Біз Орталық Азиядан келген жасөспірімдермен кездесіп, олардың кәріс мәдениетін неліктен жақсы көретінін, оның эстетикасы неде екенін және жастарды қалай шабыттандыратынын сұрап білдік.
Альбина Аденова, 19 жаста, қаласы — Астана, блогер, @i.thnk.toomch
Өзі туралы
Мен бимен, блог жүргізумен және шығармашылықпен айналысамын.
Мен кәріс мәдениетіне сонау 2015 жылы Got7 әніне түсірілген бейнебаянды көрген сәттін-ақ қызыққан болатынмын. Маған дыбысы, клиптің сапасы және билері ұнады.
Бұл өміріме қатты әсер етіп, мен бимен айналыса бастадым. Менде стиль сезімі пайда болды.
Кәріс мәдениеті туралы
Мен кәріс музыкасын сирек тыңдаймын, бірақ маған көптеген әндер өзіңді жасы көру, өзіңді қабылдау, талантыңды ашу сияқты айтатыны ұнайды. Бұл әндердің орындаушылары әдетте кәріс сұлулығының стандартын көрсетеді. Бірақ олар жанкүйерлерімен жиі өз тәжірибелерімен бөліседі, өзіңді бар болмысыңмен қабылдаудың қаншалықты маңызды екенін айтады.
Маған олардың ерекше билері ұнайды. Олардың еліктіріп әкетер бір қасиеті бар. Блогер ретінде мен олардан үлгі алып, би мен вокалда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге тырысамын.
Кәріс драмалары америкалық драмалардан тазалығымен ерекшеленеді. Ондағы сүйісу көріністері бір секундқа ғана созылады. Сондықтан егер басты кейіпкерлер сүйсе, бұл әрқашан толқыныс тудырады. Сондай-ақ хоррор, триллер, қызықты сюжеті бар драмалар да танымал болып келеді.
Трендтер туралы
Кәріс мәдениеті бүкіл әлемде танымал. Бірақ бүгінде бұл танымалдылық өз шыңына жетті. Кәріс мәдениеті тренд ретінде бұрыннан бар. Алғашқыда ол көпшілікке жаман, белгісіз нәрсе сияқты көрінді. Жігіттердің боялған шашы мен макияжы бәріне ұнай бермейтін. Бірақ қазір көпшілік мұны жақсы көреді.
Көптеген адамдар Random Dance-ке жиналып, синхронды билеп, бір-бірін қалай сезінетініне таңғалады. Бұл — K-Pop кездейсоқ қосылатын және биді білетіндер билеуге шығатын іс-шаралар.
Кәріс стиліне қызығатындарға YesAsia сайтын және @bultrne аккаунты сияқты жаңалықтар порталдарын ұсына аламын.
Алуа Кеңес, 16 жаста, қаласы — Астана, биші, @__.halva__
Өзі туралы
Мен бала кезімнен бимен айналысып келемін, көбінесе K-Pop жанрында. Жарты жыл болды, өзім де сабақ беріп, басқаларды да биге үйретіп жүрмін.
Кәріс мәдениетіне қызыққаныма алты жылдан асты. Бастапқыда бұл жай ғана қызығушылық еді, бірақ бірте-бірте ол өмірімнің бір бөлшегіне айналды деуге де болады.
Кәріс мәдениеті туралы
Кәріс мәдениетінде әртүрлі стиль, жанрлар мен музыка бар. Мені хореография ғана емес, түрлі шоулар мен сериалдар қызықтырады. Олар қызықты тақырыптарды қозғайды және осылайша жасөспірімдердің де, ересектердің де назарын аударады.
Трендтер туралы
Кәріс стилі бүкіл әлемде танымал. Соңғы кездері оған тек жасөспірімдер ғана емес, әртүрлі жастағы адамдар да қызыға бастады. Бұл достармен сөйлесу үшін ғана емес, жаңа таныстар үшін де жақсы тақырыпқа айналады. Мысалы, осы стильдің арқасында мен көптеген жақын достар таптым.
Кәріс мәдениетіне қызығатындарға @planet_kpop парақшасын ұсынар едім. Мен олардан тек жанкүйерлерді де емес, басқаларын да қызықтыратын посттарды жиі көремін.
Жандос, 19 жаста, қаласы — Астана, блогер, @_soul.f_dop_
Өзі туралы
Мен Id Family тобының мүшесімін. Мен BTS-тің Mic drop әні мен бейнебаянынан кейін кәріс мәдениетіне қызыға бастадым.
Менің Оңтүстік Корея мен оның мәдениетін зерттеген достарым бар. Біз жиналған кезде бізде кәріс вайбы болады: әзілдер, әндер және т.б.
Кәріс мәдениеті туралы
Кез келген басқа мәдениет сияқты Кореяда да көптеген құндылықтар бар. Бұл барлық шығармашылық салада көрінеді: музыка, сериалдар, би, киім.
Кәріс мәдениеті өзінің эстетикасымен тартымды. Ол байсалды, сүйкімді, тіпті дөрекі де болуы мүмкін. Бірақ әрқашан жоғары сапада.
Трендтер туралы
Бүгінде Кореяға қатыстының бәрі трендте. Әсіресе кәріс стилі жастар арасында танымал. Мен бұл трендпен танымалдылығы өз шыңына жеткен кезде таныстым, бірақ қазір де оған қызығушылық артып келеді.
Мені шабыттандыратын топтарды тыңдауды ұсынамын: NCT, EXO, BTS, Seventeen.