Қазақстандық жастармен танысуды жалғастырамыз. Олардың жазға қандай мақсат қойып, қандай жетістіктерін мақтана айтатындарын сұрап-білдік.
Тимур, 17 жаста, қаласы — Алматы, мобилограф, @timaale0
Мен мобилографпын. Биыл жазда уақытымды толығымен жұмысқа арнадым, сондықтан мен қыдыруға сирек шықтым. Алғаш рет Бірінші мамыр тоғандарына бардым. Ол жақта күн таңғажайып әдемі батады, оған қоса атмосферасы да жайлы.
Жазда көптеген жоспарларым болды. Менің алдыма қойған ең маңызды мақсатым iPhone 14 Pro сатып алу еді. Нәтижесінде мен оны жоспарланғаннан ертерек сатып алдым. Оған қоса анам мен әпкеме телефон сатып алдым және оны мақтан тұтамын.
Өмірде әрекет жасағанда бәрі өзгеретінін түсіндім. Жауапкершіліктің де не екенін де сезіндім. Биыл мектеп бітіріп, университетке түстім. Есейдім, сондықтан мен жаңа кезеңді, жаңа таныстарды, болашағыма деген жауапкершіліктің жаңа деңгейін асыға күтемін.
Адика Кауашев, 18 жаста, қаласы — Алматы, @adika1x
Мен TikTok-автормын. Осы жазда бірнеше жылдан бері алғаш рет жұмыс жасамай, тек шығармашылықпен айналыстым. Аудиториямды 500 000 жазылушыға дейін өсіруді жоспарладым, сондықтан достарыммен көп контент түсірдім. Нәтижесінде мақсатыма жетіп, уақытымды тамаша өткіздім. Қазір профилімді жарты миллион адам оқиды. Бірақ бұл басы ғана, келесі мақсатым — миллион.
Осы жазда алғаш рет Ақтауға бардым, бұл ұмытылмас саяхат болды.
Жаздың нәтижесінде жазылушыларыма көбірек видео түсіруге мотивация алдым.
Толғанай, 16 жаста, қаласы — Астана, @luacheia_7
Мен мектепте оқимын, 11-сыныпқа көштім. Өте белсендімін, адамдармен тез тіл табысамын, сондықтан волонтерлік жұмысты ұнатамын.
Жазды Абай ауданы жағындағы Алакөлдің жағасында өткіздім. Отбасымыздың бизнесі бар — жағалаудағы демалыс үйі, біз мұнда үш жыл қатарынан жұмыс істеп келеміз. Сондықтан мен әр жазды сонда өткіземін. Осы жылы мен әкімші және даяшы болып жұмыс істедім, ыдыс жудым, еден жудым, кейде тіпті бұрандағышты алып, бірдеңелерді жөндедім, кейде әкеме немесе асүйде тамақ әзірлеуге көмектестім.
Таңертең жетіде тұрып, кеш ұйықтайтынбыз. Жұмыстан бөлек, күнде суға баратынбыз. Алакөл жағасында танымал әртістер келетін Alazone Arena бар. Сондықтан концерттерге жиі баратынбыз, олардың бәрі де керемет есте қалатын. Мен тіпті De lacure-мен суретке түстім. Осылайша, ұмытылмас эмоциялар алдым.
Тағы бір есте қалатын оқиға — әпкемнің туған күні. Ол достарын қонаққа шақырып, біз үш күн бойы ұйықтамадық, дискотекаға бардық, серуендеп, күннің батуын тамашаладық және суға түстік. Таңертең ерте келіп, таңғы асқа қажеттінің бәрін дайындап, содан кейін ғана ұйықтайтынбыз. Жаз көңілді өтті.
Адамдармен араласып, көп тәжірибе жинадым. Қазір күздің басталғанына қуаныштымын. Мектепті жақсы бітіріп, грантқа түсуді жоспарлап отырмын.
Айсар Жеңіс, 18 жаста, қаласы — Астана, @aisar.z
Мен спортшымын. Осы жазда жарыстарда алған жарақатымнан айығып, өзімді дамытумен айналыстым. Денсаулығымды күту керек екенін түсіндім, себебі қалпына келтіру процесі өте қиын болды.
Осы жаздың басты оқиғасы кәмелеттік жасқа толуым болды. Бірден жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсырдым. Сондықтан түнде қаланы аралап, ең жарқын әсер алдым.
Осы жазда мен жаңа хоббиім пайда болды. Музыкаға қызығып, ән айта бастадым және жаман айтпайтын сияқтымын.
Қазір мен өзімді жаңа жетістіктерге 100% дайын сезінемін.