Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)

Жылқы еті туралы не білу керек?
26291

04.09.2019

Жылқы еті туралы не білу керек?

Аспаз Ботагөз Абушахманова жылқы етін қалай таңдап, қалай сақтау керек екенін және жылқы етінен қандай тағамдар әзірлеуге болатынын айтып берді.


Ботагөз Абушахманова, 29 жаста, аспаз

Жылқы еті туралы не білу керек?

Жылқы еті ақуыз, фосфор, темір және аминқышқылдар сияқты пайдалы заттар мен дәрумендерге бай. Ежелгі замандағы көшпенділер негізінен жылқы етімен тамақтанған және денсаулықтары мықты болған. Бұндай тағам көптеген заманауи дәрілердің орнын баса алатын.

Еттің сапасы, ең біріншіден, малды бордақылауға байланысты. Сапалы және жаңадан сойылған жылқы етін қызғылт түс ерекшелендіреді. Майлары ақ болуы керек, бұл екі жылдан аспаған жас мал етінің көрсеткіші болып табылады.

Еттің үш түрін атап өтуге болады: бір жасар, екі және үш жасар жылқы еті. Малдың жасы қаншалықты үлкен болса, еті соншалықты қатты болады. Отбасыңыз үшін екі жасар жылқының етін алуға болады. Етті таныстардан немесе малды қалай өсіретінін білетін фермалардан алғаныңыз жөн, себебі еттің сапасы жасына ғана емес, сонымен қатар оның қалай баптап бағылатынына да байланысты.

Жылқы еті туралы не білу керек?

Жылқы етінің негізгі мүшелері:

жал

жая және жамбас

қазы және шұжық

қарта

жауырын

омыртқа

белдеме.

Қонақтарға етті дәстүрлі реттілікті сақтап ұсынады. Табақ тартудың үш түрі бар: бас табақ, сый табақ және жәй табақ. Бас табаққа шеке, жамбас, және омыртқа салынады. Сый табаққа белдеме, жауырын, жілік және жәй табаққа туралған ет, жауырын салынады.

Жылқы етінен бешпармак, нарын, кеспе, қуырдак және тағы басқа тағамдарды әзірлеуге болады.

Мал сойылып, мүшелерге бөлінгеннен кейін, етті дұрыстап жуу керек. Кейін етті тұздап, тоңазытқышқа салу керек. Осылайша ет 3-5 тәулік сақталып жатады. Тұздалмаған ет келесі күні бүліне бастайды. Немесе етті мұздатып қоюға болады. Мұздатылып қойылған жылқы етінің пайдалы қасиеттері екі аптадай сақталып тұрады.

Әрине, Қазақстанның әрбір аймағы өзінің етін мақтайды. Бірақ, менің ойымша, жылқылар үшін ең жақсы жағдайлар оңтүстікте бар – бұл жұмсақ климат, көк шөпке толы жайылымдар.

Меню

Істер

Қала 24

Шолу