facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
9-zhasta-irlandiya-a-k-shu-zh-ne-b-l-elde-m-r-s-ru-sh-n-ansha-a-sha-kerek-eken-zhayynda
logo
9 жаста Ирландияға көшу және бұл елде өмір сүру үшін қанша ақша керек екені жайында

02.06.2019

9 жаста Ирландияға көшу және бұл елде өмір сүру үшін қанша ақша керек екені жайында

Тимур Сұлтанов, 29 жаста, туған қаласы — Алматы, Google DoubleClick Bid Manager


Өмірі жайында


Мен тоғыз жасымнан бері Ирландияда тұрып жатырмын. Анам Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияны бітірді, ол музыкант. Оны жұмыс бойынша Ирландияға шақырды, сол себепті біз отбасымызбен осында көшіп келдік.

Мен тоғыз жасымнан бері Ирландияда тұрып жатырмын

Жаңадан ұшып келген кезде, әуежайдың өзінде Ирландиядағы адамдардың күлімдеп жүретінін байқадым. Мен кішкентай болдым және барлық адамдардың күлімдеп, менің қалымды сұрап жүргені ұнайтын. Екіншіден, маған ұнағаны – таза ауа. Ирландия – бұл арал, таза ауа және жел.

Барлық адамдардың ағылшын тілінде сөйлегені мені таң қалдырды, себебі мен Алматыда француз тіліне бейім гимназияда оқыдым. Ирландияға келген кезде, ағылшынша бірнеше сөз ғана білетінмін. Бір жылдан кейін ғана дұрыс араласа бастадым.

bray view.jpg


Қала жайында


Дублинда тұрып жатқанымызға көп болды, оған дейін біз Типперэриде тұрдық. Бұл Дублиннан бір жарым сағаттық жерде орналасқан қала маңы. Мен сол жердегі мектепті бітірдім, аттестат алдым. Кейін Дублиндағы университетке түстім және бұл қалаға көшіп кеттім, ал анам Типперэриде жұмыс істеуін жалғастырды. Білімім бойынша мен маркетологпын.

IMG_20170715_143402_041.jpg

Қалада биік ғимараттар, зәулім үйлер жоқ, негізінен бұл қарапайым сұр ғимараттар. Көпірлері көп, себебі қала орталығынан Лиффи өзені ағады.

Дублиннің ауа-райы көбінесе бұлтты болады. Күннің көзі шыққан кезде, ауа-райы жылынады және адамдар бірден жағажайға барады.

FB_IMG_1500151487746.jpg

Маған Әулие Стивен– St. Stephen's Green саябағы ұнайды, ол қала орталығында орналасқан. Бұл тоғандары мен аққулары бар үлкен саябақ. Сонымен қатар маған Howth шипажай қалашығы ұнайды, сол жерде кемелер бар, ол Дублиннен жарты сағаттық жерде орналасқан. Сол жерде кішкентай мейрамханалар көп, олардың ішіне кіріп, балықтар мен теңіз шаяндарын жеуге болады. Атлант мұхитындағы барлық балықтар осы дәмханаларда табылады. Жақын жерде балаларға арналған жеке жалғыз аяқ жолдары бар Bray жағажайы орналасқан.

Күннің көзі шыққан кезде, ауа-райы жылынады және адамдар бірден жағажайға барады


Осында қоғамдық көлік жүйесі жақсы жұмыс істейді. Көліктің үш басты түрі бар: автобустар, luas— трамвайлар, dart — электричкалар. Студенттер үшін 50% асатын жеңілдіктер бар. Егер автобус 15 минутқа кешіксе, бұл туралы міндетті түрде хабарлайды.


Салықтар жайында


20170530_164546.jpg

Салықтары жоғары. Егер бір жылдық жалақыңыз 35 000 еуродан кем болса, салық шағын комиссиямен 20% құрайды. Егер 35 000 еуродан артық болса, салық 40% дейін жетеді.

Ирландияда теледидарға салық салынады. Егер үйіңізде теледидар болса, жыл сайын салық төлеуіңіз қажет. Бір жылдық салығы 80-100 еуроны құрайды. Көлікке салынатын салық бар, бірақ ол ақталады, себебі жақсы жолдар, ақылы көпірлер салынады. Көлікке міндетті түрде сақтандыру алу керек, оның құны көлік жүргізу тәжірибесіне байланысты өзгеріп отырады. Егер көлікті бір немесе екі жыл жүргізсеңіз, сақтандыру қымбаттырақ болады, егер бес-он жыл жүргізсеңіз, арзанырақ болады.

Ирландияда теледидарға салық салынады



Медицина жайына


Ирландияда жергілікті медициналық картаға өтінім беруге болады. Егер Ирландияның тұрғылықты тұрғын болсаңыз, мемлекеттен кез-келген тегін дәрігерлік кеңеске және тегін дәрі-дәрмектерге арналған медициналық карта беріледі.

Жедел жәрдемнің қызметі тегін. Ирландияда жедел жәрдемге хабарлассаңыз, қоңырауға жауап берген адам жедел жәрдем көлігі келмегенге дейін байланыста болады. Бұл сұрақтар туындаған жағдайда, кеңес беру үшін жасалады.

FB_IMG_1500151883705.jpg


Тұрғын үй жайында


Ирландияда балаларымен және иттерімен қаланың сыртында тұратын отбасылы адамдар көп. Бұл көбінесе бақшасы бар үйлер болып келеді.

Жұмыс істейтін адамдар — professionals – және бойдақтар, студенттер қаланың орталығында тұрады. Олар үшін пәтер жалдау ыңғайлырақ.

Орталықта орналасқан бір бөлмені жалдаудың құны айына 500-600 еуроны құрайды


Орталықта орналасқан бір бөлмені жалдаудың құны айына 500-600 еуроны құрайды. Ал отбасыға Дублин қаласының маңында айына 1500-1800 еуроны құрайтын үйді жалдап тұруға болады.

Осында кредиттік жүйе дамыған. Үйді немесе пәтерді 3%-бен ипотека бойынша 30-40 жылға алуға болады.

FB_IMG_1500151302422.jpg


ТКҚ және телефон байланысы жайында


Осында электр қуаты үшін айына екі рет төлейді. Сәуірден қазан айына дйеін шамамен 150 еуро кетеді, ал қазаннан кейін, қысқы уақытта 2 айға 300-3500 еуро төлейміз.

Мен Vodafone оператордың қызметін қолданамын. Телефонға айына 20 еуро салсаңыз, барлық қоңырауларды, хабарламаларды, Интернетті өтейді. Тек қалалық телефондарға хабарлассаңыз, қосымша ақша алынады.


Тамақ жайында


Осында chips — картопты көп жейді. Кез-келген ет chips-пен беріледі.

Қой, сиыр етін және шошқа етін жақсы көреді. Қой етімен, картоппен, сәбізбен және сарымсақпен, оған қоса сырамен жасалатын әйгілі ирландтық рагу бар.

Сонымен қатар ирландиялықтар сұйық қамырдағы балыққа картоп қосылған – fish and chips тағамын ұнатады.

Дублинде тамаққа үнемдеуге оңай. Осында Lidl и Aldi неміс және Tesco и Dunnes Stores британдық супермаркеттері сияқты жерлер көп. Tesco и Dunnes Stores-тегі азық-түліктердің бағалары қымбаттырақ , себебі олардың сапасы жақсырақ.

Тұрмыстық өнімдерге үнемдегіңіз келсе, оларды Егер Deals дүкенінде алуға болады, сол жерде 1 еуро немесе 50 цент үшін үйге қажетті алуан түрлі өнімдерді алуға болады.

Біз әртүрлі мейрамханалар мен дәмханаларды ұнатамыз, әсіресе италиялық немесе жапондық мейрамханаларды жақсы көреміз. O'Neills және Gallagher's деп аталатын дәстүрлі ирландтық пабтар бар. Сол жерде үлкен порциялар ұсынылады, тамақтың сапасы жақсы және бағалары қымбат емес. Италиялық тағамдары бойынша Carluccio's мейрамханасы ұнайды, ол да Дублиннің орталығында орналасқан. Сол жерде бүкіл қаладағы ең үздің паста әзірленеді. Балық бойынша Catch-22 мейрамханасы жақсы.


Білім беру жүйесі жайында


Ирландтық мектеп жүйесі кішкене ерекшеленеді, ол primary school және secondary school деп бөлінеді. Secondary school кезінде, 11 және 12 сыныпта сізге қалауыңыз бойынша 7 пәнді таңдауды ұсынады. Математика, ағылшын және ирланд тілдері міндетті пәндер болып табылады. Оған қоса төрт пәнді таңдайсыз. Адамға қалайтын нәрсемен айналысу мүмкіндігі беріледі. Оқушы балл жинап, университетке түседі. Университетке түскенге дейін, шағын жеке емтихан, сұхбат өтеді. Одан кейін оқушыға қай жерге түсу жақсырақ болатыны жайында кеңес беріледі.

Адамға қалайтын нәрсемен айналысу мүмкіндігі беріледі



Адамдары жайында


FB_IMG_1500151510696.jpg

Дублиндегі адамдар мейірімді, ашық және саяхатшыларды жақсы көреді. Дублинде саяхатшылар көп, халық үйреніп қалған және бұл оларға ұнайды. Олар барлық адамдармен амандасады, кім қай жақтан келгенін сұрайды. Пабқа барып, бір саптыаяқ сыраға тапсырыс беріп, жанында отырған адаммен танысу, оның елі жайында білу – қалыпты ирландтық дәстүр.

Ирландиялықтар көңіл көтеруді және уақытты жақсы өткізуді ұнатады, бұның өзінде олар еңбекқор болып келеді. Ирландиялықтар жауынгер және батыл халық.

Дублиндегі адамдар мейірімді, ашық және саяхатшыларды жақсы көреді


Ирландияда Әулие Патрик күні ауқымды түрде өтеді, аңыз бойынша ол Ирландиядан барлық жыландарды қуып жіберді. Бұл шындық – Ирландияда жыландар жоқ. Әулие Патрик күнінде Дублиннің орталығында көшелерді жабады, әртістерді шақырады, үлкен макеттерді қояды. Шеруден кейін барлық адамдар қыдырады. Мемлекет бұл мейрамға үш демалыс күнін береді. Нью-Йоркте тұратын ирландиялықтар да бұл мейрамды атап өтеді және ол үшін көшелерді жабады.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.