facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/e5a/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/e5ad6bd633422c94e179ac9edb8489c8.jpeg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
18-zhasynan-shetelde-t-ratyn-ayn-r-t-rsynova-zh-ne-huawei-kompaniyasy
logo
18 жасынан шетелде тұратын Айнұр Тұрсынова және Huawei компаниясы

16.08.2022

18 жасынан шетелде тұратын Айнұр Тұрсынова және Huawei компаниясы

Айнұр Тұрсынқызы 18 жасынан бастап шетелде тұрады. Ол Қытайда, АҚШ-та тұрған, ал қазір БАӘ-де Huawei компаниясында жұмыс істейді. Халықаралық компанияға орналасуға көмектесетін білім мен дағдылар,өз тәжірибесі туралы бізбен бөліседі.

Айнұр Тұрсынова, Дубай, Huawei компаниясының сатып алу үйлестірушісі, @ainura_tnova

18 жасынан шетелде тұратын Айнұр Тұрсынова және Huawei компаниясы

Қоныс аудару туралы

Мен Қазақстанда тудым, бірақ 18 жасымнан бастап шетелде тұрамын. Қытайда оқып жүріп, Азияны көп араладым. Содан кейін АҚШ-та көшіп, сол жерде MBA дәрежесін алдым. Турист ретінде Еуропа елдеріне жиі баратынмын. Осыған дейін БАӘ-ге бірнеше рет келгенмін. Мен Дубайда үш жылға жуық тұрамын.

Маған мұнда ұнайды. Әрқашан осы елде жұмыс істегім келетін, өйткені мұнда климат жақсы. Дубай таза және қауіпсіз. Көптеген жақсы бос орындар мен мамандар үшін мүмкіндіктер көп.

Бейімделу және уақытша қиындықтар туралы

Бейімделу оңай болды, өйткені мен мұнда бірнеше рет турист ретінде келген болатынмын. Ал Қытай мен АҚШ-тан кейін мен кез келген жерде өмірге тез үйреніп кетемін.

18 жасынан шетелде тұратын Айнұр Тұрсынова және Huawei компаниясы

Мен ағылшын тілін үйренуге кеңес беремін. Бұл жерде барлығы ағылшын тілінде сөйлейді. Сондықтан ағылшын тілін білмей, бейімделу кезеңі әлдеқайда қиын болады. Оның үстіне жалақысы жоғары жұмыс таба алмайсыз. Жақсы ағылшын тіліңіз жаөсы білсеңіз, мүмкіндіктер де көп.

БАӘ-де жұмыс істеу үшін араб тілін білу керек деген миф бар. Шындығында бұл тек мемлекеттік секторда немесе арабтарға қызмет көрсететін компанияларда жұмыс істеу үшін қажет. Бірақ бұл позициялар әдетте жергілікті жерде қабылданады.

Мен кез келген елге көшпес бұрын оның тарихын, мәдениетін, заңдарын терең зерделеймін

БАӘ-де тұрғыңыз келсе, жергілікті заңдарды міндетті түрде оқып шығыңыз. Кез келген елге көшпес бұрын оның тарихын, мәдениетін, заңдарын терең зерделеңіз. Егерде дайындықсыз келсеңіз, бірқатар қиындықтар туындауы мүмкін. Біріккен Араб Әмірліктерде заңдар қатаң және қырағы полиция бар. Сондықтан барған елдің мәдениетін құрметтеуге кеңес беремін. Әсіресе жергілікті тұрғындармен қақтығыспаңыз.

Даму және мансап туралы

БАӘ — шетелде жұмыс жасағысы келетіндер үшін өте ыңғайлы ел. Мен Нью-Йоркте үш жыл тұрдым, Дубаймен салыстырғанда ондағы еңбек нарығы қанық. АҚШ-та бәсекелестік өте көп. Қазіргі уақытта бос орындар мен мүмкіндіктер аздау болса да, БАӘ-де жаңа бастаған маманға ірі компанияға жұмысқа тұру әлдеқайда оңай.

18 жасынан шетелде тұратын Айнұр Тұрсынова және Huawei компаниясы

Мен қытайлық Huawei компаниясында жұмыс істеймін. LinkedIn арқылы жұмыс таптым. Мен түйіндемемді жіберген соң, сол күні жауап алдым. Маған Қытай университетінің дипломы және қытай тілін білетіндігім көмектесті.

Мен сізді қарым-қатынас дағдыларыңызды жақсартуға шақырамын. Шетелде көптеген адамдар желі мен коммуникацияның арқасында жұмыс табады.

Негізгі кеңестердің бірі — сол жерде отырып жұмыс іздеу. Бірақ бәрі осылай жасай алмайды, себебі жұмыс іздеп келгендер, БАӘ-ге келіп, қаражатын жұмыс іздеуге жібереді, ал бұл елде өмір сүру өте қымбат. Сіз өзіңіздің жағдайыңызды мұқият бағалауыңыз керек.

БАӘ-де жаңа бастаған маманға ірі компанияға жұмысқа тұру әлдеқайда оңай

Жергілікті менталитеттің ерекшеліктерін де ескерген жөн. Ірі компанияларда кандидаттарды іріктеу кезінде олар үш-төрт рет сұхбат жүргізеді. Сіз процестер өте баяу болатынына дайын болуыңыз керек. Бұл кезеңдердің арасындағы үзіліс бір апта немесе тіпті екі болуы мүмкін. «Иншалла ертең» деген сөзді жиі естисіз, бірақ бұл ертең қайта қоңырау шалып, нәтижені хабарлайтынын білдірмейді.

Сондай-ақ, жазда немесе Рамазан айында жұмыс іздемеңіз. Жазда шешім қабылдауға ықпалы бар кісілер демалысқа шығып, кетіп қалады. Ал Рамазан айында жұмыс істейтін адам жоқтың қасы.

18 жасынан шетелде тұратын Айнұр Тұрсынова және Huawei компаниясы

Қалай болғанда да, тырысып, шыдамдылықпен жауап күту керек. Маған БАӘ-де жұмыс тәжірибесі болмаса, ірі корпорацияда жұмыс табу қиын болатынын айтқан. Бірақ мен ешкімді тыңдамадым. Келіп, тек қана өзіме, біліміме сенімді болдым. Әрқашанда бір елде жұмыс таба алмасаңыз, басқа елде жұмыс таба аласыз.

Қоныс аудару әсері

Шетелде оқып, жұмыс істегенде сіз жаңа әлемді танып, жаңа мүмкіндіктер ашасыз және үнемі дамисыз. Әрбір жаңа дағды, жаңа тіл жаңа әлемге апаратын көпір. Сондықтан шетелде саяхаттап, бағыңызды және мүмкіндіктерді сынап көру маңызды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Ғалымға қаржыландыруды немесе қолдау бағдарламаларын қайдан табуға болады — 10 өзекті мүмкіндік
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Эффервесанс. Ғабит Бекахметов шабыт беретін мектептердің ерекшеліктері жайында
Қандай елдер қазақстандық білім беру үшін бағдар бола алады. Болашақта өздерін табу үшін, балаларға не үйрету керек
Қандай елдер қазақстандық білім беру үшін бағдар бола алады. Болашақта өздерін табу үшін, балаларға не үйрету керек
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Лаура Аутелеева, қазақстандық жас ғалым қазіргі ғылымның мәселелері мен дамуы туралы
Зиянды тамақ дегеніміз не. Юлия Нугманова біздің тамақтануымыз туралы қолжетімді тілде түсіндіруі
Зиянды тамақ дегеніміз не. Юлия Нугманова біздің тамақтануымыз туралы қолжетімді тілде түсіндіруі