Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

60 миллион теңге көлеміндегі «Болашақ» шәкіртақысын қалай иемденуге болады
2724

23.12.2018

60 миллион теңге көлеміндегі «Болашақ» шәкіртақысын қалай иемденуге болады

Рахымжан Бапов, 26 жаста, туған қаласы — Алматы, «Succesfull trade» ЖШС ТББ инженері

WhatsApp Image 2018-12-17 at 13.40.43.jpeg

Бағдарламаны таңдау жайында


Мен Қазақстан аумағындағы барлық шәкіртақы бағдарламаларды салыстырдым, атап айтқанда америкалық Fulbright, британдық Chevening, неміс Daad бағдарламалары. Chevening және Fulbright оралғасын біраз уақыт осында жұмыс істеуді талап етеді, бірақ орындар аз, әрі шәкіртақысы «Болашақ»-тан бес есе төмен.

«Болашақ» шәкіртақысы – әлемде үздік деп танылған бірегей бағдарлама. Ол ұлтқа тәуелсіз Қазақстанның барлық азаматтарына арналған. Оқыту ақылары үлкен, мемлекет барлығын толықтай өз қамқорлығына алады. Сізге ештеңені ойлап, уайымдаудың қажеті жоқ.

Таңдауымның басты себебі – жаһандану. Қазіргі уақытта Қазақстанның нарығы кеңейіп келеді, шетел компаниялар тарапынан көп инвестициялар түседі. Бүгінде ағылшын тілін білу және батыс біліміне ие болу қажет. Өзіңіз үшін болашағыңыздың жарқын болуын қаласаңыз, осы жайында ойлануыңыз керек. Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп саласында үлкен мәселелер бар. Мен нарыққа талдау жасап көрдім, біз АҚШ-нан он жылға артта қалып жатырмыз. Біздің нарыққа осыны енгізу үшін жаңа білім алуым керек деп ойлаймын.



Құжаттарды жинау жайында


Құжаттарды жинау Болашақ сайтынан жүктеп алынған үміткер сауалнамасын толтырудан басталады. Өзіңіз және қызметіңіз жайындағы мәліметтерді толтыру 15 минут уақытты қамтиды. Одан кейін төлқұжаттың, жеке куәліктің, БЖЗҚ зейнетақы аударымдардың түпнұсқаларын жинау қажет. Үлестік категоря үшін жұмыс берушінің маманды дайындау мәлімдемесі беріледі. Оған қоса басшының сізді «Болашақ» шәкіртақысы бойынша білім алуға жіберуге келісімі беріледі. Кейін тағы бір қиын кезең – IЕLTS сертификаты. Егер сіз үлестік санаты бойынша түсіп жатсаңыз, онда мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ және шығармашылық қызметкерлерге 5,5 ұпай ғана жинау қажет. Инженерлер мен техникалық қызметкерлеге 5,0 ұпай жинау керек.

Егер өзіңізге мақсат қойсаңыз, IЕLTS тапсыру үшін кемінде төрт ай дайындық қажет. Бұл жақсы дайындықты талап ететін айрықша тест. Уақытты дұрыс үлестірмесеңіз, ағылшын тілін біле тұра емтиханнан құлап қалуыңыз мүмкін. Ол үшін арнайы техникалар бар және мен 4 ай бойы тестілеуге толықтай дайындалуға үлгеріп, 5,5 ұпайға жеттім. Бұл ең қиын кезең.

Егер өзіңізге мақсат қойсаңыз, IЕLTS тапсыру үшін кемінде төрт ай дайындық қажет


Егер сіз IЕLTS-ті тапсырсаңыз, қалған құжаттарды жинауға 5 жұмыс күні кетеді. Ауруханадан шетелге шығу анықтамасын күніне 3-4 сағаттан бөліп, екі күнде жасауға болады. Барлығын ертерек істесеңіздер, жақсы болады. Осыдан кейін кепілдеме хатын аласыз және Болашақ шәкіртақысына неге лайық екеніңізді, үміткер ретінде өзіңіздің уәжіңіз бен ерекшелігіңізді нақты түрде түсіндіретін уәждемелік хат жазасыз.

Комиссия жылы шырайлы көзқараспен қарайды, егер құжаттарыңызда қателік кетсе, сізге хабарласып ескерту жасайды. Бірінші кезеңге құжаттарды қайта тапсыруға болады.



Өту кезеңдері жайында


Мен өтінімді үлестік дәреже бойынша бердім, оған қоса жалпы конкурс бар. Үлестік дәреже мемлекеттік қызметкерлер, техникалық, ғылыми қызметкерлер мен ұстаздар, шығармашылық жұмыскерлер мен БАҚ өкілдеріне беріледі. Мен өтінімді инженерлі-техникалық қызметкерге бердім. Үлестік категорияның артықшылығы тілдік курстар толықтай төленеді. Жинаған ұпайларыңызға байланысты курстар алты ай Қазақстанда, алты ай шетелде, Америкада немесе Англияда өтеді.

Оған дейін мен үш жыл сапаны бақылау бөлімінде инженер қызметін атқардым. Мен «Болашақ» шәкіртақысына түсу үшін шамамен бір жыл дайындалдым және 20 тамызға қарай барлық құжаттарымды жинадым. Екі күннен кейін менің құжаттарымды қабылдады және комиссияның шешімін күту керек деп хабарлады. Бір аптадан кейін комиссия құжаттарды қабылдады, бірінші кезеңнен өттім деген сөз.

Одан кейін үміткерді Астанаға шақырады, қыркүйектен 4-нен бастап 6-на дейін мен кешенді тестілеуден өттім. Бірінші күн – қазақ тілі бойынша білімді анықтау тестілеуі болды. Ол үш бөлімнен тұрады: тыңдалым, грамматикаға қатысты тапсырмалар, мәтін және оған қатысты сұрақтарға жауап беру. Менің ойымша бұл оңай кезең. Жалпы 150 сұрақ, өту ұпайы – 75. Барлығы Астананың Ұлттық тестілеу орталығында өтеді. Тестілеуді алдын ала тапсырып, дайын сертификатты да алып келуге болады. Нәтижелер сол күннің кешкі уақытында сайтқа шығады. Егер өту ұпайын жинасаңыз, сізді келесі кезеңге шақырады.

Екінші кезең – бәрін ойда және уақытқа санауды қажет ететін IQ-тестілеуі. Одан кейін Қазақстан тарихы бойынша 15 сұрақ және Конституция бойынша 15 сұрақ беріледі. Оған қоса сіздің психологиялық портретіңізді анықтайтын 235 сұрақты қамтитын бөлім болады. Сұрақтар жеңіл, тек қана шынайы түрде жауап беру керек. Осы кезеңнен өткеннен кейін сайтқа сізді ұсынғаны немесе ұсынбағаны жайында нәтижелер шығады. Үшінші нұсқа шартты түрде ұсынылдыңыз деген бар.

Барлық тесттерге дайындалып, тапсыру үшін кемінде жарты жыл уақыт кетеді

Келесі кезең – тәуелсіз емтихан комиссиясы. Ол «Болашақ» офисінде өтеді және сол жерде барлық ұсынылған үміткерлерді магистратура, докторантура немесе тағылымдамаға тәуелсіз екі топқа бөледі. Гуманитарлық және техникалық бағыттарға бөледі. Кейін комияссия мүшелерінің алдына бір-бірден шықырылып, кәсіби қызметіңіз жайында, әрі біліміңізді тексеретін сұрақтар қойылады. Бұл тікелей адамдармен өзара байланысқа түсетін ең қиын кезең. Оған жақсылап дайындалу қажет, жұмысыңыздың барлық ерекшеліктерін білу керек. Барлық тесттерге дайындалып, тапсыру үшін кемінде жарты жыл уақыт кетеді

Бір ай уақыт көлемінде Республикалық комиссия барлық деректерге негізделе отырып шәкіртақы алушыларды бекітеді. 25 қыркүйек күні нәтижелер жарияланды, биыл 555 шәкіртақы бөлінді.



Оқуға дайындалу туралы


Әрі қарай барлығы өз бетінше жасалады. Сайтқа кіріп, оқуыңыз бойынша барлық ақпаратты оқып шығу керек. АҚШ-на барсаңыздар, оқудың бір жылы шамамен 23 миллион тұрады, ал Англияда – 17 миллион. Сіздің оқуыңыз үшін мемлекеттің қанша төлейтінін алдын-ала білесіз, сол себепті тең бағалы кепіл ойластырып алу қажет. Кепіліңіз жетпей жатса, кепілдеме беретін адамдарды табуға болады. Сіз жылжымайтын мүлік бойынша түпнұсқа құжаттарыңызбен немесе сенімгер тұлғамен Астанаға барып, келісімшартқа отырасыз. Бүгінде рәсімдеу әрекеттері ықшамдалған, олар құжаттарды қарастырып, сіз өзіңіз ХҚКО-нда мекен-жайы бойынша үйді кепілге сала аласыз. Бұл анықтама Астанада жасалады, құжаттардың түпнұсқалары өзіңізде қалады. Мемлекет сіздің кепіліңізді жұмыспен өтеу уақытында ұстап тұрады. Алматы мен Астанада болсаңыз, мамандығыңыз бойынша 5 жыл жұмыс істеуіңіз қажет, басқа қалада – 3 жыл. Жұмыспен өтеп болғаннан кейін кепіліңізді қайтарады, ақшалай баламада ештеңені берудің қажеті жоқ.

Келісімшартқа отырғаннан кейін, сізге кураторды тағайындайды. Олар АҚШ, Англия, Еуропа бағыттары бойынша бөлінеді. Куратор сізбен жекелей жұмыс істеп, қашан бастай алатыныңызды сұрап, тілдік курстардың мерзімі мен уақытын анықтайды. Одан кейін сіз кураторыңызбен оқу бағдарламасын таңдайсыз. Мен тілдік курстарды үш ай Алматыда, кейін алты ай АҚШ-да өтемін. Осыдан кейін мамандық бойынша оқуым АҚШ-да басталады.

Шәкіртақы штатқа байланысты шамамен 2000$ — 2500$ болады


«Болашақ» шәкіртақысы виза, сақтандыру, ұшып-қайту, оқу, тіпті оқулықтарға кететін барлық шығындарды өтейді. Шәкіртақы ай сайын тамағыңызды, тұруыңызды, көлік шығындары мен бос уақытыңызға кететін шығындарыңызды өтейді. Шәкіртақыны жақсы үнемдеген жағдайда, отбасылық адамдардың өздеріне де жеткілікті болады. Шәкіртақы штатқа байланысты шамамен 2000$ — 2500$ болады.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу