Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/8b4/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/8b41f43ea8a84ec6d81a117397603a99.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)

Люди WE

Профессионалы

Город 24

Возможности

Наши в мире

Созидатели

Семья

Экспаты

Не просто блогеры

Новые люди

Бизнес

Карьера

Специалисты

Предприниматели

Центральная Азия

Горожане

Алматы

Астана

Бишкек

Ташкент

Душанбе

Баку

Путешествия

Технологии

Стиль жизни

Искусство

Новости

Образование

Орталық Азияда қаржыгер болу үшін қайда оқуға болады: 9 үздік университет пен білім беру бағдарламалары
2402

30.05.2022

Орталық Азияда қаржыгер болу үшін қайда оқуға болады: 9 үздік университет пен білім беру бағдарламалары

Әр жыл сайын қаржы саласындағы мамандарға деген сұраныс артуда. Үздік оқу бағдарламасын ұсынатын Орталық Азиядағы ЖОО-лардың тізімін құрдық.


Қазақстан


Назарбаев университетінің Жоғары бизнес мектебі


НУ.jpg


«Қаржы саласындағы ғылым магистрі» бағдарламасының құрылымы мен оқу жоспары бүкіл әлем бойынша осы саладағы жетекші магистрлік бағдарламаларды салыстырмалы талдауға негізделген және теорияны практикамен біріктіреді. Мұнда Bloomberg терминалдарын және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді, құралдарды және платформаларды жиі пайдаланумен ерекше қаржылық және техникалық екпін бар.

Chartered Financial Analyst — оқу кезіндегі барлық жұмыстар, дипломдалған қаржы аналитик емтиханына дайындықтың негізі болады.

Нархоз университетінің Жоғары бизнес мектебі


Нархоз университеті келесі мамандықтар бойынша тәжірибеге бағытталған магистрлік бағдарламаны ұсынады: «Қаржы аналитик», «Актуарий», «Қаржылық тәуекелдерді басқару», «Макроаналитика және болжау».

Бағдарламаның ресми серіктесі — Қазақстан Ұлттық Банкі. Оқытушылар арасында — Банк пен Қаржы нарығын және ұйымдарды реттеу мен дамыту агенттігінің тәжірибесі бар ұстаздар.

Оқу жоспары халықаралық квалификация CFA, FRM, «Актуарий» бағдарламасына сәйкес келеді.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті


университет .jpg



ҚазЭУФМТ — бакалавриат пен магистратурада оқу үш категорияда жүзеге асады: «Қаржылық менеджмент», «Мемлекеттік қаржы», «Қаржылық делдалдық». Бағдарламалар эксперттердің — бизнес және қаржылық құрылым өкілдерінің пікірлерін ескере отырып жасалған.

Бағдарламаның ерекшеліктерінің қатарында оқытудың қолданбалы сипаты бар. ЖОО-да зертхана мен кафедраның FREEDOM FINANCE KAZAKHSTAN Банкінің филиалы бар. Сонымен қатар түлектердің жұмысқа орналасуының жоғары — 91,3% деңгейін, қос диплом алу мүмкіндігінде айта өткен де жөн.


Қырғызстан


«Манас» Қырғыз-түрік университеті


Қаржы және банк ісі бөлімі кәсіпқойлар мен ғалымдарды өз саласында 2012 жылдан бері дайындайды.

Курсты сәтті аяқтаған студенттер Қырғызстандық пен Түркістандық екі диплом алады. Барлық бөлімшелердің оқу мерзімінде бір жыл қырғыз және түрік тілдерін Барлық бөлімдерінде оқу мерзіміне дайындық ретінде қырғыз және түрік тілдерін оқу бір жыл кіреді.

Сонымен қатар барлық білім алушылар Түркияның әртүрлі университеттерінде Mevlana – алмасу бағдарламасы арқылы оқи алады.

Ала-Тоо халықаралық университет


университет Ала Тоо.jpg

«Экономика» кафедрасының «Қаржы және Несие» бағдарламасының мақсаты — банк ісі мен қаржы айналымы саласында терең білімді қажет ететін қаржылық институттарға, банктерге, корпоративтік бөлімшелерге мамандарды даярлау.

Түлектердің кәсіби қызметіне қаржы және банк мекемелері, аналитикалық қызметтер, корпорациялар, бағалау, аудит және инвестициялық компаниялар жатады. Оқыту тілі —ағылшын тілі.

Орталық Азиядағы Американдық университет


АУЦА-ның экономика факультеті үміткерлерге Bard college-мен серіктестік арқылы аккредиттелген АҚШ дәрежесін ұсынады. Оқыту тілі — ағылшын тілі.

Бағдарлама макро — және микро — экономика және статистика бойынша кіріспеден басталады. Әрі қарай осындай базамен студенттер өзге тереңдетілген пәндерді таңдай алады.

Түлектер бизнеске, мемлекеттік секторға, қаржылық қызметтерге және консалтингтегі жұмысқа теориялық білім мен практика ала алады.


Өзбекстан


Ташкенттегі Британдық менеджмент университеті


университет менеджмента.jpg


«Банк ісі және қаржы» бағдарламасы жас мамандарды салалық стандарттарға бейімделу және болашақтың қаржы саласын шарлау үшін қаржы нарықтары мен құралдарда қалай жұмыс істеу керектігін үйретеді. Оқу бағдарламасы CFA талаптарына сәйкес келеді. Түлектер мансапты халықаралық және жергілікті банктерде, сақтандыру компанияларында немесе инвестициялық фирмаларда, басқару есебінде, мемлекеттік қызметте және қаржыға қатысты әртүрлі лауазымдарда жұмыс істей алады.

Westminster International University in Tashkent


WIUT «Қаржы» бағдарламасы студенттерді дәрістер, соның ішінде виртуалды, компьютерлік зертханалар және қаржы нарықтары бойынша семинарлар арқылы оқытуға бағытталған.,

Курс материалдары студенттерге кез келген уақытта қол жеткізе алатын онлайн оқыту платформасы арқылы беріледі.

Түлектердің банк ісі, қаржылық жоспарлау, қор және инвестициялық тәуекелдерді басқару, бағалы қағаздарды талдау салаларында жұмыс істеу мүмкіндігі бар.

Банк және қаржы академиясы


Өзбекстанның банк және қаржы академиясы елдегі қаржы, банк ісі, салық салу, инвестициялық және сақтандыру қызметі саласындағы ең үздік университеттердің бірі болып табылады.

Оқу орны магистратура және докторантура бойынша мамандар дайындайды. Сондай-ақ қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу