facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
3-zhas-maman-ltty-kompaniya-a-alay-ornalasty-zh-ne-tabystary-anday
logo
3 жас маман Ұлттық компанияға қалай орналасты және табыстары қандай
Мамандықтар

29.11.2017

3 жас маман Ұлттық компанияға қалай орналасты және табыстары қандай

Айжан Тастанғанова, 24 жас, туған жері — Алматы қаласы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК »АҚ-ның Іс-шаралар бөлімінің менеджері

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК »АҚ-дағы жұмыс тәжірибесі: 1,5 жыл


Жұмысқа орналасу жайлы



Менің оқиғам Алматы қаласындағы Opera Ball-дан басталды. 2016 жылы мен үшінші мүмкіндіктен кейін опера-балдың дебютантына айналдым. Менің бойым — 160 сантиметр, сондықтан көптеген іріктеулерден өте алмадым. Кезекті рет келгенімде, жоба ұйымдастырушысы Марат Омаров «Айжан, сен тағы келдін бе?», — деп таңқалған. Ал, мен «Мені алсаңыздар, өкінбейсіздер!», — деп жауап бердім. Сонымен, 2016 жылы мен іріктеуден өттім. Балл 2016 жылдың мамыр айында аяқталды, ал маусым айында Марат Омаров «Астана ЭКСПО-2017» іс-шараларын ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.

Сол кезде мен жұмыс іздеп жүрген едім,кенеттен Facebook желісінде жарияланған посты көзім шалды. Марат Омаров түнде жұмыс істеуге дайын, жасампаз, амбициоздық жас адамдарды іздейтінін жазған. Мен тез арада резюме жібердім. Бірақ, бұл жайлы уақытша ұмытып кеттім. Екі аптадан кейін маған қоңырау шалып, Астанаға әңгімелесуге ұшып келуімді өтінді. Сұхбатқа келгенімде барлық үміткерлердің ішінен тек мен ғана портфолиомды алып келіппін. Ол жерде менің барлық наградаларым, сертификаттарым, ұсыныс хаттарым жинақталған еді. Менің рөлім Марат Омаровтың есінде сақталып қалған екен. Мені көргенде, ол бірден: «Тастағанова келді», — деді. Әрине, мен таңқалдым, ол кісінің есінде қалғанына қуандым. Сұхбат жылдам өтті, маған бірнеше жалпы сұрақтар қойып, бірден жұмысқа шақырды.

Бір аптадан кейін мені Астанаға шақырды, мен көп ойланбастан, көшіп кеттім. Отбасым ЭКСПО-2017 жобасын мен сияқты жас мамандар үшін тамаша тәжірибе ретінде көріп, маған қолдау білдірді. Мен бос уақытымның көп болғанын қаламайтын адаммын. Ондай кездерде әрдайым бірденемен айналысуға тырысамын. Мысалы, әртүрлі курстарға, спорттық сабақтарға, семинарларға қатысамын. Сол себепті осы жобада жұмыс істеуге шешім қабылдадым. Мен әрқашан өзімді қызықтыратын жұмыс істегім келді. Ол үшін мен көп уақыт жұмсаймын, өйткені істеен жұмысымнан ләззат аламын.


Міндеттері туралы




1н.PNG

Жобаға бірінші рет келгенімде, менің басты жұмысым — «Үздік тәжірибелер аймағы» павильондарына жоба іздеу болды. Мен әлемдегі ең жақсы энергетикалық жобаларды іздедім. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдар менің хабарламаларыма жауап беріп, біздің көрмеге қызығушылық танытқандарына таңқалдым. Нәтижесінде, мен екі жобаны өзім алып келдім. Солардың бірі Solar Impulse-ға арналды. Екіншісі, адамдардың арнайы панельге ауысуымен энергияның генерациялау мен таратылуы қалай жүзеге асатыны туралы.

Кейінірек бизнес-шараларға қосылдым. Біздің міндетіміз болашақ энергетикалық форумды өткізу болды. Мен барлық премьер-министрлер мен ұлттық компаниялардың төрағаларына шақыру жібердім. Мұның бәрі жаңалық болды, әр кезде есімдер мен тектерді іздеу жүйелеріне енгізумен болдым. Бұл іс-шараға мен барымды салдым. Таңғы алтыға дейін жүгірдім, шақыру қағаздарын жібердім, үйлестірдім, тіпті хаттамалық іс-шаралармен айналыстым. Қонақтарды қарсы алып, шығарып салдым. Конгресс-орталықтың құрылысы кезінде біз каскамен обьекті аралап, мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің жұмысын үйлестіретінбіз. Бұл жоба сәтті өтті. Жиналыс кезінде басшылық бизнес-іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарында менің қалғанымды қалады. Негізінде мен мәдени іс-шараларға қатысуды жоспарладым, бірақ біраз ойлардан қалуға келістім. Аздап көңілім түсті. Бірақ, іскерлік іс-шараларда өзімді басқа қырларымнан дамыта алатынымды түсіндім.

Қазіргі уақытта менің басты міндетім Конгресс-орталықтың жұмысын және іскерлік іс-шараларды ұйымдастыру. Іскерлік іс-шаралар маңызды және маңызды емес деп бөлінеді. Мемлекет басшылары, министрлер мен Президенттің аппаратының бірінші тұлғалары тікелей қатысатын шаралар өте маңызды. Біз Астана экономикалық форумы, Министрлер конференциясы, Еуразиялық Медиа Форум сияқты бірқатар 10 маңызды іс-шара өткіздік.



Қиындықтар туралы



Бастапқыда сізге түсініксіз көп ақпарат болатынына дайын болу керек. Маған өзіме көптеген бейтаныс сөздерді, терминдерді шешуге тура келді. Алғашқы аптада қатты қиын болды. Кейде «Мен мұны ешқашан істей алмайтын шығармын!» деген ойлар да келетін. Бақытымызға орай, Марат Омаров бізге, жастарға толығымен сенді және біздің қолымыздан келетініне күмән келтірген жоқ. Бұл шабыттандырады. Біртіндеп мен жұмысымда көмектесетін, көп нәрселерге үйрене бастадым.

Маңызды мамандар, жоғары дәрежелі адамдар мен іскерлік кездесулерде маған өте қиын болды. Өйткені, мен жаспын, ал айналамдағылардың барлығы көптеген жылдар бойы жұмыс істейді. Бастапқыда мені ешкім дұрыстап қабылдамайтын. Маған құрмет көрсетілу үшін, сыртқы және ішкі өзгерісті түзетуге тура келді. Ресми киімдер кие бастадым, әлеуметтік желілердің өзіне тым жарқын, эмоционалды мазмұнды жариялауға шектеу қойдым. Менің мінезім өзгерді. Салмақтырақ бола бастадым. Ұлттық компанияда жұмыс істеу — өз ізін қалдырады.


2н.JPG


Сіз теңізге лақтырылғандай боласыз, жағаға жүзіп келуіңіз үшін түрлі амалдар жасайсыз. Бізде өте стресстік жұмыс.

Әріптестермен ортақ тіл табысу өте маңызды. Олар сізбен жақсы қарым-қатынаста болғанымен, сізді арнайы тексере алады, сізге қиын тапсырмаларды береді және сіз қалай әрекет ететініңізді бақылайды. Бір кездері өзімді ең ақымақ қыз сияқты сезіндім.

Ұлттық компанияларда ең қиын процесс — келіссөз жүргізу. Сіз жасаған барлық жұмыстарды басшылықпен келісу керек. Бұл бюрократия жұмысты орындауға кедергі келтіреді.

Менің жұмысымнан үйренген ең құнды сабақ — өзіме өзім жауап бере аламын. Мұнда мейірімділік әлсіздік ретінде қабылданады. Сізге де өз мінезіңізді көрсете алу керек, бірақ оны көрсетуге асықпаңыз. Сіз өзіңіздің қағидаларыңыз бен көзқарастарыңыз бар адам екеніңізді көрсету маңызды. Өзіңізді пайдалануға рұқсат бермеңіз. Егер сіздің міндеттеріңізден тыс нәрсе болса, «жоқ» деп айтудан қорықпаңыз. Қарсылық білдіруге, шағымдарды дұрыс ұсынуға және аргументтерді дәлелдеуге үйреңіңіз. Енді мені алдау қиын, ұлттық компания көп нәрсеге үйретті.



Жалақы және ынталандыру жайлы



Ең жоғары жалақы үшін жұмыс істемейтініңізге дайын болу керек. Бастапқыда 250 000 теңгеден артық емес. Көрме кезінде және көрме кезеңіне дейін мен бұл бағадан көбірек жұмыс жасағанмын. Сенбі және жексенбі күндері де жұмыс істедім. Жұмыста 10, 11, 12-ге дейін қалған күндерім де болды. Кейде таңғы екі-үшке дейін істейтінмін. Әрине, бұған қосымша ақша төлемейді. Таңертеңге дейін сонда отырсаңыз да, ол ешкімді алаңдатпайды. Мен барлығын әрдайым өз тәжірибем үшін жасадым.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК »АҚ-да белгілі бір кезеңнен кейін, тоқсан сайын сыйақылар берілетін. Мереке күндері кейбір іс-шаралар аясында. Көптеген жобалардың табыстылығына және оларға қалай инвестиция салғаныңызға байланысты.


Мадина Тәңірбергенова, 24 жаста, Туған жері — Ақтау қаласы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК »АҚ-ның ядролық отын циклінің жобалар департаментінің менеджері

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-дағы жұмыс тәжірибесі: 2 жыл


11.jpeg



Жұмысқа орналасу жайлы



Мен РФММ-де оқыдым, оны бітіргеннен кейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-сы ұйымдастырған университеттік білім беру конкурсын ұтып алдым. Компания өз есебінен жатақханада тұрғызды, шәкіртақы төледі. Бағдарламаға 600 адамнан 17 адам ғана кірді. Мені Мәскеу университетінің Ядролық физика факультетіне оқуға жіберді. Онда төрт жыл оқыдым. Түлектерді бітіргеннен кейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК »АҚ басқарма төрағасы сұхбат алуға шақырды. Біз осы бағдарламаның алғашқы мамандары болғандықтан, бізді Астанадағы бас кеңседе қалдырды. Мені ядролық отын циклына тағайындады.

Мені осы жолмен жүруіме атам жігерлендірді. Ол Мәскеу мемлекеттік университетінің физика-математика профессоры. Физика мен математикаға деген ұмтылысым сол кісіден деп ойлаймын.



Міндеттері туралы




4н.jpeg

Бірінші жылы жұмысқа тұрғанымда, тәжірибием аз болғандықтан барлық өңірлерге іс-тәжірибиелерге жіберілетінімді айтты. Мен негізгі физиктермен жаттыға бастадым, олар маған бүкіл құрылымды көрсетті және менің жұмысыма көмектесетін барлық нәрсені айтты. Әрбір іс-тәжірибиенің соңында баяндама жасап, оны әріптестеріме және кафедра меңгерушісіне ұсынып отырдым.

Кейіннен Ақтау қаласында өнеркәсіптік нысандарды пайдаланудан шығару жұмыстарын жүргіздім. Одан кейін маған уран конверсия зауытының құрылысы жобасын тапсырды. Уранның конверсиясы екі кезеңге бөлінеді. Біріншісі — уран қоспаларын тазалау, екіншісі уранды фтормен байыту, одан әрі пайдалану және өндіру үшін.


5н.jpeg


Қазіргі уақытта зауыттың мониторингін жүргіземін. Біз бұл жобаның Қазақстан үшін қандай пайдасы бар, қоршаған орта үшін қауіпсіз бе және басқа мәселелер бойынша зерттейміз. Жоба іске асыру сатысында тұр. Мен зауыт жұмыс істейтініне сенемін. Қазақстанға бұл қажет. Біріншіден, көптеген жұмыс орындары пайда болады. Екіншіден, ол жаңа деңгейге көтеріліп, біз басқа мемлекеттерге тәуелді болмаймыз. Қазақстан уранды өндіруде бірінші орынды иеленеді, бірақ біз тек өндіру мен сатумен айналысамыз. Бұл зауыт көп нәрсені өзгертуі мүмкін.



Қиындықтар туралы




6н.jpeg

Алғашқы айларда жаңадан келген қызметкер жұмыс барысын көреді немесе оқиды. Жұмысқа кірісу үшін жалпы құрылымды түсіну керек. Егер сіздің жұмыс тәжірибеңіз болмаса, ақпаратты алуға дайын болыңыз. Директор сізбен сұхбат жүргізеді, одан кейін сізді қызметкер ретінде бағалайды. Іс-тәжірибиелерден өткендер үшін жеңілдеу болады.



Жалақы және ынталандыру жайлы



«Казатомпром» компаниясында барлық жұмыскерлер өздерін көрсете алады және оған қосымша сыйақы алады. Әр шілде айында «Талантыңды көрсет» корпоративті конкурсы өткізіледі. Биыл мен ән айттым. Келесі жылы қайтадан қатысқым келеді. Жеңімпаздарға сыйақы беріліп, қолдау көрсетіледі. Мысалы, бірінші орынға 300 мың теңге береді. Тамызда КВН өткізіледі. Бұл конкурстар — бонус алуға болатын үлкен мүмкіндік. Спартакиада да өткізіліп тұрады, мен волейболшылар командасында ойнаймын. Сонымен қатар, егер мақала жазсаңыз немесе басқада тың идеяны ұсынсаңыз сізге қосымша сияқы беріледі. Әрбір қызметкер осындай істердің арқасында мотивация алады.


Әділет Мұсаханов, 30 жаста, туған жері — Семей қаласы, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу және дамыту институтының Басқарма Төрағасының кеңесшісі.

«ҚазМұнайГаз» ғылыми-зерттеу институтында жұмыс тәжірибесі: 1 жыл


7н.jpeg




Жұмысқа орналасу жайлы



Мен АҚШ-ның Монтана штатында Монтана Технология университетінде оқыдым. Мамандығым бойынша - мұнай инженерімін. Мен әрдайым мұнай инженерлері қоғамының белсендісі болдым. Бұл Society of Petroleum Engineers халықаралық қоғамы. 2010 жылы мен университетті бітіріп, Солтүстік Каспий жобасы — Қашаған кен орнын игеретін North Caspian Operating Company компаниясында қызметімді бастадым. Онда шамамен алты жыл жұмыс істедім.

Мұнай-газ инженерлері қоғамының Астана секциясының төрағасы ретінде мен «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылығымен таныстым. Өмірімде бір нәрсені өзгерткім келді. Бас директордың бірінші орынбасарымен сұхбаттасуды жөн көрдім. Одан кейін бас директормен сұхбат болды. Бірнеше айдан кейін маған телефон шалып, бас директордың кеңесшісі орны бос тұрғанын айтты. Екі қосымша сұхбат өткеннен кейін мен «ҚазМұнайГаз» компаниясына жұмысқа орналастым.

Кейін бас директордан неге мені қабылдағаны туралы сұрадым. Оның айтуынша, басты фактор менің білімім болды, бұрынғы жұмысымда алған білімім, мұнай өнеркәсібі қоғамындағы қызметім маңызды рөл ойнады. Студенттік жылдардан бастап мұнай өнеркәсібін барлау және өндіру блогын мұқият зерттеп көруге тырыстым. Яғни, бұрғылау, ұңғымаларды айдау сияқты жұмыстарды теңіз платформаларының өзінде істедім. Мәселен, мұнай барлау блогының іс жүзінде барлық компонентерін біртіндеп жинақтадым. Мүмкін, әр пән бойынша маман болмас едім, бірақ менің басымда жақсы мұнай компаниясын қалай жұмыс істеу керектігі туралы елес болды. Сол себепті бас директор мені өзінің кеңесшісі ретінде алды.



Міндеттері туралы




8н.jpeg

Өндіріс және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институтының негізгі міндеті: өндірісті ұлғайту, мұнай қорларын көбейту және шығынды оңтайландыру. Өндірісті ұлғайту үшін не істеу керек екенін білу үшін өндірістік бағдарламаны талдау керек. Резервтерді көбейте отырып, қай нысандарды зерттеуге болатындығын, не болмаса, - жаңа кең орындарының қайсысын көру керектігі туралы шешім қабылдаймыз.

Институт құрылымының ерекшеліктеріне сүйене отырып, үш апта сайын вахталық әдіспен жұмыс істейтін екі бас директор бар. Мен барлық кездесулерге қатысып, екі директорды барлық жаңалықтармен хабардар етуім керек. Менің лауазымы өте жауапты. Бас директордың кеңесшісі — бас директордың штабы. Мен директорларға арналған корпоративтік, өнеркәсіптік сипаттағы көптеген шешімдерді өз деңгейінде қабылдаймын.



Қиындықтар туралы



Бастапқыда жас мамандарға жұмыс істеу қиын. Себебі, біз сегіз жер қойнауын пайдаланушылармен жұмыс істейміз, олар өз кезегінде белгіленген өндіріс проблемалары бойынша нақты уақыттық қызмет атқарады. Мұның бәрі біз арқылы өтеді. Әрбір жер қойнауын пайдаланушыдан үлкен көлемдегі жұмыс, үлкен ақпарат ағынын аламыз. Бұған дайын болу керек.



Жалақы және ынталандыру жайлы



Жас қызметкер шамамен 200 000 теңге көлемінде жалақы алады, сонымен қатар әртүрлі сыйлықтар мен бонустар. Компанияда көптеген мүмкіндіктер бар. Қызметкердің жұмыс тәжірибесі болса, қызметкер мансаптық сатысымен тез арада көтеріледі. Кейде қызметкерлер жыл сайын өз қызметін өзгертеді. Егер белгілі бір лауазымда мансаптық өсу мүмкіндігі болмаса, жалақы қайта қаралады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.