facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
z-rbayzhandardy-aza-tardy-k-rdterd-t-rkiyada-y-m-r-zh-ne-stanatyn-salt-d-st-rler
logo
Әзірбайжандардың, қазақтардың, күрдтердің Түркиядағы өмірі және ұстанатын салт-дәстүрлері

31.07.2019

Әзірбайжандардың, қазақтардың, күрдтердің Түркиядағы өмірі және ұстанатын салт-дәстүрлері

Әсем Утепова, 34 жаста, туған қаласы ― Алматы, үй шаруасындағы әйел


Әзірбайжандардың, қазақтардың, күрдтердің Түркиядағы өмірі және ұстанатын салт-дәстүрлері

Түркиядағы өмірі


2009 жылы біз күйеуімізбен Түркияға көшіп кеттік. Күйеуім – Түркияда туып өскен этникалық қазақ. Көшіп келген кезде, күйеуімнің туыстары қолдау көрсетті, сол себепті қиындықтар болған жоқ.

Түрік тілін сериалдар мен кітаптар бойынша меңгердім. Түрік тілі қазақ тіліне ұқсайды, сол себепті адамдардың не айтып жатқанын түсінетінмін.

Мен балалар тәрбиесімен айналысамын. Екі баламыз бар, екеуі де мектепке барады, жүзумен және гимнастикамен айналысады. Қазақстанда балалар өздігінен әрекет етуге үйренген, мектепке, үйірмелерге өздері барады. Осында балаларды ата-аналары немесе арнайы қызмет апарып жеткізеді.

Түркияда табиғаттағы ойын-сауықтың барлық дерлік түрлері бар. Егер суықты қаласаңыз, Улудаг тауларына барып, шаңғы теуіп келуге болады, теңізді, күн шуағын және жағажайды қаласаңыз, Анталияға баруға болады.

Түркияның тұрғындары – шуақты және мейірімді адамдар, олар әрқашан көмектесуге дайын. Елде жылулық пен достықтың, қонақжайлылық пен жайлылықтың атмосферасы сезіледі.

Мен Стамбулда тұрамын және осында адамдардың жануарларға қамқорлықпен қарайтыны ұнайды. Көшелерде және аулаларда көп иттер мен мысықтар жүреді. Оларға екпе салынған және иелері ветеринарға жиі апарып отырады.

Стамбулдағы сүйікті жерім – Сұлтанмахмұт ауданы. Бұл қаланың тарихи орталығы.


Ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайында

Қазақтар мен түріктердің салт-дәстүрлері негізінен ұқсайды, бірақ айырмашылықтары да бар.

Тойға байланысты салт-дәстүрлер және той салтанатының өткізілуі ерекшеленеді. Түріктер тойды тек жастар үшін ұйымдастырады, күйеу жігіттің жағы барлық шығындарды өз мойнына алады. Әрбір отбасы баласының кішкентай кезінен бастап тойға ақша жинай бастайды. Барлық ақшалай және алтын сыйлықтар жас жұбайларға беріледі. Түрік тойы – жастар үшін тиімді іс-шара.

Түріктер – отаншыл халық, олардың өмірі елдің өмірімен тығыз байланысты. Әрбір түрік азаматы Отанын мақтан тұтады. Түріктер Отанын сүйіп, мақтан тұтатын адамдарды өте құрметтейді.

Түріктер – отаншыл халық, олардың өмірі елдің өмірімен тығыз байланысты


Түркияда қазақ салт-дәстүрлерінің сақталуына көңіл бөле бастадым. Қазақ тілінде сөйлеп, балаларыма ана тілін үйретемін.

Біз қазақтармен жиі кездесіп, жиналамыз – домбырада ойнап, ұлттық әндер орындаймыз, бешпармақ және тағы басқа ұлттық тағамдарды әзірлейміз. Бір-бірімізді қолдаймыз.

Түріктер қазақтарды «нағыз түріктер» деп атайды. Заманауи түріктер қазіргі Түркістан аймағынан көшіп келді, бірақ соғыстардың нәтижесінде олардың шығу тегі араб тайпаларымен араласып кетті деген аңыз бар.

Түріктер қазақтар сияқты қонақжай, жайдары болып келеді. Олар қонаққа әрдайым риза болады және кез-келген уақытта көмектесуге дайын тұрады.


Orhan Yıldız, 33 жаста, туған қаласы ― Bingöl, Түркия, фермер


Әзірбайжандардың, қазақтардың, күрдтердің Түркиядағы өмірі және ұстанатын салт-дәстүрлері

Түркиядағы өмірі жайында

Күрдтер ежелден бері Түркия аумағында өмір сүріп жатыр. Біз осы жерде түркі тайпаларына дейін тұрдық.

Мен бала кезімде Стамбулға көштім және осында 21 жыл тұрып жатырмын. Үш жыл бұрын туған қалама оралдым, фермерлікпен және мал шаруашылығымен айналысып жатырмын.

Стамбул ― көп адамдар тұратын үлкен провинция. Қалада әрдайым кептелістер және қарбалас орын алады, демалып, тыныштықта рахаттанып отыруға болатын жерлер аз. Стамбулдағы өмір қымбат, ал климаты онша емес.

Сәулетті ұнататын адамдар үшін басты артықшылығы – қаланың ежелгі тарихы


Бірақ Стамбул – мүмкіндіктердің қаласы. Осында жақсы жұмыс тауып, мүмкіндіктеріңді жүзеге асыруға болады. Сәулетті ұнататын адамдар үшін басты артықшылығы – қаланың ежелгі тарихы.

Стамбулдағы сүйікті жерлерім ― Босфор, Анатолий жағалауы, Үлкен базар, Әулие София Соборы. Мен Bağdat caddesi. Мен Ortaköy және Beşiktaş көшелері бойымен жиі серуендейтінмін.

Әзірбайжандардың, қазақтардың, күрдтердің Түркиядағы өмірі және ұстанатын салт-дәстүрлері

Менің туған қалам ауылдық жерде орналасқан. Мен кішкентай тыныш ауылда тұрамын, айналада жасыл көп және табиғатпен байланыс сезіледі. Осында ойын-сауықтар аз, бірақ мен толық еркіндікті сезінемін. Біз жеміс-жидектерді, көкөністерді өсіреміз, ірімшік пен басқа да сүт өнімдерін дайындаймыз.


Ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайында


Түркия – көпұлтты ел. Сол себепті осында әртүрлі мәдениеттер араласқаны сезіледі, ал әрбір аймақ өзіндік ерекшеліктерге ие.

Күрдтер отбасылық құндылықтарға көп көңіл бөледі. Біздің отбасыларымыз түріктерге қарағанда үлкенірек, ал отбасылық қатынастарымыз берік.

Тағам жағынан ұқсастықтар бар, күрдтер де көбінесе етті және ұннан жасалған тағамдарды жейді.

Біз салт дәстүрлерді ұстануға тырысамыз. Өмір салты түріктердің ықпалынан ғана емес, батыс мәдениетінің ықпалынан да өзгереді.


Насим Абиев, 32 жаста, туған қаласы ― Анкара, заңгер


Әзірбайжандардың, қазақтардың, күрдтердің Түркиядағы өмірі және ұстанатын салт-дәстүрлері

Түркиядағы өмірі жайында

Менің арғы атам 1940-жылдары Түркияға көшіп келді. Туыстарымыздың көбісі осында тұрады.

Мен Анкарада туып өстім. Өзім Түркияның азаматымын деп мақтанамын, бірақ әзірбайжан екенімді әрқашан айтамын.

Түркия ― өзінің азамматтарына ғана емес, басқа жақтан келушілер үшін де жақсы жағдайлар жасайтын керемет ел. Көшіп келгендер үшін Түркияның саясаты жұмсақ. Бұл орайда мемлекет он үздік елдердің қатарында.

Ел табиғатымен танымал. Түркияда тауларды, теңізді, шөлді, ормандар мен көлдерді көруге болады. Климат жағдайлары алуан түрлі, әрбір адам өзіне сай аймақты таба алады.

Анкара ― басты саяси және ісккерлік оқиғалар орын алатын үлкен қала. Анкарада заңгер қызметін атқарып, барлық заң жобалармен танысып, жаңа стратегиялық әрекеттерді жасап шығару мүмкіндігіне иемін.

Қала туристік тартымдылығымен де танымал. Миллиондаған адамдар Ататүрік мұражайын, Арсланхане мешітін, Анкара сарайын көру үшін әртүрлі елдерден келеді.

Қаладағы сүйікті жерім – Салман көшесі. Маған қаланың ырғағы ұнайды.


Ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайында


Әзірбайжандар Түркия аймағында көп жылдар бойы тұрып жатыр. Біздің халықтар – ағайынды, біз түркілерміз, біздің ата-бабаларымыз бір. Түркиядағы әзірбайжандардың менталитеті түріктерге ұқсайды.

Үлкен қалаларда халық мәдениеттері арасындағы шекара жойылады, біз әлем азаматтарына айналамыз


Үлкен қалаларда халық мәдениеттері арасындағы шекара жойылады, біз әлем азаматтарына айналамыз. Ұқсастықтар мен айырмашылықтарды шеткі аймақтарда, шағын қалалар мен ауылдарда сезуге болады.

Той – ең жарқын және бұрыннан қалыптасқан мейрам болып табылады. Әзірбайжан тойы бірнеше кезеңнен өтеді:

― алдын-ала хабарлау

― кіші құдалық

― құдалық

― кішігірім неке қию

― мерекелік дастархан.

Барлық кезеңдер сақтала бермейді, бірақ әзірбайжандар салт-дәстүрлерді ұстануға тырысады.

Әзірбайжандар және түріктер – қонақжай және мейріміді халық. Біз үшін ққонақ – үйге қуаныш әкелетін киелі адам. Сол себепті біз әрбір қонақты қуанышпен, құрметпен қарсы аламыз.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.

ОСЫ МАҚАЛАМЕН ОЛАР ОҚИДЫ
Алакөлде демалу: қалай бару, қайда демалу және оның құны
Алакөлде демалу: қалай бару, қайда демалу және оның құны
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
Дербес саяхаттың артықшылықтары мен кемшіліктері: сапар алдында не білу керек
«Алтын виза» дегеніміз не және ол қай елдерде жұмыс істейді
«Алтын виза» дегеніміз не және ол қай елдерде жұмыс істейді
Цифрлық көшпенділерге арналған визалар: 2024 жылы қайда көшуге болады
Цифрлық көшпенділерге арналған визалар: 2024 жылы қайда көшуге болады
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек
Егер сіз шетелде төлқұжатыңызды жоғалтсаңыз не істеу керек