-өзің алдауының арқасында қандай күйге түсетінін көрсетеді. Және жанында саған қолдау білдіретін адамдардың арқасында ол күйден қалай шығуға болатынын көрсетеді. Біздің отандық киноға бейжай қарамайтын жандарға баруға кеңес беремін. Фильмнен әркім өз шешімін шығарсын.