facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhyl-sayyn-demalystaryn-t-rkiyada-tk-zet-n-aza-standy-tar
logo
Жыл сайын демалыстарын Түркияда өткізетін қазақстандықтар

18.05.2019

Жыл сайын демалыстарын Түркияда өткізетін қазақстандықтар

Диана Кабиева, 20 жаста, туған қаласы — Астана, Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетінің 4 курс студенті


IMG_1680.JPG

Демалысты жоспарлау жайында


Біз отбасымызбен саяхаттауды жақсы көреміз, әртүрлі елдерге барып жүреміз. Әрине, қыс кезінде жылы жерлерде демалуды жөн көреміз.

Біз әртүрлі елдерде болдық және он жыл бойы жаз мезгілінде Түркияда демаламыз. Менің ойымша, бұл елде жақсы және аса қымбатқа түспейтін демалысты өткізуге болады. Түріктер қонақжай халық және барлық саяхатшыларды жақсы қабылдайды.

Біз алғашқы рет Сиде қаласында демалдық, сол жерде аумағы үлкен, бассейні, тамақтануы жақсы мейманхана болды. Бірақ Белекеде сияқты мейманхананың сыртында қызықты жерлер болған жоқ. Белек мейманханадан шықпайтын саяхатшыларға арналған. Ал маған жағажайдағы демалысты белсенді демалыспен қатар алып жүру, яғни әртүрлі экскурсияларға бару ұнайды.

Отандастарымыздың арасында Кемер танымал орын болып табылады. Бұл кез-келген дәрежедегі мейманхананы таңдауға болатын әдемі, жайлы курорттық жер. Бірақ таулары жақын орналасқандықтан, маусымның басында және соңында ауа-райы өзгеріп, кейбір кезде жаңбыр жауады.


Түркияда демалудың артықшылықтары


Түркиядағы демалыс – бағасы сапасына сай келетін демалыс. Мейманханалардың таңдауы көп, «барлығы қосылған» жүйесімен жұмыс істейді, жағажайлары таза.

Тағы бір артықшылығы – балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Балаңыз жайында алаңдамай-ақ қоюыңызға болады, себебі мейманханалардың аумағында аниматорлар, тәрбиешілер, бала күтушілер жұмыс істейді. Балалар үшін ойындар, байқаулар, жүзу және аспаздық сабақтары өткізіледі. Балалар көңіл көтеріп жүрген кезде, ата-аналар бассейннің жанында немесе жағажайда демала алады немесе экскурсияға, мейрамханаға бара алады.

IMG_4965.JPG

Түркияда ешқандай тілдік кедергі жоқ және әрине, көбісі бұл елдегі қымбатқа түспейтін шопингті жақсы көреді.


Түркияда демалуды жоспарлайтын адамдарға кеңес


Менің ойымша, бріншіден, турфирмаға назар аудару керек және бірнеше жыл жұмыс істеп, жақсы атаққа ие болған турфирманың қызметіне жүгіну керек.

Анталияға келген кезде, сізді гидтер қарсы алады, автобустарға отырғызып, мейманханаға апарады. Жолшыбай қаладағы көшелер бойымен өткізілетін экскурсияларға қарағанда бірнеше есе қымбатқа түсетін экскурсиялар жайында айтады. Біз экскурсияларды таныс адамнан аламыз. Олардың фирмасы Кемерден Анталияға дейін және әрі қарай Аланияға дейінгі барлық жағалауларда қызмет көрсетеді.

Түркияда мейманханалар көп, олар бүкіл жағалау бойынша орналасқан. Мейманхананы таңдау қалай және кіммен демалуды қалайтыныңызға байланысты. Егер отбасыңызбен барсаңыз, Alva Donna World Palace мейманханасын таңдаған жөн. Достарыңызбен кез-келген арзан мейманханаға бара аласыз, бастысы ол туралы пікірлерді алдын-ала оқып алу керек.


Замзагүл Рахимбаева, 33 жаста, туған қаласы — Қарағанды, қайырымдылық


Замзагуль 1.jpeg

Демалысты жоспарлау жайында


Біз отбасымызбен жыл сайын Түркияға барып демаламыз. Еңбек демалысына шілде немесе тамыз айында шығуды жөн көреміз,. Демалысымызды тек турфирмалар арқылы жоспарлаймыз, бұл ең ыңғайлы тәсіл.

Мейманханаларда көптеген әйелдер сияқты күннің астында жатып, SPA-процедураларға, моншаларға баруды ұнатамын. Оған қоса дүкендерді аралап, жақындарыма сыйлықтар алуды жақсы көремін.


Түркияда демалудың артықшылықтары


Түркия демалыс үшін ең жақсы жер деп санаймын, себебі төлейтін сомаң үшін демалып қана қоймай, шынымен көп эмоцияларға, шабытқа ие боласың және жаның мен денең шынайы демалады. Түркияда балалармен де, оларсыз да мінсіз демалу үшін барлық жағдайлар жасалған.


Түркияда демалуды жоспарлайтын адамдарға кеңес


Түркияда болмаған барлық адамдарға міндетті түрде сенімді турфирмалар арқылы ұшуға кеңес беремін. Сонымен қатар сақтандыруды істеп, дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру маңызды, себебі Түркияда дәрілер ерекшеленеді және бағалары қымбат.

Сонымен қатар өзім демалған мейманханаларды атап бере аламын : Calista Luxury Resort 5*, Radisson Blu Resort & Spa Cesme 5*, Oueen's Park Goynuk 5*, Alva Donna Exclusive Hotel & Spa 5*, Crystal Sunrise Oueen Luxury Resort & Spa 5*. Сол жерлердің тағамдары дәмді және қызмет көрсетуі жоғары деңдейде. Бұл мейманханаларда демалу тек рахатқа бөлейді.


Қымбат Әбілхамитова, 19 жаста, туған қаласы — Астана, медициналық университеттің студенті


WhatsApp Image 2018-08-29 at 19.52.51.jpeg

Демалысты жоспарлау жайында


Мен жылына бір рет, жазда, каникул кезінде демалысқа шығамын. Біз отбасымызбен теңіз жағасында демалуды жөн көреміз, сол себепті Түркияда жиі демаламыз.


Түркияда демалудың артықшылықтары


Түркияда барлығы қолжетімді жерде орналасқан. Қызмет көрсету деңгейі жақсы, бағалары қолжетімді, балалар төбешіктерінен бастап белсенді демалыстың экстремалдық түрлеріне дейін ойын-сауықтардың таңдауы көп, жазда да, суық күндері де демалу үшін климаты ыңғайлы, сәулеті қызықты, әрбір қаланың атмосферасы және халқының қонақжайлылығы ерекше.


WhatsApp Image 2018-08-29 at 19.52.53.jpeg


Түркияда демалуды жоспарлайтын адамдарға кеңес


Біз бесінші жылы бір турфирмамен жұмыс істейміз және олар бір де бір рет бізді алдаған жоқ. Бірақ барлығын өздігінен жоспарлап қоюға болатынын естідім. Меманхананы тауып, нөмірлерін алдын ала брондап, ұшаққа билеттерді сатып алуға болады. Осылайша әрекеттер көбейгенмен, әлдеқайда арзанырақ шығады.

Интернетте мейманханалар туралы жаңадан шыққан пікірлерді оқуға кеңес беремін, жағажайға жақын орналасқан мейманханаларды таңдаған жөн. Сыйлықтарды базарларда алуға болады, сол жерде таңдау да көбірек, бағалары да арзанырақ.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.