Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі және ҚР аумағынан тыс жерлерде иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Төлқұжат 10 жыл мерзімге беріледі. Төлқұжаттың қолданылу мерзімін өкілетті орган тағы бір жылға ұзарта алады.
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды.Қазақстан Республикасы аумағында ұдайы тұратын барлық азаматтардың жеке бас куәлігі болуы тиіс. Жеке бас куәлігі 10 жылға беріледі.
Жеке куәлік немесе төлқұжат алу үшін сізге тұрғылықты жеріңіз бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бару қажет. Жеке куәлік алу үшін қандай құжаттар талап етілетіні туралы «Паспорт, жеке куәлік алу» қызметінің сілтемесі бойынша білуге болады.
16 жасқа толғаннан кейін бірден барлық қажетті құжаттарды тапсыру ұсынылады.
Егер сіз жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалту немесе ұрлану жағдайына тап болсаңыз, қандай әрекеттер жасау керектігі туралы "Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру" мақаласынан біле аласыз.
Егер сіз жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен 10 күннен 1 айға дейінгі мерзімде тұрған жағдайда - ескерту жасалады,ал аталмыш мерзімнің аяқталуы бойынша 7 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр боласыз. Әкішілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде жасалған осы сияқты бұзушылық үшін 13 АЕКмөлшеріндегі айыппұл салынады.
Азамат жеке куәлікті ресімдеу үшін тек 16 жас мерзімге толуы бойынша ғана жүгіне алады, осы уақытқа дейін оған құжат берілмейді. Егер азамат 18 жасқа толғанда жеке куәлікті алуға бірінші рет жүгінсе, одан сондай-ақ 5 АЕК мөлшеріндегі әкімшілік айыппұл алынады және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ол құжаттардың келесі тізімін ұсынуғаміндеттенеді:
— жеке басты куәландыратын құжатты уақытылы алмау себептерін көрсетумен ерікті нысандағы өтініш
— тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орындарын көрсетумен толық өмірбаян
— мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі
— туу туралы куәлік
— әскерге шақырушыларды тіркеу куәлігі немесе әскери міндеттілерге арналған әскери билет (немесе әскери есеп турады мәліметтерді растайтын құжат)
— ата-анасының бірінің жеке басын куәландыратын құжат.
16 жасқа толуы бойынша жеке куәлік алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
— мекенжай анықтамасы
— баланың тууы туралы куәлік
— ата-анасының бірінің жеке куәлігі
— 0,2 АЕК мөлшеріндегі жеке куәлік үшін мемлекеттік баж алымды төлеу туралы түбіртек
— паспорт (бар болса).
16 жасқа дейінгі балаларға паспорт ресімдеуге арналған құжаттар тізбесі:
— туу туралы куәлік (көшірме және түпнұсқа салыстыру үшін)
— ата-анасының бірінің жеке куәлігі (көшірме және салыстыру үшін түпнұсқа)
— мекенжай анықтамасы немесе тұрақты мекенжайды растайтын азаматтарды тіркеу кітабы (көшірме және салыстыру үшін түпнұсқа)
— 4 АЕК мөлшеріндегі паспорт үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек.
Құжаттарды ресімдеуде баланың болуы міндетті.
Паспортты оның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін ауыстыру қажет болса
Бұл азаматтың шетелге ұзақ кезеңге шығуына және оның паспортының мерзімі шетелде болғанда аяқталуына байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол оны сапары аяқталғанға дейін ауыстыруы тиіс. Құжатты кез келген уақытта оның жарамдылық мерзіміне қарамастан ауыстыруға болады. Ол үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ келесі құжаттарды ұсыну қажет:
— мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабы (көшірме және салыстыру үшін түпнұсқа)
— жеке куәлік (көшірме және салыстыру үшін түпнұсқа)
— 4 АЕК мөлшеріндегі паспорт үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек
— 3,5х4,5 өлшемді 3 фотосурет.
Фотосурет және мекенжай анықтамасын барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін бірден «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жасауға болады.
Азаматтыққа тиістілікті тексеру және растау
Егер жеке куәлік алуға бірінші рет жүгінген адам 18 жасқа толса, онда оған қатысты құжаттарды ресімдеу туралы шешім тек тұлғаны тексергеннен кейін ғана қабылданады. Құжаттандыру және халықты тіркеудің уәкілетті қызметкері тексеруі барысында жақын туысқандарын (бір немесе одан да көп) кемінде үшеуін қатыстырумен, мүмкіндігінше оған ұқсас басқа адамдардың фотосуреттерімен біруақытта қойылатын оның фотосуреті бойынша азаматтың жеке тұлғасын тану хаттамасы құрастырылады, олар болмаған жағдайда - азаматты кем дегенде бес жыл білетін адамдарды қатыстырумен құрастырылады.
Дереккөзі:egov.kz